АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр


Оспанның балаларының жаудан қаза табуы



бет19/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

Оспанның балаларының жаудан қаза табуы

Мен жанымдағы Тоқтыбай, Қиса батырмен бірге жүз адам бірінші төбені алуға міндет алдық. Белқайын Күректі жақтан келетін жолдың аузына Келес, Әубекір әскерлері барып орналасты. Олар екі жүз адам еді. Біз сол күні жауды ықтырып бірінші төбеге жақындадық. Арамызда бір ғана кішкене Қобы сайы бар еді. Біз айналып келіп, сол Қобыға түсіп алдық. Жарым әскерді артқа қалдырып 50 адам ғана іріктеліп келді. Алдынғы сапқа Тоқтыбай, Жәмет, Қиса үшеуі ілгерілеп кетті. Ол күні қар жауып, бүкіл сол маңды тұман басып қалды. Бұл орын жаудың үлкен бекінісі еді. Тұман ашыла окоп түбіне таядық. Жақындап келіп гранат лақтырып, автоматты құйып едік. Екі жүздей жау бар екен. Қопарылып бір-ақ шықты. Жүзден астамы өліп, 50 адамын (105) тірі ұстап алдық. Төбені келіп тартып алдық.

Максимом пулеметті сақылдатып құйып едік. Қашқан әскермен Жәмет, Қиса, Тоқтыбайлармен бірге араласа қудық. Сөйтіп қуғанда болып, қашқанда болып екінші окопқа жау әскерімен бірге келдік. Төбені бермеді. Қиса аяғынан жаралы болды. Алдыңғы барған адамның қолында гранат болмай қалды. Егер гранат болғанда, окоптың тас-талқанын шығарып, төбені алып қоятын едік. Біз жаралы адамдарды жинап жатқанымызда Ләтіп “шегінсін” деп бұйрық жіберіпті.

Біз қайтып қосқа келдік. Келген соң мен Ләтіпке ренжідім.

- Біздің артымыздан әскерді айдасаң болмай ма? Жауды жапырып бір жағынан тесіп кірмегенде, сонша қалың жауды қайтып алғалы жүрсің? - дедім.

- Бұл жағдайды білмедік. Қателік бізден, - деді. Бірінші қарауылдағы Қапас әскерлері де жауды опырып, қатты қырып жатты. Біз тамақ ішіп алып жиын ашылды. Ләтіп тұрып:

-Үшінші окопқа кім кіреді? - деп сұрады.

- Екінші окопқа 40 адаммен мен кіремін, - дедім.

Үшінші окопқа Сайтанкөз бен жас батыр Мәуітқан 50 адам мен дайындалды. Кеш бата окопқа жақындадық. Окоптың астына 15 кісімен бала батыр Шайза кіретін болды. Төбенің жоғарғы жағынан біз келдік. Астынғы қорғаныс ұран салып келіп, окопты гранатпен тас-талқанын шығарды. Шайза жараланды. Төрт адам шәйіт болды. Үшінші акоптан Сайтанкөз батыр шәйіт болды. Түнімен атыстық. Таң ата Сәмидолда дейтін оқушы бала желкесінен кесіліп қашып келді. Басқалар “Танымаймыз атамыз”, десе, бала “Мені Нұрғожай таниды. Сол адамға көрсетіңіздер”, дегендіктен ол баланы маған алып келіпті. Көктоғайда қамауда болған ол бала мынаны айтты:

- Оспанның қатын-баласы, Қарақас Тоқтаған, Хансұлтан, Қабдұл Сүлейменұлы, Молқы Тәуіп, Ақын Қажет бәрімізді күн батқан соң абақтыдан байлап алып шықты. Сіздер оқ атып отырған төбенің астындағы Тасқазған орға алып келіп, адамдарды қылышпен бір салып сол жердегі үлкен құдыққа тастады. Мен қылыш тигенде (106) жыраға құлап кеттім. Қала ішіндегі қазақтарды әкеліп сол құдыққа өлтіріп тастап жатыр. Екі жүзден астам қатын-баланы қылыштап, сол үлкен орға тастады. Ыңырап жатқан адам өлігіне үлкен бір жыра толып кетті. Менің үстіме талай адам өлігі келіп түсті. Есімді жинаған соң қашып шықтым. Күндіз сіздерді көріп отырдым.

Таң ата біз шегіндік. Қапастар да жауды сілейте соқты. Олар демалуға қарауыл тастап өзен бойына келіп түсті. Дәл осы кезде Оспанның әйелін өлтіргелі бір қанша адаммен айдап келе жатқанда Оспанның әйелі суға қарғып түсіп кетті. Ағып барып Қапастың әскері келіп түскен жерге жеткенде, Қапастар ұстап алып аман-есен шығарып алды. Осы жолы Оспанның бір ұлы, екі қызын дұшпан жағы атып өлтірген.75 Дұшпан бандылары сонымен қатар Сүлейменұлы Қабдұл, келіні Шолпан, Сүлейменнің әйелі Тайтұяқ, үлкен қызы Ханша және екінші, үшінші қыздарын атып тастаған. Оның сыртында Көктоғай қаласында 200-ден астам қатын-баланы бандит Шың Сысай армиясы қырып кетті.

Бұл арада “Көктоғай қаласын қорғап қалуға үш мыңнан астам атты армия келе жатыр” деген хабар келді. Қарауыл жіберіп, олардың Қаратүнкедегі қытай армиясына келіп қосылғанын бақылап отырдық. Атшығұл, Балекең, Арғылтай сияқты барлық қажетті қарауылдар біздің қолда еді. Атшығұлдан өтетін машина жолы бар еді. Осы жолды мен тосқан едім. Ләтіп қосты басқарып қалған еді. Біз адамдарымызбен жиналып, тамақ ішіп жатыр едік. Кейінгі елден жайсыз бір хабар келді. Оспан Әубекір залыңды кісеңдеп тастапты дегендіктен, Құлдың әскерлері шегініп шығып алып тұрған қажетті қарауылды тастап қайтып кетіпті. Өзінің шағын тобымен Ләтіп қалды. Екі күннен кейін Нұршыбай тобын жер шалып келуге жіберсек “Қытайлар атты жаяу болып тауға қарай өрмелеп келеді”, деген хабар әкелді. Біз осы кезде Көктоғай қаласын қоршап тұрып, Сартоғай – Қаратүнкедегі қытайдың (107) 12.000 адамдық армиясының екі ортасын кесіп тастадық. Менің адамдарым Атшығұл қарауылын келіп алды. Жәнібек туын біз көтеріп келген едік. Сол жерден атыс бердік. Осы кезде жау әскерлерінен біздің қаруымыз өте артық еді. Әсіресе қытайлар автоматтан өлердей қорқады. Алдымен өрмелеп келген жүздей қытай әскерін бір шұнқырға иіріп алып автоматты төгіп жіберіп едік, сексендей адам құлап кетті.

Таң ата қытай армиялары біздің сыртымызды орап кеткен екен. Адам қалың болып бекініс орны жалтаң болғандықтан, негізгі қарауылға 70 адамды қайтарып жібердім. Жоғарғы қарауылдан қытайдың сыртымызды орауынан сақтанудыруды ұқтырдым. 30-дай адам мен бір қойнауда жартасты паналап тұрдық. Алла сақтады. Онан соң бір жартас бізді сақтап тұрды. Қарсы алдымыздағы қыратта жау әскерлері келіп окопты қазып дайындалып, бекініс жасап жатты. Екінші жақтан оқты жаудырып тұрды.

Дүрбі салып отыр едім. Басқы жақтан бір әскери шинель киген генерал келе жатыр екен. Сол бекініс төбеге келіп шинельді шешіп тастап, сап сарала болып жан-жаққа дүрбі салды. Жолдастарға “Ат”, деп бұйырдым. Атып қалдық. Генерал еңкейе келіп жығылды. Он неше мерген Жәмет ішінде мылтық құйып едік. Генералдың сүйегін ала алмай, әскерлер төбені тастап құлдай қашты. Астыңғы жақтан музика дауысы шығып еді. Штабынан тағы бір генерал шығып, әскерлерді қайта айдады. Кәренді қарауылға жіберіп едім. Азырақ ілгерілеп барып, төбе шашын оққа сипатып қайтып келді.

Осы қыратты жауға бермей, жаудың машина жолын кесіп тастап, жауды Көктоғайға өткізбедік. Жау Көктоғайды қорғау үшін атты, жаяу, машиналы өлігін басып-жаншып саймен өрледі. Екінші қарауылдан Әліпби ішінде бізден 15 адам шәйіт болды. Олар да қарауылды ұстап тұра алмады. Кәмел тобынан алты адам, бізден үш адам Әліпби мен Құматайдың сүйегін алып жерледі. Жау түнімен күш көрсетіп, Қараөткелге келіп түсіп алды. Уша жағына қарауыл жібердім.

Осы қалың жаудың бір жерінен кіріп, оққа ұшып шәйіт болған аяулы жігіттердің кегін алайын деп Соғыс (108) Комитетінен рұқсат сұрадым. Олар рұқсат берді. Жәмет, Жүніс, Қасейін, Молдияр қатарлы адамдардың мықтыларынан жүздей адам таңдап алып, жер сырын білгендіктен Бұраты деген бір кішкене жырамен өрлеп, жау жанына таяп бардық. Бейқам отырған жаудың бір қарауылын басып, 40 адамды өлтіріп, мылтық жабдықтарын бір-ақ қолға түсіріп, 40 ат алып қайтып келдік. Молдияр батыр шәйіт болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет