Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Аралас некенің этникалық аспектісі



бет37/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Аралас некенің этникалық аспектісі

Қазақстандағы ұлтаралас некені көп этностардың құрауына қарамастан оның негізгі келбетін 1999 жылы Қазақстан халық- тарының 87,0%-ын құрайтын қазақ, орыс жəне украиндардың басым деңгейде көрсетуі. Жалпы алғанда, аталмыш некедегі ер- лі-зайыптылардың негізгі бөлігін орыстардың қалыптастыруы. Мысалы, 1999 жылы Қостанай обылысында ұлтаралас отбасыла- рының 73,5%-ын орыстар өкілдерінің құрауы. Солтүстік Қазақ- стан, Павлодар, Ақмола жəне Қарағанды облыстарында бұл көр- сеткіштің 75,1 – 76,2 – 72,0 – 76%-ға жетуі. Алматы мен Астанада оның 71,6 – 74,0% көрсетуі. Орыстардың осындай жоғары көр- сеткіштерге еліміздің басқа да аймақтар мен облыстарында ие болуы.

Ұлтаралас некеде екінші орында жергілікті қазақ ұлтының тұруы. Мысалы, Солтүстік Қазақстанның аталмыш бес облысын- да қазақтардың айтылған некелерінің көрсеткіштері 10,2 – 9,4


  • 13,2 – 11,0 – 12,6% құрауы. Олардың аралас некелерінде орыс өкілдерінің басым болуы. Егер Қостанай облысында орыстармен осындай некенің арасалмағы 42,9%-ды құрса, ал татарлармен не- бары 22,3%-ды ғана көрсетуі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы

аралас некелердің 51,7%-ы орыстардың, ал 38,7%-ы қазақтардың үлесінде болуы. Егер сол өңірдегі қазақтардың ұлтаралас некеле- ріне келсек, олардың 36,6%-ы өзбектермен, ал 28,3%-ы орыстар- мен некеде тұруының байқалуы.

Қазақстанды мекендейтін əртүрлі этностардың ұлтаралас не- кедегі көрсеткіштерінің саналуандығы. Олардың үлес салмағын салыстырғанда шағын этностардың аталмыш некеге көбірек оты- руы, ал ірі этностарда бұл көрсеткіштердің төмен болуы.

Осындай неке құрамындағы қалыңдық пен ер жігіттің үлес салмағын анықтаудың маңыздылығы. Бұл жағдайда олардың ара- сындағы неке көрсеткіштерінің бір ізді болмауы, əсіресе оның қазақтарға тəн болуы. Аралас отбасылар, негізінен, қазақтар- дың əйелді басқа ұлттардан алуына байланысты құрылса, қазіргі таңда қазақ қыздарының да басқа ұлт жігітіне тұрмысқа шығуы айтарлықтай болып отыр. Бұл жағдайды, ең алдымен, қазақ пен славян тектес ұлттар арасындағы қарым-қатынастан көруге бола- ды. Ал татар, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек жəне түрікмен сияқты этностар мен қазақ арасындағы қарым-қатынас, əсіресе олармен іргелес аймақтар мен аудандарда бұрыннан-ақ кең өріс алған болатын.

Олардың арасындағы арасалмақ Қызылорда облысында ер- лердің əйелдерге қарағанда 6-7 есе, ал Павлодар облысында 3-4 есе өзге ұлттармен некеге тұруының басымдығы. Мұндай бағыт- тың республиканың өзге аймақтары мен облыстарына тиесілі бо- луы. Керісінше, бұл көріністің орыс, украин, татар, кəріс ұлты өкілдерінің аралас жұбайлық жұптарында анық сипат алуы.

Аралас отбасының құрылуын барлық халық түгелдей құп- тай береді деуге де болмайтындығы. Əсіресе қарттар жағы нара- зылығын білдірмей қалмайды. Əдетте, аралас некеге наразылық білдіретін қарттар əр ұлттың өзіне тəн əдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын, оларды өзге ұлттардың түсіне бермейтінін көлде- нең тартатындығы. Шынында да, əр отбасы басқа ұлттан болған келіннен де, күйеу баладан да өз ғұрпын сақтауды, оны мүмкін- дігінше орындауды қалайтындығы. Сондықтан мұндай жағдайға тез бейімделіп кеткендер тату отбасын құрып екі жақтың да тілін тауып, өз ұлтынан кем болмай бірігіп кетуі. Ал ортақ тіл таппа- ған жағдайда отбасының шырқы тез бұзылатын кездер де болып тұруы. Сондықтан аралас отбасын құру – қай жағынан болса да неке мəселесіне өте мұқият қарауды талап етуі. Ұлттық əдет-ғұ-


рып тосқауылын жеңіп, ұлтаралас отбасын құрған жағдайда екі ұлттың ең жақсы, алдыңғы қатарлы əдет-ғұрыптары мен дəстүр- лері тоғысып, өмірге деген көзқарас кеңейіп, бірін-бірі байыта, дамыта түскендей болуының қажеттілігі.

Жоғарыдағы мəліметтерде көрініс тапқандай, орыс пен қазақ ұлттарының этникалық өзгерістерге ұшырамай тұрақты біртұтас дамуы. Басқа шығыс-еуропалық жəне түркі тектес этностардың аталған екі ұлт өкілдерімен жақындығының артуы. Ассимиля- циялық үрдістердің діні, тілі, мəдениеті, тұрмысы, салт-дəстүр- лері жақын этностардың аражігінде көрініс табуы. Көрсетілген бағыттың шағын этностардың (украин, белорус, татар жəне т.б.), əсіресе олардың екінші ұрпағының арасында айқын көрінуі.



Бұл процеске Қазақстан Республикасының мемлекеттік еге- мендік алуының жəне қазақтардың титулдық этносына айна- луының ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет