ӘДЕБИЕТТАНУ -көркем әдебиеттің шығу тегі, даму жолдары, өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Ә. негізінен құрамдас 3 саладан тұрады. Олар: Әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдеби сын. Әдебиет теориясы сөз өнерінің жалпы заң-дылықгарын, әдеби шығарманың көркемдік болмысы мен бітімін, сыр-сипатын, мән-мағынасын зертгейді, оны дұрыс түсінудің, талдаудың принциптері мен әдістерін айқындайды. Көркемдік әдістер, ағымдар, стильдер, бейнелер әдебиетгің теориясьшың негізгі мәселелеріне жатады. Ә д е б и е тт а р и х ы әдебиеттегі әр түрлі стильдер м ен ағымдардың, әдістердің пайда болып, дамып, өзгеріп, ауысып отыруын біртұтас процесс үстінде қарастырады. Әдебиет тарихының зерттеу объектісі жекелеген ақын-жазушылардыңшығармашылығынан бастап белгілі бір ұлттың, халықтың, мемлекеттің одан қалды әлемдікәдебиеттіңдаму жолдары болуы мүмкін. Ә д е б и сын әдебиет теориясы мен тарихына сүйене отырып қазіргі кездегі әдеби шығармаларды, әдеби процесті талдайды. Әдебиеттің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, алдағы даму жолдарын нұсқайды. Ауыз әдебиетін зерттейтін фольклористика жеке ғылым саласы саналады. Ә. ғылымының маңызды бір саласы көркем шығарманың шығарм. құрылымын, құрамдас бөліктерін тұтастай зерттейтін поэтика. Поэтиканың объектісі жеке жазушылардың шығарм-ғы, әдеби ағымдар, тұтас дәуірлер болуы мүмкін. Поэтика Ә. ғылымының негізгі салаларымен тығыз байланысты болады. Ол әдебиеттеориясымен бірге көркем туындының құрылысын зерттейтінжалпы поэтиканы, әдебиет тарихымен бірігіп тұтас көркемдік құрылымдар мен олардың негізгі элементтерінің (жанр, стиль, сюжет, композиция, т.б.) дамуын зерттейтінтарихи поэтиканы құрайды. Ә. ғылымының жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа қосымша тараулары да бар. Оларға текстология, библиография, тарихнама жатады. Текстология әдеби шығарманың мәтінін зерттеп, автордың өз қолымен жазған түп-нұсқасын белгілейді. Алғашқы нұсқаға жазушы жасаған өзгерістерді анықтап, оның себептерін түсіндіреді. Көркем туындының басылыпшыққан мәтінін ақтық нұсқамен салыстырып, автордың ырқынан тыс болған өзгертулерді қалпына келтіреді. Тарихнама -Ә. ғылымының даму тарихы немесе нақтылы бір тақырыптың зерттелу жолдары, дамуы туралы деректер мен мәліметтердің жиынтығы. Тарихнама көбіне ғыл. жұмыстарда қолданылады. Белгілі бір тақырып бойынша ғыл.-зерттеулер жүргізу нақтылы мәселенің қаншалықты қарастырылғанын, яғни тарихнаманы білуден басталады. Библиография -әдебиет туралы ғылымға қатысты мәліметтердің жиыны. Оған түрлі көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жатады. Белгілібір зерттеулер жүргізгенде сол тақырып бойынша библиограф. көрсеткіштер мен анықтамаларды пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ, Ә. ғылымының эвристика (әдеби шығарманың авторын, қашан жазғанын, кімге арналғанын т.б. зерттейді), палеография (жазбаның тарихын, ескі жазба ескерткіштерді зерттейді), қолжазба қоры,әдеби шежіре,әдеби мұражай, т.б. деректер жинағы сияқгы салалары да бар. Қазіргі Ә. ғылымы тіл білімімен, тарихпен, философиямен, әлеуметтанумен, психологиямен тығыз байланысты. Жаратылыстану ғылымдарының жеткен жетістіктерін де Ә. кәдеге асырып отырады. Көркем әдебиетгі матем. тәсілдердің көмегімен зерттеу қолға алына бастады. Қазақ Ә. ғылымының тамыры тарихтың тереңінде, халықтық эстетикаға негізделген ауыз әдебиетінде жатыр. Табиғатынан сөзді пір тұтып, құдіретіне табынып өскен қазақ халқының сөз өнеріне деген талғамы да, талабы да аса жоғары болды. Халықтық эстетиканың тікелей әсерімен қазақ ауыз әдебиетінде небір көркемдігі кемел, идеясы терең классик. туындылар туындап, әлемдік әдебиеттің үздік үлгілері қатарына қосылды. Әдеби талғам жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымендетікелей байланысты болды. Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі гүлденген ғылым, мәдениет ошақтарынан ондаған әйгілі ғалымдардың шығып, әлемдік ғылымға өз үлестерін қосқандығы белгілі болып отыр. «Екінші Аристотель» атанған әл-Фарабидің сөз өнері туралы жазған «Поэзия өнерінің негіздері», «Поэзия туралы», «Поэтика және поэтикалық пікірлер», «Поэтиканың ғылымдар жүйесіңдегі орны», «Поэтикалық шығармалардың түрлері», «Категория -поэтиканың объектісі», «Силлогизмдер және поэзия» атты теориялық еңбектері бізге жетті. Одан кейінгі Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Сүлеймен Бақырғани, т.б. еңбектерінде де сөз өнеріне қатысты эстетик. ойлар мол. Дегенмен төл қазақ әдебиетіндегі әдеби талғам бірнеше ғасыр бойы ауыз әдебиеті дәстүрінде шешендік сөздер, батырлық және лирикалықэпостар, мақал-мәтелдер, жыраулар толғаулары арнасында қалыптасты. Тек 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап отандық Ә. ғылымының негіздері қалана бастады;