ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
ЭТНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Этнос пен этникалық процестерді зерттеудегі примордиалис- тік теориясы.
Этникалық құрылымды зерттеудегі конструктивистік тəсіл.
Этнос зерттеудегі инструменталистік əдіс.
Этностың примордиалистік теориясы. Примордиализм- нің философиялық жəне дүниетанымдық негізі – бұл этника- лық объективті мəлімет ретінде адамзат тарихындағы алғашқы (примордиалистік) тұрақтылық. Примордиалистік (жалпылай көзқарас) теориясының этникалық жекелеуіне, адамның топ- пен немесе сол мəдениеттің табиғи байланысына негізделуі əбден заңды. Примордиализмнің теориялық көздері объектив- ті факторларға байланысты. Примордиализмнің жақтастары этнос пен этностықты табиғатта немесе қоғамда жалпылама негізі бар шынайы феномен ретінде өмір сүреді деп есептейді. Этностың шығуы туралы осы екі объективті нұсқаны негізге ала отырып, примордиалистік тұрғыдағы барлық теориялар- дың екі бағытқа бөлінуі: табиғи жəне тарихи-эволюциялық деп қарастырылады.
Табиғи бағыт. Бұл жерде примордиалистік құрылым ретінде ата-тегі бір, бір нəсілге жататын биологиялық механизм деп ай-
қындалады. Примордиалистер этникалық ұғымын эволюциялық идеялар көмегімен «кеңейтілген қоғамдық топтардың» немесе
«туысқандық талдау мен байланыстардың кеңейтілген форма- сы» ретінде түсіндіреді. Тарихи-эволюциялық бағытта этностың жүйелі параметріне баса назар аударылады. Əсіресе этногенез бастаулары, этникалық тұтастықтың құрылымдылығы, оның та- рихи дамуының сатылылығы, соның ішіндегі «тайпа», «халық»,
«ұлт» түсініктері, этникалық шекараларды бекіту, этнос аралық өзара əрекеттестіктің оптимизациясы, этносқа ғасырлар бойы өзі- нің қайталанбастығын жаңғыртуға мүмкіндік беретін «этникалық константаларды» іздестіру, этногенетикалық процестерді болжау жəне т.б. мəселелер жан-жақты қарастырылады.
Этностың биоəлеуметтік концепциясы. Л.Н. Гумилев тұ- жырымдамасындағы этностың пассионарлық теориясы этноге- нездің негізгі тарихи түрлерін айқындап берді. Мысалы, палео- этногенез – этностардың түрлі метаэтникалық қауымдастықтар негізінде қалыптасуы. Мезоэтногенез – халықтар типті этностың, яғни тайпа мен ұлт арасындағы этностың пайда болуы. Неогенез
жаңа жəне қазіргі заманның этногенезі.
«Этносфера» ұғымы адамзаттың жер шарындағы тірші- лігінің формасы ретінде енгізген Л.Н. Гумилев этнос концеп- циясындағы биоəлеуметтік түсінікті айқындап берді. Этногенез
тірі зат, биохимиялық энергияның этностың тарихи қызметіне жəне этномəдени энергиясына өзгеруі деп пайымдайды. Этнос- тың пайда болуы, қалыптасу орны мен даму циклдері белгілі бір «заңдылықтарға» тəуелді бағытталады. Ғалымның пікірін- ше, олар үш қағиданың бірлігімен анықталады: географиялық (ландшафт), этникалық (халық) жəне саяси-əлеуметтік (мемле- кеттік). Алғашқы екі маңызды принциптің жаратылыс ғылы- мымен байланысты болуы, үшіншісі алғашқы екеуінің өнімі ретінде адам туралы ғылым сферасына жатқызылды. Л.Н. Гу- милевтің теориясы біраз ғалымдардың арасында қолдау табып, əрі қарай дамытылды.
Этностың əлеуметтік-тарихи концепциясы. Ю.В. Бромлей- дің этнос жəне этникалық-мəдениет теориясына сəйкес этносқа тəн белгілері мен компоненттері анықталды. Бұлар: ішкі бірлігі, өзіндік сана-сезімі мен идентификациясы, ортақ психикасы, тер- ритория тұтастығы, тілі жəне т.б. Этнос терминінің кең мағынасы қолданыла басталды. «Этникалық мəдениет» жəне «этнос мəде-
ниеті» ұғымдары қалыптасты. Этнос «этникалық-этноəлеуметтік организм» ретінде қарастырылып, күнделікті тəжірибеде этнос- тардың өзіндік материалдық жəне рухани мəдениеттерімен ерек- шеленді. Негізгі терминдер, ұғымдар кеңестік этнография сала- сында кеңінен қолданылды.
Этностың синергетикалық концепциясы. Синергетика – күр- деліліктің жоғарғы деңгейіндегі бірізділік емес тепе-теңсіздік жүйесінде өзін-өзі басқару үрдісін зерттейтін ғылым. Бұл ғылыми бағыт аясында этносты біркелкі емес синергетикалық жүйе ретін- де қарастыру қабылданған. Түсінік бойынша, этникалық тəжірибе феноменін зерттеу, этностардың өзін-өзі ұйымдастыру процесінің əлеуметтік тұжырымдарын талдау, этностың иерархиялық құры- лымының жүйеленіп бөлінуі жəне олардың өзара ықпалдасуы өте маңызды əрі ғылыми тұрғыдан өзекті болып келеді. Этнос құры- лымы жасалуының синергетикалық қағидалары қалыптасып, эт- никалық жүйенің бірізділік емес ұғымы, оның ұжымдылығы, этни- калық құрылымның икемділігі дəлелденді. Этногенездегі мəдени байланысты зерттеудегі синергетикалық тəсілдің жалпы ғылыми əдіс болып есептелуі жəне қоршаған ортаны диалектикалық тану əдісі болып табылатындығы күмəн келтірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |