АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет23/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

Шың Сысайдан кейінгі жағдай

Пукан ауданында ұйғыр, дүнген, қытайлар аралас жасайды. Жолынғұй қарауылын түнде басып өтіп, ұйғыр мен дүнгенге тиместен, әккі қытай құржаларына басып кіріп, ат азығын сыпырып алдық. Оның бері үш жылдан бәрі тегін істеген қазақтардың еңбек ақысы. Таң ата шегініп Құмдағы қара сексеуілдің арасына келіп едік. Артымыздан 300-дей қытай әскері қуа келіпті. Бізден бір адам шәйіт болды. Бекініс біздің қолда болғандықтан 70 адамын өлтіріп, қалғанын қуалап отырып, Пуканға апарып салдық. Олжаны барлық елге бөліп беріп демалып, тамақ ішіп жатқанымызда арттағы қарауылдан хабар келді.

- Адамдар келді, - делінді.

- Қоршап ұстап әкеліңдер, - деп бұйырдым. Олар бұрын қытай ұстап кеткен Молқы Қажыбала молла, Жәдік Лұқпан және Жігіт Молқы Жықай екен. Олардан бұрын қолға алынып кеткен Татай мен Зада болып оларды үш адам ертіп келді. Олар келген соң амандасып, өздерінің өкіл болып келгендігін айтты.

- Шың Сысай кетті. Оның орнына У Жұң Шин дейтін жуши келді, - деп әкелген қағазын көрсетті.

Ол қағазда: “Өкіметіміз өзгерді. Шың Сысайдың саясатын күшін жойдық. Сан мың жұй болатын болдық. Біз сонау 1940 жылғы Ырысхан тоқтамын өз күшінде деп танимыз. Өкіметіміздің саясатын түсіндіру үшін Әнуар мен Махмұтты жіберген едік. Олар күні бүгін хабарсыз кетті. Түрмедегі барлық адамдарды босаттық. Оспанға көп сәлем айтыңыздар. Жанымханмен сөйлесіп жатырмыз. Оспаннан хабар әкеліп беруге мына адамдарды жібердім. Қытайлар қорқып бармай жатыр. Тез жауап күтемін. Менін естуімде Оспанның қорғаныс қуат бастығы сіз екенсіз. Оспаннан кейінгі жауапты адам болғандықтан бүкіл дүниенің тыныштығын, бүкіл еліміздің (122) тыныштығын, өлкеміздің тыныштығын ойлап көрсеңіз. Ұзақ жылдан бергі соғыстың барлығы халыққа тарихта болмаған апаттарды әкелді. Тезірек жауап беріңіздер. Менін атым У Жұң Шин, Жушимін” деп жазыпты да таңба басыпты.80

Келген адам ішінен Жықайға Кәбілді қосып жіберіп бердім. Жықай бүкіл уақиғаны Оспанға ұқтырды. Оспан Жықайды үш бесатар беріп, біздің қарауымызға жіберіп беріпті.

- Сол жақтағы елдің де, қорғаныстың да иесі Сүлеймен, Нұрғожай еді. Солармен белдесіп іс істеп тұрыңыздар, - депті.

“У Жұң Шұнмен жақсырақ ұғысып тұрыңыздар. Оның мән жайын маған жеткізіп отырарсыздар” деп қана қойыпты.

Алтайды жайлаған ашаршылық апаты

Осы жылы Құм елі қыстан семіз шықты. Жұт жүрмеді. Ел аман әрі көңілді болды. Ал төменгі Алтайдан айдап барған 4.500 үй, Керейден 1.300.000-нан астам мал жұтқа кетті. 20.000-ға таяу адам аштан өлген.81 Жәрдемші боламыз деп елді айдатып алған орыс пен монғолдың алдағандығы айқын болды. Сонша елге бір жың астық әкеліп сатып бермеген. Ел бастықтарына 25 кило келетін бір дорба сүйек ұнын бір атқа сатып берген. Малдан айрылған кедейлердің аштан өліп жатқан хабарлары бізге жан жақтан сауылдап ысқырып келіп жатты. Қазақ үшін өкімет құрып, жауды қуып, жер босатып аламыз деп жүріп қазақтарды жаудан бұрын олай айдап, бұлай айдап жүріп, ақыры өзіміз қырғандай болдық. Жауға ат көлік болып жатыр деп жүріп миллиондаған мал ақсүйек болып далада қалды. Орыс пен монғолдың Алтай халқын әлсірету үшін ұзақтан күткен дұшпандық торға айналып келіп мықтап түсіп отырғанымызды енді сезіндік. (123)

Алтайдағы болып жатқан ашаршылық туралы адам тыңдап тұра алмайтын жан түршігерлік сұм хабарлар бізді қатты мазалады.

- Жаудан аяп жүріп, Керейді қырып алдық-ау, Жәнтекейді қырып алдық-ау. Ел айдамауды бейшара Оспан әуелден қостаған еді. Қалқабай, Дәлелхан қайталап жүріп саяси адам болып алып, Богданов, Мәжік болмай жатыр деп жүріп ақыры Алтай қазағын бұл күйге әкеліп түсіріп қойды. Қайыр... Қаб бәлем, - дедім...

Осы жағдайды көріп тұрып Үрімжі қазақтарын Алтайға апарудың қажеті болмады. Жер тар, ел көп, мал көп. Тағы да біз ойлап көрмеген жұттар болса, онда тарихта бағы болмаған сорға жолығамыз деп У Жұн Шұнға өзі жіберген қажыбаланы қолына хат беріп қайта жібердім. Хатқа: “Біз ұзақ тарихтан бері Үрімжі құржа қытайларының істеген зорлық зомбылығына қарата бір соққы бердік. Бір рет ащы сабақ берген едік. Бір қанша залым құржаларды қырып тастадық. Бандит Шың Сысай жіберген армияларын да аяусыз қырғындадық. Оның бәрі үш жүз жылдан бері жүзгізілген ұлттық езгінің бір ғана қайта соққысы болатын. Үш жүз жылдан бері Манчу қытай зорекерлерінің қазақтарға, ұйғырларға жүргізіп келген зорлығын білеміз. Осы жараны қалай жазып, қандай тоқтам жасау керек?

Бандит Шың Сысай кетті. Татулассақ депсіздер. “Қандай істеу арқылы татулықты қолға келтіру керек?” депсіз. Осы сөзіңіз шын болатын болса, Үрімжі аймақтарының төрт аудан қазағын жер жеріне, мекен мекеніне қайтарамыз. Сонымен қатар, қытай құржалары ісін даулау, мал даулау, өш алу, жасырын кісі өлтіру істері жүргізілмейтін болса” деп жазған едік.

Осы кезде төрт аудан елін Ханоба, Қаратау, Қызылшалы Белге жинадық. Осы кезде Бәйтік елінен хабар келді. Бәйтік елін Дәлелхан, Кәмел, Қуанышбай Алтайға айдаған екен. Ел ішінен бұзылып шыққан Сарбас Әбікей мерген, Кәмел мен Қуанышбайды (124) атып кетті.82 Әбікей төрт адаммен олар да соғысып шәйіт болды деп естідім.

Үрімжідегі Өкіметтен жазған хатымызға жауап алдық. Онда:

“Тарихи дауларды сіздер де қумаңыздар. Өткен жылғы дауды құржалар қумайды. Өлтірілген әскери дауды қуатын Шың Сысай өкіметі болса құлады. Барлық іске сәлемет. Ел мекеніне қайтып келсін. Біз жер-жердегі аудандық үкіметтерге, әскери орындарға бұйрық түсірдік. Өздеріңіз келіп, Сан Мың Жұй өкіметімен келіссөз жүргізіңіздер. Алтайдағы Жанымханмен сөйлесіп тұрыңыздар. Барлық хабарды Жанымхан арқылы сөйлеселік. Сүлеймен, Нұрғожай екеуіңізді де Алтай өкілі деп танимыз. Және екеуіңді Алтайдың Аймақтық Әскери Комитет бастығы деп танимыз. Құржадан алған барлық малды біздің өкіметімізге тапсырып беріңіздер. Мылтық сайман өздеріңіздің қолда тұрсын. Елдеріңізге қайтып келіңіздер” депті.

Сонымен төрт аудан жерін еліне қайтарып жібердік. Елден алынған 10.000 қой, 2.000 жылқы, 1.000 сиыр бар еді. Оны бізге жинап берген еді. Біз Алтайға көшетін болған соң оның бәрін өткізіп бердім. Қажыбалаға Кәбіл мен Шонайды қосып беріп, Үрімжіге жібердім. Бұл екі адам У Жұң Шұнға амандасып болған соң оларды Кау Жоянмен Жанымханға жіберіп беріпті. Біз ол кезде Бурылтоғайға қарай көшіп кетіп едік. Артымыздан Кәбіл мен Шонай келді. Оларға берген хатында У Жұң Шұн былай деп жазады:

“Сүлеймен, Нұрғожай екеуің Алтай өкілі боласыңдар. Оспан мен Жанымхан арасында жүріп қандай үкімет құру жөніндегі пікірлерді біліп, екеуінің арасын қосып бір тоқтамға келесіздер. Бұдан былайғы келіссөздердің мазмұнын Жанымхан арқылы ұғынармыз” Сонымен бірге маған өкілсің деп таңбалы қағаз жіберіпті. (125)

Мен сол бойы көшіп Оспандікіне келдім. Елдің берген сауғаларын Оспанға да, Дәлелханға да, Ақ Үй азаматтарына да таратып бердім. Кешке Оспан үйіне келіп едім, Қасаңбай кіргізбеді. Оны итеріп жіберіп кіріп барсам, Оспан мен Қалқабай отыр екен. Оспан сәлемді алды да ұшып түрегеліп, құшақтасып амандасып жылады. Мен кеткеннен кейінгі соғыстарда бір қанша батыр азаматтардан айрылғандықтан, екі жағымыз бірдей жыладық. Әсіресе Кәмел мен Қуанышбайдың өлгені бізге үлкен қайғылы хабар еді. Екеуі де Сүлеймен, Сұлубайдан кейінгі аса бір қайраттың иесі болып жетілген адамдар еді. Сөйтіп жыласып тұрғанда Қалқабай:

- Рұқсатсыз неге кірдің? Әдепсіздік, - деп еді. Мен тұрып:

- Сен әдепсізсің. Көп жолдастан айрылып қалдым. Мен рұқсат сұрап тұрмадым. Сен күн түн демей Оспанды қозғалтпай, боқ жеп іште отыратын болыпсың. Біз де елміз. Сендер жоқта да бір күрекпен жауды жапырған біз едік, - дедім.

Қалқабай қатты ыза болды. Оспан күліп:

- Қалқабай сыбағаңды алдың ғой. Енді тыныш отыр, - деді.83

Сол дыбыр үстінде бір қанша адамдар келіп кірді. Оспан Қалқабайға

- Сіздер мекемеге барыңыздар. Нұрғожай бүгін осында жатсын, - деді.

Күн кешкіреп қалды. Оспан үлкен әйелін ертіп, далаға шығып, бір ақ сарбас малды алып кіріп “Бата бер”, деді.

Оспан үйіне екі көзі қызыл бір шал келіп кірген еді. Ол адам төр алдына отырған еді. Мен оған қарап:

- Малға бата істеңіз, - дедім.

Сонда Оспан:

- Мен құт қонған Жәнтекейдің баласы сенің батаңды аламын. Малға сен бата қыл. Екеуміз қар жастанып, мұз төсеніп, бірге жүріп бірге өстік. Сені сағынып қалдым, - деді.

Мен малға бата қылдым. Ол шал Молқы Мамажан қажы екен. Оспан:

- Осы қажының батасын алмай, жүрегім саған өте жақын болғандықтан, әдейі сенің батаңды алып тұрмын, - деп тағы да бір рет қайталады.

Ет пысқан кезде Жылқыайдар, Ләтіп келді. Олармен амандасып жаттық. Жылқыайдар қалжыңдап

- Сені елдің бәрі қытайға кеткелі жатыр деп еді. (126) Өтірік болды ғой, - деді. Мен де қалжыңдап:

- Қарның ашып жүр ғой, қытайдың ақ момасына тойғызайын деп жүрмін. Менің артымнан ер. Жәнтекей мен Жәдіксіз басқа Керей күнің жоқ. Жол бастап көрген емессіз, - дедім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет