ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет116/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Маркс К., Энгельс Ф. Из ранних произведений. М., 1956. С. 593. 
2
Бартольд В. Китаби –Коркуд. СПб, 1890. С.51. 
3
Белинский В.Г. Полн. собр. соч. М. 1953. Т. 6. С.. 584—585. 


363 
Мифтерде адам табиғатты интунтивті таниды, Әлемді, Ғарышты, 
Ғаламды ассоциациялармен, өте бай қиялмен қамтып алғысы келеді. 
«Дүниені тануға деген жоғары ұмтылыс» (Абай), оны ашуға деген 
құштарлық, оның түрлі қырларымен ләззаттану дала фольклорының 
белгісіз жасаушыларын жігерлендіріп отырды. Таулар мен далалардың 
мүлгіген әлемімен, оның толыққанды стихияларымен күресі және 
қосылу сезімі, табиғи ырғақтар мен циклдерге бағыныштылық, тірілу 
мен өлудің мәңгі айналымдағы өмірдің табиғи ағынында үйлесімді болу 
ежелгілердің дүниені қабылдауы үшін сипатты. Еңбекте, жасампаз 
әрекетте адам өзінің табиғаттан тәуелділігінен арылады. Әлемге 
қатысты ол әмбебаптылығы мен білімімен, дағдыларымен анықталады. 
Адам - шексіз әлемнің орталығы, онда жоғалып кеткен бір тіршілік емес, 
ол оларды бірден қамтып өту мүмкін емес, мәңгі аспан, шексіз дала 
сияқты, құдіретті және шектелмеген, оның бөлігі «Мен – құдіреттімін, 
тек мен тағдырды сараптай аламын, кім далада туса – оның күштері де 
орасан зор!» – дейді, мақтанышпен Гильгамеш туралы эпостағы тау мен 
дала ұлы, ежелгі көшпелі Энкиду
1
. Әлем адаммен салыстырғанда тым 
аумақты. Бірақ «іс-әрекетте, бүкіл әлеммен бірегейленуде адам өз 
мәнінің шыңдарына дейін көтеріледі. 
Табиғатты қабылдауда, терең өзгерістерге ұшыраған, әлеуметтік 
шындықтың әсері қашанда сезімді. Табиғатты көркем көре білу, 
эстетикалық мұқтаждықтар, мақсаттар мен мұраттар тарихи нақтылы 
және адамның сезімдік-практикалық әрекетімен себептелген. Дүниеге 
эстетикалық қатынастың өзі әлеуметтік-тарихи қатынастардың негізінде 
өсіп шығады. Кейін қазақ халқын құрастырған тайпаларда, рулық 
дәстүрлер ерекше қуатты болды. К. Маркс пен Ф. Энгельс бұл жүйенің 
ғасырлар бойында жоғары өміршеңдігін және беріктігін атай келе, 
шығыстық, азиялық қоғамды ауылдық қауымдар жүйесі деп атады»
2

Алғашқы-қауымдық және патриархалды-феодалдық құрылыс – қазақ 
өнерінің тарихи негізі болған, екі басты формациялар. 
Өз дамуында ол заттарды фетишизациялау, мотивтерді 
қаһармандық өңдеудің анималистік тақырыбы кезеңдерінен өтеді. Миф 
этика мен эстетиканың тұтастығында, жанрлық ажыратылмағандықта, 
өлім мен өмірдің мәңгі ауысуына қызығуында, жануарлардан, 
титандардан, құдайлардан пайда болуда, органикалық және органикалық 
емес табиғаттың бірлігінде – осының бәрінде, тұтас ежелгі өнерге тән, 
ортақ белгілер мен заңдылықтар көрініп тұр. Сол мезгілде қазақ өнері 
айрықша және қайталанбайды. Әлеуметтік институттар, өмірдің көшпелі 
салты, дүниетүйсіну мен өзін танудың ерекшеліктері ғарыштың ұлттық 
суреттемесін жасап шығаруға себепші болды. 
1
Эпос о Гильгамеше. М., 1961. С. 13. 
2
Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.д. С.134. 


364 
Көшпелілердің фантастикалық бейнелерінде (Эбалгер, Жалмауыз 
Кемпір, Жезтырнақ) – дала стихияларының алыптылығы салынған. Жер 
күштерін бастапқыда оның міндеті игілікті және ізгілікті болған, бәрінің 
алғашқы тудырушысы Жалмауыз Кемпір кейіптейді. Патриархат 
орнаған соң, ол зұлымдықпен теңестіріледі, адамға жау күш ретінде 
көрсетіледі. 
Дала тайпалары дүниені үш бөлікке бөлді: жер беті, жер асты және 
аспан, олар бірегей және бірдей маңызды. Ежелгі түсінікте үш қабатта 
да, жердегіге ұқсас, әлемдер бар. Жер бетінде жер астына қарай тесіктер, 
жолдар, жырылыстар бар. Тұлпардың астынан жер екіге айрылып кетті. 
Атымен бірге Ер-Төстік жер астына құлады. Төмен қарай олар ұзақ 
құлдырады. Ақырында тоқтады»
1
. Жер асты әлемі, «жетінші жердің 
қойнауы, номадтардың түсінігінде - әлемдік құрылыстың түбі». Аспан 
қабаттары жеті, бәрінің үстінде – қозғалмайтын жұлдыздар әлемі. 
«Қырандар жігітті қанаттарына отырғызды да, жетінші аспанға 
көтерілді»
2

Космогониялық аңыздарда және әфсаналарда көптүрлі қуып 
жетулер туралы, жерді ұстап тұрған, алып жануарлар (өгіздер, бұғылар) 
туралы баяндалады
3
.
Әлемді фантастикалық және көптүсті бейнелейтін ертегі де мифке 
жақын. Тірі организм ретіндегі дүние туралы ежелгі түсініктердің 
жаңғырығы, хтонизм, стихияларды кейіптейтін құдайлар, қоршаған 
нәрселер мен құбылыстарды фетиштеу және сиқырлы ету, материя 
формаларының тұтасып кетуі, кесір күштерге (құбыжықтар, албастылар, 
т.т.) сену қазақтың таңғажайып ертегісі үшін сипатты.
Батырлардың ғажайып тірілуі – фольклорда жиі кездесетін 
тақырып. Сонымен бірге адамның жануарларға үйленуі сияқты ғажайып 
тақырыптар, адамдарға көмек беретін, оны керемет қуаттылықпен 
қаруландыратын, ізгілікті және құдіретті тотем-аңдарды құрметтеу де 
кең тарады.
Жаратылыстан тыс күш пен білімді ертегі кейіпкері тікелей 
табиғаттан, өз тотемімен қатынаса отырып алады. Бұл үшін ол немесе 
аңның құрсағына ену керек, немесе одан құдіретті рәмізді – құс қанатын 
немесе аң жүнін – алуы керек. Адам тірі емес материяның, сөздің 
мағынасына шынайы сенеді. Ежелгі халықтардың сенімі мен 
дәстүрлеріне сай табиғатта тұрақты түрде оның формаларының басқа 
түрге енуі, жан алмасуы, бөтен кейіпке ену жүріп жатады. Магиямен, 
аспанға, тауға табынумен және қасиетті жануарлар культі, әруақтарды 
1
Казахские народные сказки. Алма-Ата, 1958. Т.1. С.16. 
2
 Сонда, 147-148 бб. 
3
Жер үлкен көлде жүзіп жүреді, оны мүйіздерімен, сиқырлы жайын таста тұрған, алып бұқа ұстап 
тұрады. Қашан өгіз шаршағанда, жер сілкінеді. (Қар.: Казахский фольклор в собрании Г.И. Потанина. 
С. 297.) 


365 
құрметтеумен қосылған, шаманизм адамзат ойының сәбилік шағын 
білдіреді. 
Мифтер мен ертегілерде адам қоршаған дүние мен қоғамды өзінше 
түсінуін білдіреді. Аңшы-батырлар тек жер бетінде әрекет етпей, жер 
асты әлеміне түседі, одан қайтып шығады, аспанда, су астында, 
құбыжықтардың аспандарында өмір сүреді. Сол атаудағы ертегі 
кейіпкері Ер-Төстік, олардан құламай өте алмайтын, жер асты 
дүниесінің шөлейіт даласы арқылы, оның үстінен қарсы ұшып өте 
алмайтын, өтілмейтін өлі шөл арқылы, жер бетінде жердегі сияқты, 
оның өз аспаны бар. «Алыстағы жер астындағы елде алтын ағаш өсіп 
тұр», - делінеді «Күнікей сұлу» ертегісінде
1

Шеңбермен өмірдің мәңгі айналымы, жарық пен қараңғының, күн 
мен түннің ырғақты ауысуы сипатты. Күн аспанда өз жолымен жүреді, 
кейін жер астында, өлілер әлемінде қозғалысын жалғастырады. Ол жер 
астына кетеді, одан көтеріледі, өледі және тіріледі. Дәл солай қайтыс 
болған кейіпкерлер де магияның көмегімен тіріледі, өмірге қайтып 
келеді. Арғы тектердің рухы нақтылы адамдар мен жануарларға ұқсас. 
Олар қоректенумен сусындануға зәру, тірілер сияқты әрекет етеді. 
Адами түсініктегі табиғи стихиялар ізгі және зұлым құдайлармен, 
құбыжықтармен теңестіріледі. Әрбір руда, әрбір адамда өз жебеушісі – 
тотемі болған. Бұл жебеуші – құдайлар аспанда өмір сүреді, жер бетіне 
және жер астына түседі, өледі, жоғалады және кейін тіршілкке қайтып 
келеді.
Адамның уақыттағы болашағы ұйғарылады. Шексіз созылған 
уақыт мифтік ретінде көрініс табады, мәңгілікпен теңестіріледі. Оны 
қабылдау шеңберлік сипатта болады. 
Өмірдің мәні мәңгі, уақыттан тыс, бәрі өз ұғынылуы шамасында 
өмір сүреді. Ежелгілер мәңгілік деп өмірлік бастаманың түпсіздігін, 
шексіздігін, берілген әлемнің тағдырлығын есептеді. Оның жерлік
аспандық және жер астылық шеңберлері кереметтер мен айналуларды, 
мәңгі өлу мен тірілуді, туындау мен жойылуды, жандар ауысуын, 
жаратылыстан тыс үйлесулерді талап ететін, барлық заңдылықтарды 
өздеріне енгізді. «Күнікей сұлу» ертегісінің кейіпкері ханды қасқырға, ал 
оның уәзірін түлкіге айналдырып жіберді. 
Жер – құдайлар мен адамдарды тудыратын, өңір. Адамның өзін 
жүзеге асыруында тамаша құрастырылған әлемнің, түпсіз мәңгі 
тіршіліктің түйсігі пайда болады. Құбыжықтар және алыптардың 
үстінен салтанат құруда оның артушы қуаты, табиғат туралы білім 
аумағының ұлғаюы көрініс табады. 
Қауымдық-рулық формацияның ыдырауымен адам мифтік 
дүниетанымнан босай бастайды. Қаһармандардың басты міндетіне 
1
Казахские сказки. Т. 1. С. 111. 


366 
әлемдегі зұлымдықты – табиғаттың дүлей күштерін білдіретін
құдайларға бағынбау, жер мен аспандағы қауіпті құбыжықтарды жою 
жатады. Дірілдеп тұрған тау, ғарыштық құйын суреттері, ол әлі мифке 
жақын, эпоста басымдылық танытады.
Әлемдегі күресуші бастамаларды мадақтау, күресу қажеттілігіне 
сенімділік 
пен 
бұл 
дүниемен 
үйлесімділікті 
сезіну 
эпос 
қаһармандарының табиғатына деген өмірлік – практикалық ұстынды 
білдіреді. Оның аяқталуы мен жетілу тұтастығындағы табиғи, тікелей 
әлем барған сайын жақындай береді. 
Қоршаған дүниемен адамның күресінде табиғат сезімі, оның 
үйлесімділігі, әсемдігі және жетілгендігіне сенімділік арта берді. Өз 
күштеріне сенімділікке ие бола отырып, адам бір кезде құдіретті 
жануарлар дүниесінің қорғаушысына айналады. Оның дүниені 
қабылдауының негізі ретіндегі аң өнерде адам мен әлемнің тең 
ұлылығында көрініс табады. 
Эпикалық дүниетүйсіну рулық қатынастар дәуірін қамтиды. Адам 
әлі өзін индивид ретінде сезінбейді, оның армандары мен үміттерін 
білдіре отырып, ұжымда өмір сүреді. «Индивид ретінде адам тек тарихи 
процесс нәтижесінде жекеленеді. Бастапқыда ол рулық адам, тайпалық 
жан, табындық жануар сияқты алға шығады», – деп К. Маркс жазған. 
Эпоста жалпылық индивидуалдықтан басым. Тұлға әлі бұғаудан 
босамаған, адам өзін табиғаттан, қоғамнан бөлек сезінбейді. 
Эстетикалықтың өзі қоршаған ортаға деген сезімдік-практикалық 
утилитарлық қатынаспен күрделі тоғысқан.
Жануарларды үйрету және жер өндеуді бастаумен адам табиғатқа 
жаңаша қарай бастайды. Оған деген аналитикалық ұстындағы поэзия, 
белсенді қайта құру бастамасы өнерге енеді. Көшпелі қоғамда табиғи 
қатынастар, патриархалдық әлі үстемдік етеді. Оның өнерінде шексіз 
әлемнің құдіретіне деген сенімділік ұзақ ғасырлар бойында сақталады. 
Табиғат сезімі артады, пісіп-жетілген бола бастайды, оның 
жетілгендігіне деген сенім айқынырақ бола берді. «Шығыстың халық 
өмірінің тек бір саласында – руханилықта табиғи бастаманың үстемдігі, 
мәнісінде, шектелмеген еді. Шығыс рухы адамдардың материалдық 
қатынастар жүйесінде табиғи бастамалардың үстемдігін білдіреді; ол 
табиғатта құлдық күйінде тұрды»
1
– деп, М.А. Вяткин атап өтеді. 
Табиғатта тұтқында болуды, оған табынуды, көшпелінің онымен 
үйлесімді бірлікте болуын, осылардың тұтастығында эпос өнері 
бейнелейді. Табиғатқа сену, күмәндану бастауымен лайланбай, 
субьективтіктен алыс, қоршаған дүние құрылысын поэтикалық кейіпке 
айналдырып, тереңдетілген қабылдаудағы жан ырғақтары арқылы 
эпикалық суреттемелерде басымдық танытады. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет