Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет34/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





      1. Ұлтаралас некелерді зерттеудің дерек көздері.

      2. Ұлтаралас некенің қалыпты жəне динамикалық деңгейі.

      3. Аралас некенің этникалық аспектісі.



  1. Ұлтаралас некелерді зерттеудің дерек көздері

Отбасы жəне неке мəселесі ата-бабаларымыздың тұрмыс- тіршілігінде айрықша орын алған. Өйткені, негізінен, мал бағып көшпенді тұрмыспен күнелткен олар ежелгі замандардан-ақ ру- лық-тайпалық одақтар құрып, кең далада көшіп қонған. Осындай тауқыметі мол тұрмыс-тіршілік əрбір ру-тайпаның ішкі ауызбірлігі мықты болуын талап еткен. Мұндай ауызбірлік отбасынан, ағай- ын-туыстардан жəне жекжаттардан тұратынын ұғынған ата-баба- ларымыз алыстан қыз алып, алысқа қыз беру арқылы жат ру-тай- палармен достық қарым-қатынасын нығайтып отырған. Əсіресе мұндай қарым-қатынасты жалғайтын қыз деп түсініп, қыз баланың тəлім-тəрбиесіне ерекше мəн берген. Барған жерінде қыз бала тəр- биелілігімен көзге түсіп қана қоймай, сол барған жеріне өз елінің дəстүр-салтын, қағида ережелерін таратады деп санаған. Нəтижеде отбасында институттар қалыптасып, жетіліп, дамып отырған.

Қазақ арасында неке құрудың бір түрі – ертеректе көрші ха- лықтармен жиі болып тұрған соғыстар мен шабыстарда қолға түскен тұтқын қыз-келіншектерге үйлену. Феодалдық қоғам қа- тынастарының үстем болған кезінде қазақ хандары мен билерінің мүддесіне сай қалмақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ жəне башқұрт халықтарымен болған əртүрлі шайқастардың нəтижесін- де қолға түскен тұтқын қыз-келіншектерді, ең алдымен, соғысқа қатысқан батырлар бөлісетін де, одан қалғандарын ел шетіне кі- рер-кірместе алдынан сауғалап шыққан туыстары алатын. Сөй- тіп, тұтқынға түсіп батырлар үлесіне тегін тиген жас қыздар мен келіншектер неке құратын болса, мосқал тартқандарының күні күңдікте өтетін.

Жаугершілікте пенде болып қолға түскен Орта Азия халық- тарын былай қойғанда діні, тілі, əдет-ғұрпы, салт-санасы бөлек қалмақ қыздарының қазаққа сіңісіп кеткендері туралы қазақ ара-


сында аңыз-əңгімелер өте жиі кездеседі. Аңыздар бойынша кей уақытта қолға түскен тұтқын сұлуға көптеген батырлар таласып, өздерінің қолбасшыларының алдына баратын, енді бірде қыздар- дың өздеріне таңдау беретін.

Бүгінгі таңда əлемде этносаралық некелердің көбейюі бай- қалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мəдени немесе дінге қа- тысты неке-отбасы қатынастары этникалық сипат алуда. Қазақ- станда аралас қазақ-орыс, орыс-украин, қазақ-ұйғыр, орыс-корей, қазақ-корей, қазақ-татар, орыс-неміс, орыс-татар жəне т.с.с. неке- лер өте көп.

Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мем- лекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қа- тынастар əралуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті – ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау, яғ- ни халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара əрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру жəне жүзеге асыру. Қазақстан Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте ғана емес, дүниежүзілік дең- гейде де этносаралық некелердің көптігімен ерекшеленіп, тіпті конфессияаралық некелері бар елдер қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қа- зақстан халқы Ассамблеясының I сессиясында ұлттық мəселенің шешімін халықтар арасындағы татулық пен сенімді нығайту ар- қылы табуға болатынын, біздің басты бағытымыз ымыраға кел- тіретін жолдарды іздестіру жəне біріктіретін бастамаларды ны- ғайту арқылы барлық неке түрлерін құрметтеуге, оның ішінде аралас некелерді де, негізделуге тиіс екенін атап көрсетті.

Ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлі ұлттық топтар мүддесін ескеруге байланысты. Ең бастысы – осы мүдделердің үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз ету.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет