Этнос зерттеудегі инструменталистік əдіс
Примордиалистік тəсілге қарағанда инструменталистік тə- сілдің этникалылықтың объективті негізін іздестіруге емес (инс- трументализм этносты факт, шындық ретінде қабылдайды), қауымдастық пен этностың орындайтын функцияға бағытталды. Инструментализмнің əдістемелік көрсеткішінің бірі – этникалық бірлік топ мүддесінің орындалу құралы, саяси күресте жұмы- луы деп айтқан ғалымдар қатарында Д. Белл, Г. Вулп, Н. Глезер, Д. Мойнихэн. Ал Р. Джексон этникалық қауым – «топ мүддесі»,
«жұмылдыру тобы» деп сипаттаған. Этникалық топтың сақталуы
қазіргі қоғамға тəн бұқаралық мəдениеттің жəне құндылықтың қажеттілігі мен прагматизмі үшін адам қажеттілігіндегі жатыр- қауды жеңу деп түсінген. Этникалық сананы саяси күш ретінде көрсетуге тырысқан У. Коннор. Ұлтшылдықтың этномəдени жəне азаматтық түрі, ұғымдары, сондай-ақ этносты анықтаудың негіз- гі тəсілдері айқындалды. Этностың күрделі құрылым ретінде си- патталуы, оның салыстырмалы категория ретінде көрінуі заңды еді. Осы тұжырым этникалық топтардың өзіндік мəдени ерекше- ліктері, құндылықтары мен қызметтерін айқындауда біршама кө- мегін тигізді.
Этностың ақпараттық концепциясы. Əлемдік этнологияда этникалықтың инструменталистік тəсіліне Н.Н. Чебоксаров пен С.А. Арутюновтың этностың ақпараттық концепциясын қосамыз. Ақпараттық байланыстардың əр үрлі (синхрондық, диахрондық) қатынас формалары түрінде болады, ақпараттық байланыстар түрлі жолдар арқылы (тілдік қатынас көмегімен көрсету, еліктеу) беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |