АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет22/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

Моншықтағы құрылтай

Оспан және Ақ Үй Соғыс Комитеті көшіп келген бүкіл ел бастықтарын шақырып жиын ашты. Пікір сұрады. Ең әуелі, “Ел айдауға барған әскерлердің зорлығы – зомбылығы болды ма? Бір нәрселеріңді тартып алған, ұрдап алған, қымқырып алған, қыр көрсетіп алғандары бар ма?” деп сұрады. Ел адамдары “Зорлық-зомбылық, олжалаушылық болған жоқ, Бірақ қыс келіп қалды. Қыс жылдағыдан ерте түсіп қалды. Біз малға сүйенген халық едік. Мал қыстауы жоқ. Қалың қарға иіре бастадық. Шай жоқ. Бұл жоқ. Астық жоқ. Малсыз кедейлер қазірдің өзінде-ақ қинала бастады. Осынша малды қыстан аман шығарып алатын жағдай бар ма, жоқ па?” дейтін пікірлерді айтты.

Ел адамдарына “Өздеріңді өздеріңіз қорғаңыздар. Бұл біздің қазіргі партизан саясатымыздың негізі осы”, деп 5.000 мылтық және оқ таратылып берілді.

Елден оны екі мың өгіз қой алынып, Ақ Үй Соғыс Комитетіне әскер азығы деп сойылып қатырылды.

Комитет сонымен мынадай бірқатар шешімдер қабылдады.

1. Көктоғай – Сарсүмбе арасы Қапас әскері, Манат Келес әскерлеріне жүктеледі.

2. Бәйтік Үрімжі жолын күзетіп, Бәйтікке мал қыстатуға қарауыл алуды Дәлелхан, Кәмел, Қуанышбай өз үстіне алды. (Бірақ ол жылы Дәлелхан Оспанды баса билеп үйден де шықпады.)

3. Үрімжіден Бурылтоғайға, одан Алтайға келетін құм жолын Сүлеймен, Нұроғажай әскерлері күзетеді.

Осылайша қыстық қарауыл орындары белгіленіп соларға әскери күштер орналастырылды. Ел осы белгіленген шеңбер ішіне барып қоныстансын делінді.

Осы екі арада үш ауыл Қазбек Арғылтайдан көшкенде, адасып Сартоғайға бара жатқан жау әскерінің қолына түсіп кетті. Бұл ауылдарды қытайлардың Шонжыға алып кеткен хабары естілгеннен кейін, Келең сайындағы қытай армиясын құрту жоспарланды. (118)

Алдымен Сартоғайға әскер Дабысынды басып келеді. Шонжы мен Дабысын жау армиясының негізгі базасы болып келеді. Үрімжіден машина келіп жатыр. Жол кесу керек, күн қатты суық болатын.

Оспан, Кәмел, Қапастар жау машиналарын Дабысын жағынан қарауыл алып тосты. Дәлелхан, Манат және менің әскерім болып, біз Келең сайына келетін жолдың аузын тостық. Оспандар шабуылға өткенде, елу машина шегініп артқа қашты. Олар 30 машинаны бөліп алып атысты. Сонда ол машиналар Қасқыр Соққанға қарай шегінді. 15 машина ілгерілеп, Сартоғайға қарай жүрді. Оның алдынан Сартоғайдан бес машина шықты. Машина біздің үстімізге келгенде біз соғысып, 20 машинаны қоршап алдық. Бес машинаның адамын өлтіріп, машинасын өртеп жібердік. Бес машина жаралы болып жолда қалып, адамы қашып кетті. Ол күні түнімен атыстық. Таң атып күн шыққанда, Келең сайынан атты әскер бізді іздеп шықты. Олардан бұрын қарауылды алып қойдық. Әскерлерді араға алып кешке дейін соғыстық. Әскер қашты. Түнде қуып келіп 180 адамды тірідей қолға түсірдік. 1.100 әскер өлтірілді. Он машинаны өртеп жібердік.

Елді қыстауына көшірдік. Қолға түскен әскерлердің көбі ұйғыр екен. Олар Алтышардың оқушылары екен. Осы жолғы 3.000 армияның 2.000 адамы ұйғыр екен. Өлген адам ішінде ұйғырлар көбірек өліпті. 180 ұйғыр баланы бөліп бөліп алып кеттік. Өзіміз белгіленген қарауылға жүріп кеттік. Дәлелхан, Кәмел, Қуанышбай Бәйтікке жүріп кетті. Махмұт полковник Құмға жүріп кетті. Біз Құмның Қызылша Бел деген жеріне барып орналастық. Қапас, Келес, Манат әскерлерімен Өндірқараға барып орналасты. Олар Сарсүмбе жолын күзетті. Көктоғай екі арасын кесті.

Осы жылы қар қалың болып, тарихта болмаған қыс болды.79 Біздің ісімізге де табиғат осылай көмектесіп жатты. Көшпелі ел, малға сүйенген ел, малды алатын ақсақалды кәр құда келіп қалды. Үрімжінің төрт аудан елі (Санжы, Үрімжі, Пукан, Жемсары) Құмға түсіп алған екен. Біз олардың ел бастықтарының бәрін (119) шақырып алып, оларға қамсыз жатып малды қыстан шығарып алуды тапсырдық.

- Жазда Алтайға шығып жайлайсыздар. Үрімжі жақтағы жолдардың бәріне қарауыл жіберілді, - делініп, олардың қамсыз мал бағуын ұйымдастырып қойдық. Бұл арада 1942 жылы Сүлеймен екеумізге қарасты ел Шонжының Саркөліне ауып барған еді. Бұл жылы қытай өкіметі олардың ат-көлігін жинап алған болатын. Ол кезде олар 80 ауыл еді. Жаз шыққанда Саркөлдің жерлерін қытай құржа бастығы Сең Сен Қудашы дейтін залым қытай біздің сол елден төрт ауылды қамап алып, 150 адамды қырып тастаған. Олар Едіге, Мұса, Сүлеймен інісі Көшербай басшылығындағы төрт ауыл еді. Олардың сүйегін қытай бандиттері өртеп жіберіпті де тірі малдарын бөліп алған еді.

Жемсары Шонжыдан айдап шыққан қазақтармен бірге келген сондағы туыстарымыз өте кедейленіп кеткен екен. Кедей болса да олар да жергілікті елмен бірге көшіп келіпті. Осындай бір шақта тұрғанымызда, Шың Сысай өкіметі Мәмидің Әнуары мен Махметті өкіл етіп жіберген екен. Олар шекара қарауылы болып отырған бізге келді. Бұл екеуін де Оспанға жібердік. Ал Оспан оларды Монғолияға ұстап беріпті. 1944 жылы Оспан ел шаппауды, бүлдірге олжаламауды қатты айтқан. Бүкіл әскерлерге бұйрық түсірген болатын. Біз өзіміздің өлтіріліп кеткен жүз елу туыстарымыз үшін сол қытайдан бір рет өш алуды талап етіп арыз жазған едік.

Оспан және Ақ Үй Соғыс Комитеті бір рет соққы беруді бекітіп жіберген екен. Біз елді жинап, 1.500 адам дайын болдық. Елден шығып тоқтамастан Саркөлге келдік. Саркөлге жақындағанда оң жақтан мылтық дауысы естілді. Ішіміздегі адамдарды түгендесек, Қарақас Құрман, Қағбан басшылығындағы 100 адам жоқ болып шықты. Пақыр Ителі Тондыбай келген екен. Азық жинап беріп қоя бердік. Ел аш. Оларға астық алып бермекші едік. 1.500 түйеміз бар.

Құрмандар көп адам ішінен олжа тимейді деп ауаша кетіп қалыпты. Сең Сен Қудашы, Саркөлге барып, бір құржаны шауып алып жатқанда олардың сыртынан келіп қоршап алып, (120) Әбдіхалық ішінде тоғыз адам оққа ұшып шәйіт болыпты. Қағбан ішінде астық артқан адамдар қашып құтылыпты. 30 неше адаммен атысқан Құрбанды қытай қоршап қамап алды. Біз осы жаудың сыртынан келіп атыстық. Сонымен Құрбанды құтқарып алдық.

Осы кезде өкімет әскері келе қалды. Күн бойы атысып, 200-ден астам адамын өлтірдік. 150 адамын қолға түсірдік. Олар ұйғыр болып Дәуіт деген туанжаңның әскері екен. Сөйтіп құржаны басып алдық. Күн-түн демей құржа астығын артып алдық. Әскер бастап келген құржаның бес адамын атып тастадық. Олар қашып Жемсарыға кетті. Сең Сен Қудашаның батырларын жойып тастап, өлтірілген 150 туысымыздың кегін асырып алдық. Жемсарыдан бізді қуып 3.000 әскер шығып келді. Олар ылғи бала әскер екен. Бір шайқасуға келмеді. 250 адамын өлтіріп, мылтық саймандарын тартып алдық. Қалғаны Үрімжіге қарай қашып кетті.

Құржаның астығын, мал-жанын олжалап алып негізгі арқа сапқа қайтып келдік. “Үй иесінен ұрысы күшті” дегендей Шынжаңға келіп байып алған қытай, қазақтарды құл орнына ұстауға әбден әдеттеніп алыпты. Қазақтардың барлығы қытай құржаларында мыңдап, он мыңдап тамағына істеп келе жатыр. Бір күн еру болғаннан кейін Қапас екеуміз Үрімжі Шонжы арасындағы көпірде отырғанымызда, алты машина келді. Машинаны бір-ақ түсіріп алып адамын қырып тастап, машинасын өртеп жібердік. Бұл жолы Қайса шәйіт болды (Жәдік Әкеми ұлы еді). Елді таратып семьяларына қайтардық. Қазақтарға астық әкеліп беріп, олардың қарнын тойғызып, әккі қытай құржаларының шотын бір рет соғып оларға ескертіп қойдық. Қазақты езіп 300 жылдан бері дәніккен әккі жаудың Үрімжідегі даутайын қойып, құржадағы қарапайым қытайларға дейін бізге билік айтып, текке істетіп дәндеп алған екен. Осы залымдарға “көзіңді аш, бұл өлке Түркістан жері. Бір күн болмаса бір күн есеп беретін уақытың келеді. Сол кезде өкініп қалмай ерте бастан жеріңе, (121) яғни өзің тұрған Қытайға жетіп ал” дегендей ишарат беріп кеттік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет