Қазіргі абайтану ілімі. Абайдың академиялық басылымы Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихының зерттелуі /Т. Кәкішұлы, Ж. Смағұлов, А.Ісмақова т б


Әдебиеттану салалары /текстология, герменевтика, библиография т.б./



бет6/11
Дата02.01.2022
өлшемі49.5 Kb.
#452071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әдебиеттану ғылымының тарихы.

Әдебиеттану салалары /текстология, герменевтика, библиография т.б./

Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны. Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиет тарихы жеке, алғанда-бір елде, жалпы алғанда бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді.Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан- жақты талдап, оның идеялық көркемдік құнын белгілейді.

Әдебиеттану ғылымының жанама салалары: библиография, текстология, историография. Текстология- әдеби туындылардың мәтінін зерртеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы пән. Историография- әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихы дамуы туралы дәйектемелер мен деректер , мәліметтер мен материалдар жинағы. Библиография- көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы.

Герменевтика (гр.hermeneia – ұғындыру, баяндау, түсіндіру) – кең мағынада философия мен гуманитарлық ғылымдарда ұғыну әлеуметтік болмыстың мәнін түсінудің шарты ретінде қарастырылатын бағыт. Тар мағынада – білімнің біраз салаларында (философия, әдебиет, тарих, филология, юриспруденция, дінтану және т.б.) мәтінді (тексті) түсіндірудің, ұғындырудың ережелері мен техникаларының жиынтығы.Герменевтика алғашқы мазмұнында көнеліктен немесе көпмаңызды-лықтан жалпы түсініксіз мәтіндерді түсіндіру өнері және ілімі түрінде көрініс тапты. Антикалық дәуірде көне ақындардың (ең алдымен – Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасты. Ортағасырларда Інжілдегі (Библиядағы) көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде герменевтика антикалық мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған.

Герменевтика философия білімдерінің жеке облысы ретінде ХХ ғ. қалыптасты. Оның негізін қалаушылар деп Ф. Шлейермахер және В. Дильтей саналады. Ф. Шлейермахер герменевтиканы мәтіндерді ұғыну мен баяндау туралы әмбебап ілім деп анықтады. В. Дильтей барлық ғылымдарды табиғат және мәдениет (рух) туралы деп екі топқа бөліп, біріншілеріне түсіндіру (объяснение) әдісі тән болса, екіншілеріне (рух туралы ғылымдарға) ұғыну (понимание) әдісі сипат деген идеяны ұсынды.

М.Хайдеггерге герменевтиканың соны тұжырымдамасы (концепциясы) тән. Ол ұғынуды(өзін) болмыстың сипаты ретінде қарастырады, себебі онсыз (сип.) болмыс өтірікке, жалғандыққа айналады. Г. Гадамер осы ойға түсініктеме жасап, болмыс өзін-өзі нақты адамдар және оқиғалар арқылы түсінеді, мұндай болмыс – тіл, дәстүр дейді. Осыдан М. Хайдеггердің "тіл – болмыстың үйі" дегенін түсінуге болады.

Герменевтиканың өзінің категориялық аппараты бар. Бұл – белгі (таңба) және мағына, сөз (мәдениет құбылысы) және контекст(тұтастай мәдениет), мәтін және интерпретатор (түсіндіруші). Сонымен бірге "герменевтикалық үшбұрыш" ("герменевтический треугольник") және "герменевтикалық шеңбер" ("герменевтический круг") деген іргелі ұғымдары да бар. Біріншісі мәтіннің авторы – мәтіннің өзі – оқырман арасындағы өзара қатынастарды білдірсе, екіншісі – ұғыну процесінде ойдың жемісті қозғалысын суреттейтін метафора, яғни түсіну, ұғыну процесінің циклдық сипаты (түсіну, ұғыну қызметі аяқталмайтын, тоқталмайтын, кеңейіп отыратын шеңберлер сипатындағы үнемі қозғалыста болады).






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет