Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Этникалық құрылымды зерттеудегі конструктивистік тəсіл



бет4/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Этникалық құрылымды зерттеудегі конструктивистік тəсіл

Конструктивизмнің негізгі теориясы. «Ұлт – мемлекет» концепциясы. Ұлттар мен ұлтшылдықты «белгісіз қауымдас- тық» ретінде қарастырған ғалым Б. Андерсон. Оның оппоненті Э. Эриксон этнос – белгілі бір топтың жəне тұлғаның мəдени дəстүрге енген ұқсастық формасы ретінде деп айтады. Зерттеуші Э. Геллнердің «Ұлттар жəне ұлтшылдық» кітабының басты иде- ясы – бұл ұлтшылдық, яғни саяси қауымдастықтың реконцепту- ализациялық механизмі. Мұны П. Бурдье де қолдап отыр. Этни- калық бірлестік – өзара əлеуметтік байланыс нəтижесі ретінде қарастырған Э. Хобсбаум. Орыс жəне кеңес этнографиясында В. Тишковтың «этнос – метафора ретіндегі феномен, оның өкілдері- нің ортақ атауы жəне мəдениеттік түрлерінің бөлісуі, шығу тегі мен тарихи ортақтығы, ынтымақтастық сезімге ие болуы» деген пікір басым болып келді.


Этникалық зерттеу əдістемесіндегі конструктивистік (пост- модернистік) тəсіл сипаттамасы кең мағыналық. Этнос – ерекше мəдени белгілері жəне өзге қоғаммен мəдени байланыста бола- тын адамдар қауымдастығы ретінде түсіндірілді. Сонымен, этни- калық қауымдастықтың белгілері ортақ шығу тегімен байланыс- ты емес, оның жалпы ортақ тарихи тағдырына, мифке, сондай-ақ шектелген мəдени ортаға байланыстылығы жан-жақты айқында- лып, осы тұжырым аясында көрініс тапты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет