ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет113/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч. Собр. соч. Т. 1. С. 391. 


354 
өндіріс әдісі мен сипаты бойынша біртектес дерлік көшпелі әлемнің 
тайпалары мен халықтарын біріктірген, сол үстемдік еткен идеялар 
мен мұраттарды қамтымауы мүмкін емес еді. 
Әлем суреттемесін берген кездегі антагонизм дегеніміз
әлеуметтік антагонизм көрінісі: аңдардың күресі, оларды бейнелеудегі 
экспрессивтік – бұл қажетті кульминацияға жеткізілген қоғамдық дау, 
әлеуметтік күштердің, өнегелік ережелерінің – жақсылық пен 
жамандықтың күресі. Сонымен қоғамдық күштердің күресінің 
динамизмі шығармашылық аллегория тілімен жанама түрде – 
табиғаттың дауласушы күштері арқылы беріледі. Мұндай анималистік 
әдіс, мысалы Элладаның құл иеленуші полистерінің әдеби 
дәстүрлерінде кең қолданылған, атақты құл Эзоп атымен байланысты, 
олардағы кіші жанрда: анекдот, мысал, повесть, өсиет әңгіме 
кейіпкерлерінің рөлі бірыңғай жануарларға берілген. Жануарлардың 
образдарының ауызша әдебиет формаларында неше антикалық 
көшпелілердің басқа көркем ойлау түрлерінде қатысуы қаншалықты 
заңдылық екендігі әбден анық белгілі емес, бірақ көшпелілердің бүкіл 
материалдық мәдениеті мұндай заңдылықтың болуын көшпелі 
халықтардың өнерінің ең басты ерекшелігі ретінде көресетеді.
Көшпелі халықтардың өнерінің зооморфты сипаты оның 
жабайылығы мен дамымағандығының дәлелі емес. Дала суретшілерін, 
жалпы суретшілерді абстактылы жануарлар емес, ал адаммен белгілі 
бір байланысы бар, яғни даму бастамасы үшін игілік немесе 
жамандық ретінде құндылықтық қатынаста қамтылған жануарлар ғана 
қызықтырған. Бұл байланыстар, табиғаттың, адамның қызметінің 
өзара әркекеттістігіне сәйкес келетін, рухани құндылықтардың 
қалыптасуын ұйғарады. 
Эстетикалық құндылықтар адамның 
құндылықтық қатынастарын ғана емес, сондай-ақ олардағы 
индивидумның жеке орнын, ол үшін эстетикалық қатынас болмыста 
өзін нығайту құралдарының бірі болғандығын түсіну синтезін 
көрсетеді. Қоршаған ортаны эстетикалық игеру оны әсемдік 
атрибуттарымен толықтыру нәтижесінде орта бөтен және танылмаған 
болуын қояды. Ол көшпелілер әлемін жүйеге келтірді, оны 
табиғаттың бір бөлігі етті. Көркем қорытындылау және оның
эстетикалық мәнін түсіну жолымен адам мен табиғаттың айқын 
«қайшылығы» шешілді. Дала өнерінің барлық тарихи-мәдени даму 
кезеңдерін бір байламға байлаған, зооморфты стиль, оның өзіндік 
ерекшелігін айқын көрсететін, тағы бір жағын көтереді. Көшпелі 
шаруашылықта мал ең басты материальдық құндылық болған, тікелей 
әрі «өзінен-өзі ақиқат» мақсат және шарушылық нәтижесінің жемісі. 
Қоғамдық 
өндірістің 
жемісі 
әрі 
мақсаты 
ретінде 
олар 
ортақтастырылған, «заттық болмысқа» немесе «адамның заттық 


355 
егізіне» айналған. «...Заттық болмыс үшін адамның мәндік күштерінің 
болмысына, адамның қызметіне және, әрине оның жеке мәндік 
күштерінің болмысына айналуы барысында, барлық заттар ол үшін 
өзін-өзі заттандыруы, оның даралығының бекуі мен орындалуы, оның 
заттары болып табылады, ал бұл дегеніміз, заттың оның өзі 
болғандығын білдіреді»
1
.
Адамдармен қатынастар жүйесіне түскен жануарлар адамдарда 
өздеріне деген өсімтал эмоциональдық қатынас тудырмауы мүмкін 
емес еді. Олар, Гесиод поэмасында және Заратустра қағидаларында, 
табыну дәрежесіне жеткізген еңбек түрі – егіншілік заттарының, 
құрал-саймандары мен объектілерінің дәріптелуі сияқты, көшпелі 
малшыда дәріптеушілік сезімін тудырмауы да мүмкін емес еді. 
Жануарлардың персонификациялануы, оларда адамдық мәннің 
болуы, позитивті және негативті этикалық cубстанцияларды және 
сипаттарды жануарларға аудару, жануардың сипаттарын адамның 
этикалық субстанцияларымен идентификациялау барлық халықтарға 
тән болған. Көшпелі халықтардың эпикалық дәстүрлері осыған мысал 
бола алады, мұнда эстетикалық бастаулар кең көлемді көрініс тапқан, 
мысалы, бас кейіпкер образын толықтыратын, кейде оның егізіндей 
болатын, ат бейнесі. 
Өнер, болмыс бейнелеуінің ерекше түрі болғандықтан, қоғамға 
қажеттіні, маңыздыны шығаруға бейімделген еді. Көшпелілер өнері 
мазмұнының анимализмі оның көшпелі әлемнің шаруашылық 
қызметімен байланыстылығымен ғана түсіндірілмейді. Белгілі бір 
қырынан ол адам мен жануар арасындағы балансты көрсетеді, өйткені 
өнер саласына жануар алдын ала әлеуметтік тәжірибе үрдісінде 
материальдық және рухани өңдеусіз кіре алмайды.
Өнер адамды әлеуметтендіреді. Онда индивид өзінің қоршаған 
адамдармен, 
қоғаммен 
ортақтығын 
түсінеді. 
Малшылардың 
шығармашылығында коллективизм идеясын түсіну былай болады, 
адамдар қауымдастығына, әдетте, тотем және ата тегі ретінде жануар 
кіреді. «Жануарлық форма көркем суреттеудің ең басты 
ингредиенттерінің бірін құрайды, әйтсе де, дамудың кейінгі 
барысында ол рәміз ретінде ғана және адамдық формаларға 
байланысты пайдаланылды»
2
, – деп жазды Гегель. Жануар бейнесінің 
идеялық-көркемдік өңделуі жануарлық форманы сезімдік-көрнекі 
көрсету негізінде де туады.
Жануар табиғат туындысының кемелді үлгісі ретінде өзі де 
эстетикалық 
қасиеттерді 
тасымалдаушы 
рөлін 
атқарады 
– 
симметриялар, 
пропорциялар, 
бөліктер 
мен 
оны 
құраушы 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет