ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Акатаев С. О специфике культуры кочевья //Кочевники



Pdf көрінісі
бет115/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Акатаев С. О специфике культуры кочевья //Кочевники: 
Эстетика. Алматы: Ғылым, 1993. С. 19-31.


358 
Эльвира Шәкенова 
 
ДҮНИЕНІ КӨРКЕМ ИГЕРУ 
Дүниені көркем игерудің бірегей тұтас тарихының айрықша 
парағына, ол ежелгі көшпелілердің де, қазақтар этногенезіне ат салысқан 
көне түркі тайпаларының да көркемдік әрекетін өзіне қосып алған, қазақ 
өнері жатады. Олардың шығармашылық стихиясында халықтың 
эстетикалық тәжірибесі, оның ұлттық ерекшелігінің байлығы ашылады. 
Қазақстан мәдениеті түпнегізді көшпелі-отырықшы тұрмысты және 
оны жасаушылардың үздіксіз сапарын бейнелейді. Түрлі құрамдас 
бөліктердің – қозғалыс пен статиканың – қосылуы қазақ өнерінің 
мазмұнын анықтайды, құбылыс ретіндегі оған тұтастық пен шексіз 
мүмкіндіктер белгісін берді. Көшпелі және отырықшы стихиялардың 
бірлігі халықтың рухани табиғатын айдындады. Бұл жиынтықта 
көшпелілік айрықша рөл атқарады. Тіршілік логикасы – қозғалыс, 
жаңғыру – дүниені танушы, қазақ өнері поэтикалық ерекшелігін 
нәрлендіреді.
Адамзат ортақ тарихи жәйттердің эволюциялық тәжірибесі туралы 
жадыны көшпелі өмір салты қастерлеп сақтайды. Сондықтан 
аңшылыққа, көшпелілікке іштей ыңғай танытумен жеңіл қоштаса 
алмаймыз. Сол арқылы оның ерекшеліктері әлеуметтік-тарихи 
тамырлармен және көркем құралдардың айрықша жинағымен 
байланысты, олардың төлтума эстетикалық тәжірибесімен қоса
Қазақстан номадтарының мәдениеті үлкен қызығушылық тудырады.
Адам мүмкіндіктері байлығын ашу үшін ең жақсы жағдайға 
қоршаған ортаның көптүрлілігі, таным жаңашылдығын қамтамасыз 
ететін динамика жатады. Тұрмыстың аз емес ауыртпалықтарына 
қарамайтын, 
тынымсыз 
қозғалыстағы 
өмір, 
дүниеде 
батыл 
бағдарланатын, 
субьектінің 
ашықтығына 
және 
еркіндігіне, 
белсенділігіне және әрекетшіл бастамасына қолдау жасап отырды. 
Отырықшылықтан тыс адам мүлкі қозғалмалы және сондықтан 
жаттанған формада болады, ал материалды жағдайлар мен өмір салты, 
болмыс қозғалысында қуатқа ие, тұрақты ізденіске қабілетті 
индивидтерді қалыптастырады.
Жаңа қоныстарды іздестіруге деген ұмтылыс және өз жігеріне 
кеңеттен пайда болатын жағдайларды бағындыру қашанда адамзатқа 
тән. Сондықтан адамның жаңа көркем концепциясын жасап шығаруда, 
өнерде ең толық кейіптелген, көшпелілер тәжірибесі маңызды.
Өнер адамға әлемді оның әсемдігі мен көптүрлілігінде ашады. Ол 
адам алдында, оларды практикалық және рухани меңгеру қажет 
болатын, көптеген құбылыстардан тұратын, әлдебір шексіз ретінде 


359 
көрініс табады. Әлемнің түйсінілетін үйлесімдігі адамды жетілдіреді. 
Сол уақытта әсемдік мәңгі емес – ол адамның заттық іс-әрекетінде 
айқындалады, нақтылы-тарихи сипатқа ие.
Ғасырдан ғасырға қазақ өнері біліммен құнарланып келеді. Оның 
дамуының әрбір кезеңі көркем танымның қажетті буыны бола бастайды. 
Дүниені игерудің бірінші белгі сатысын кейінгі палеолит суретшілері 
ашады, олардың ең жақсы туындылары өнер дамуының жоғары 
деңгейін куәландырады. Онда практикалық руханилықтан ажырамаған, 
табиғатқа нақтылы қатынастағы сол дәуір адамның сезім-күйлері 
оларды қайталанбайтын түрде берілген. 
Әлемді шығармашыл жаңғырту – адам іс-әрекетінің басты мақсаты. 
Әлемді әрекетшіл қайта құру қабілеттілігіне адамның рухани күштері 
мен талпынастарын бекіту арқылы шындықты меңгеру ретіндегі өнер 
қызмет етеді. Көркем танымның өзі – көрінетін және сезілетін әлемге 
апаратын, ашық жүйе.
Қазақстанның жартас суреттері мен графикасында мыңдаған 
жылдар бойында бізден алыс тұрған қашықтықтар тірі кейіпке енеді. 
Адамзаттың көркем дамуында скиф-сармат өнері (б.д.д. ҮІІІ-ҮІІ ғғ.) 
ерекше орын алады. Орасан зор кеңістікті мекендеген көшпелілер, 
соның негізін қалаған, олардың батырлық эпосы біздің күндерге дейін 
жартас суреттерінде, декоративті-қолданбалы өнер туындыларында 
жетті. 
Жартас суреттері пайда болуының себептері көптүрлі және 
көпмағыналы. Ежелгі өнер біздің алдымызда «үрейді» жеңілдету үшін 
қиял мен көрнекі рәміздердің туындылары ретінде, осыны табиғат 
туғызатындардан босану үшін жасалған сияқты болып көрініс табады. 
Алайда жартас суреттері құрастыратын, сол эстетикалық феноменнің 
пайда болуы себебі, үрей мен магияға бейімділіктен шықпайды.
Көркем іс-әрекет – дүниені игерудің және оған адамның белсенді 
араласуының бір формасы. Қоғамдық-тарихи практика процесінде, ол 
үшін шығармашыл әрекет тәсілдері әлемі болып табылатын, объективті 
табиғатта адам өзін жүзеге асырады. Адамның жалпы белсенділік 
шеңберінде эстетикалық іс-әрекет айрықша орын алады. Дүниені 
өнермен тануда оның құбылыстарының адами әрекет және дүниетүйсіну 
ерекшеліктерімен бірлігі және байланыстылығы ашылады. Эстетикалық 
обьектіде дүниені меңгеру дәрежесі ашылады. 
Орасан зор кеңістіктік-уақыттық әлеммен күрес және қажетті 
келісім күйінде өмір сүрген, көшпелі халықтар өнерді жасап шығарады, 
ол оның табиғи жалғасы бола отырып, бұл дүниемен қисынды үйлесті
1

Скифтердің негізгі кәсібі – малшылық пен аңшылық – бейнеленетін 
құбылыстардың тақырыптық шеңберін анықтады. Бірінші дәрежедегі, 


360 
шешуші маңыздылыққа ие жануар, дүниені танудың өзінше негізі бола 
бастады, оны ұғыну адамзат дамуының сәбилік уақытында басталды.
Жалпы табиғи стихияның маңызды қыры болып табылатын 
жануарға қатысты, адам өзін жасампаз күш ретінде бекітті. Көшпелі 
қоршаған ортамен сан-алуан сезімдер және түсініктермен байланысты 
болды. Көпсырлы жануарлар дүниесі өзімен жау және дос, қарама-қарсы 
таң қалу және үрей шақыратын, адамнан ажырамайтын бастау болып 
табылады. Осының бәрі скиф өнерінің нақтылы шынайы, рәміздік және 
абстрактылы бейнелеуінде қорытылып шығарылады. 
Неолит мифінде, номадтардың ежелгі батырлық эпосында күресуші 
күштер де, үйлесімділік те – осының бәрі жануар бейнесінде түрге енді. 
Бұл адамзат олармен қоршаған шындықты меңгеретін, дүниені, өзін, өз 
тарихын философиялық ойлы түрде игеретін, сол бастапқы бейнелердің 
бірі болды. 
Көшпелілер өнерінің тамаша үлгісіне, 1966 ж. А. Медоев ашқан 
(Хантау, Балқаш маңы), скиф бұғылары жатады. Бұғы – бұл жарықтық, 
күн құдайының көрініс кейіпі, Азия скифтерінің мифтері мен жартас 
суреттерінің жиі кездесетін қаһарманы, олардың дүниетанымының 
маңызды элементі. Жиі ретте күн шығыстан батысқа қарай қозғалып 
бара жатқан алтын мүйізді бұғы түрінде бейнеленеді. Оның үстіне, 
космогониялық аңыздарда бүкіл Ғалам, дүние орасан зор бұғы-марал 
бейнесінде суреттелді
1
.
Хантау тауы бұғыларының суреттерінің, атақты Ласко мен 
Альтамир үлгілерінің тамаша кейіпкерлерінен, ештеңесі төмен емес. 
Олар жануар нобайымен әсем де күшті тәнді сызып өтетін, үздіксіз 
нүктелік сызықтармен берілген. Фигуралар қатаң түрде профиль 
бойынша, оң жақта орналасқан. Сызық формасында скиф 
суретшілерінің өмір сүрудегі ассоциативтік ойлау мәнері берілген. Ерте 
тас дәуірінде өмір сүрген, белгісіз авторлар, өздерінің бұтақты 
мүйіздерімен алға қарай сенімді қозғалып бара жатқан, еркек 
бұғылардың позаларын дәлме-дәл жеткізген.
Бұғыларды бейнелеу мәнері де айрықша. Оның әрқайсысының 
тасасында оны жасаушылардың жеке-даралығы көркем түрде көрініс 
табады. Бір бұғының мүйіздері үлкен емес, басы алға қарай иілген. Алға 
қарай ұмтылыстың әсері анық байқалады. Басқа жануардың артқы жағы 
созылған денесімен салыстырғанда тым аумақты, ерекше бұрылған, іші 
тым тартылып тұр. Кішкене басындағы мүйіздері көп бұтақталған, 
өрнекті шеңберленген, олар арқасының бойында созылған. Бұғының 
бірінші бейнесі табиғи ұқсастықтан алыс, графикалық батыл шешілген. 
1
Бұл дәстүрлі ежелгі бейне бүгін де өнерден жоғалған жоқ. Даналыққа толы, Марал-Ана туралы – 
адамзаттың арғы тегі, табиғат кейіпі жөніндегі поэтикалық аңызды Ш.Айтматов суреттеп береді. 


361 
Екіншісі көбірек стильденген, көшпелілерде келесі ғасырларда 
басымдыққа ие болған, орнаменттік бастамаға жақындайды.
Қазақ өнері дамуының бүкіл кезеңдерін қамтып өтетін, «Аң 
стилінің» сарындары дәстүрге айналады. Әлдебір сыртқы субстанция 
ретінде жануарлар тіршілігін дәріптеу барған сайын артушы жеке-
даралықпен, адамның ішкі дүниесімен байытылады. Магия мен рәсімдік 
салттар емес, ал сезімдік-практикалық әрекеттің, жартастарда іздерін 
қалдырған, көшпелілердің анималистік өнерінде жалғасын табады.
Мифологиялық ойлау дүниеге эстетикалық қатынастың алғашқы 
сатысы болып табылады. Көшпелілер мифологиясының негізі алғашқы-
қауымдық құрылыс болып табылады. Дүние ажыратылмай, қарапайым 
әрі тұрпайы, бірақ үйлесімді формалардағы орасан зор тұтастық ретінде 
қабылданады. Шынайы өмірлік түсініктер көркем өнермен қиылысып 
кеткен. Дүние туралы адамның білімі толық және жүйелі емес, түсіндіру 
мен талдаудан алыс, бірақ фантастикалық бейнелерде үлкен ақиқатты 
ашады. Жануарлар дүниесі, табиғаттың көптүрлі құбылыстары – 
осының бәрін ол өзімен біріктіреді, теңестіреді. 
Бастапқы ғылыми білімдер көркем формада, миф-аңыздар 
формасында, шындықтың оймен құрастырылғанның қиылысуында 
көрініс табады, зооморфтық түсініктер ғарыш әлеміне ауысады және 
ежелгі астрономияның негізі бола бастайды. Солай, Есекқырғын 
(Юпитер) – есектерді жоюшы жұлдыз. Ол керуендерді уақытта 
бағдарлану кезінде адастырады. Онымен көшпелілер таңертеннің 
жақындағанын анықтайтын, Шолпаннан (Венерадан) кейінгі ең жарық 
жұлдыз. Есекқырғын туа сала, оны Шолпан деп қабылдап керуеншілер 
сапарға аттанады. Ерте басталған ұзақ жол бірінші кезекте есектерді 
құртады
1
. Осылай аспан аңшылар мен малшылардың бейнелерінде 
көрінеді. Жылдар да жануарлардың атымен аталған. 
Аңыздар мен шежірелерде, эпос пен өлеңдерде дала тұрғындары 
өмір жағдайларымен тығыз байланысты дүниенің құрылысы туралы 
түсініктер көрініс тапқан. Аспан әлеміне олар уақыт пен кеңістіктегі 
өзінің жерлік бағдарларын ауыстырады, оны өздерінің нақтылы 
қоршаған ортасындағы жануарлармен мекендетеді. Бекерден-бекер 
кемпірқосақ атауы аспанда өзінің жерлік тіршілігімен – қойларды 
арқанмен матап жүрген кемпірдің есімінен алынбаған
2
. Жер сияқты 
аспан да, тұрмыспен еңбек процестерімен байланысты. 
Табиғатта адам өз тіршілігінің мәнін ашады. Табиғаттың өзіндік 
қозғалысы формасы ретіндегі табиғат құбылыстарымен оның табиғи 
жан ретіндегі заттанған формасының өзара әрекеті жүзеге асады. Заттар 
адамның өзінің заттануы «оның индивидуалдығының сол заттармен 
1
Қар.: Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина. Алма-Ата, 1972. С.55. 
2
Сонда, 60 б. 


362 
бекітілуі және жүзеге асуы бола бастайды, ал бұл заттың оның өзі бола 
бастағанын білдіреді»
1
.
Адам өмір сүру шеңберіне ендірілген, әлем өнерде бейнеленеді. 
Эстетикалық алдымен практикалық әрекетпен бірге көрінеді, 
болмыстың бөлігі, оның маңызды құрамдасы ретінде қарастырылады. 
Қазақстан номадтары дүниетанымының ерекшеліктерін, басқа халықтар 
өнеріндегі әлем суреттемесімен ұқсас және сонымен бірге одан айрықша 
әлем суреттемелері оларда жасалып шығарылатын, мифтер аңыздар, 
ертегілер және Эпос көрсетеді. 
Әлеуметтік орта, тіршіліктің табиғи өтуі, малшылық және аңшылық 
тұрмыс қазақ өнерінде бейнеленеді. Ұлттық дәстүр, эстетикалық талғам, 
тәжірибе, әдет, ойлау мәнері табиғатпен үйлесімділікте көрініс табады. 
Солай, оған табыну ежелгі түркілік қасқырға тәу етуде («қасқырдың 
жүзі игілікті» маңызды орын алады. Атақты оғыз эпосы «Қорқыт 
кітабында» Салор-Қазан, бақташыларды, аттарды, түйелерді иттерді 
үркітетін, қасқырға былай дейді: «Қараңғы кеш келгенде сен үшін күн 
шығады; жауында, қарда, сен қасқыр тұрасың»
2
.
Сезіммен қабылданатын, табиғи әлем – көшпелінің ұлттық дүние 
түйсінуі өсіп шыққан, негіздердің бірі. Әрбір халықта - өз жер бедері, 
оны қабылдауда оның мәдени дәстүрлері шағылып шығады. Табиғаттың 
өнерге ықпалы туралы В.Г. Белинский жазады: «Сәулет нысандарының 
орасан үлкендігі, үнді мүсіндерінің керемет зорлығы – Гималай, пілдер, 
питондар елінің шамадан тыс үлкендігінің анық бейнесі. Грек 
мүсіндерінің жаланаштығы Элладаның жанға жайлы ауа-райымен азды-
көпті байланыста тұр... Жұтаң және жабайы – ұлы Скандиванияның 
табиғаты норманндар үшін олардың тұңжырған діні мен қатал-ұлы 
поэзиясының кіре берісі болды»
3
. Қазақ халқы үшін табиғаттағы 
осындай анықтаушы кешенге тау мен дала жатады. Шексіз кеңділік пен 
биіктік көшпелі тайпалардың өміріне күмәнсыз әсер етті. Оларда қатал 
тұрмыс биіктік пен руханилыққа ұмтылыспен үйлесті.
Табиғат – адамзат тарихының қажетті алғы шарты. Өзін дүниеде 
бекіте отырып, оны бағындыра келе, адамзат өз кезегінде, оның 
ықпалына ұшырады, табиғи процестердің ырғақтары көшпелінің 
тіршілігіне, оның күнделікті мұқтаждары мен рухани құрылысына әсер 
етті. Сол уақытта табиғилықтың өзі тарихи дамудың жемісі болып 
табылады. Дегенмен географиялық фактор мағынасында табиғат баяу 
өзгереді. Өзгерістерді оған адам енгізеді. Оның белсенділігін дүниеге 
деген қызығушылықты арттырады.
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет