Өзбектер – Орта Азиядағы түркі тектес халықтардың бірі. 1999 жылы олардың Қазақстандағы жалпы саны 370663 адамды құрады. Өзбектердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанда мекен- дейді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында – 332202, Жам- был облысында – 22501. Еліміздің басқа облыстарында олар сирек кездеседі. Мысалы, Ақмола облысында – 2650, Алматы облысында – 2650, Атырау облысында – 145, Шығыс Қазақстан облысында – 1203, Батыс Қазақстан облысында – 251, Қарағанды облысында – 2325, Қостанай облысында – 795, Қызылорда об- лысында – 1051, Маңғыстау облысында – 394, Алматы қ. – 4304, Астана қ.– 429 тұрғын.
2009 жылғы санақта елімізде 456 997 өзбек мекендеді. Өзбек- тердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанда мекендейді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында – 401630, Жамбыл облысында – 24986, Алматы қ. – 6853, Алматы облысында – 3441. Егерде басқа облыстарды қарастырсақ, оларда аталмыш халықтың саны төмен: Астана қ. – 4344, Қарағанды облысында – 2699, Шығыс Қазақ- стан облысында – 1175, Қызылорда облысында – 1074, Қостанай облысында – 881, Ақмола облысында – 872, Маңғыстау облысын- да – 612, Атырау облысында – 416, Батыс Қазақстан облысында
314, Оңтүстік Қазақстан облысында 1992 жылдан бастап өзбек қоғамы, ал 1997 жылы өзбек мəдени орталығы құрылды.
Жоғарыда айтылғандай, өзбек халқы тұратын дəстүрлі ай- мақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, ол жерде олардың халық са- ны ішіндегі үлесі 16,3%-ды қамтиды. Көптеген автохондық өзбек топтары Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам (134 мың адам халықтың 62%-ын құрайды) жəне Сарығаш (9 мың адам – 4,2%) аймақтарында, Шымкент (53 мың адам – 12,1%) пен Түркістан (79 мың адам – 43,7%) қалаларында өмір сүріп жатыр.
Татарлар – түркі тілдес халықтардың бірі. Татарлар Алтай тілдік семьясының құман тармағының қыпшақ бөлімінде сөй- лейді. Олар, негізінен, Орта Азия, Еуропа елдерінің біраз бөлігін, Еділ мен Жайық бойын, Сібір мен Астрахан далаларын мекен- дейді. Татар этнонимі Байкалдың оңтүстік-шығыс жағын ме- кен еткен моңғол тайпаларының арасында V – IX ғасырлардан белгілі болды. Олар Еділ-Орал татарлары, сібір татарлары, аст- рахан татарлары болып үш этнотерриториялық топқа бөлінеді. Татарлардың Батыс Сібірге, Қазақстан мен Орта Азияға қоныс аударуының бірнеше «толқыны» болған. Олар Қазақстанға Иван
Грозный патша заманынан бастап келе бастаған. 1552 жылы Қа- зан хандығының ыдырауы да татарлардың ауа көшуіне əсер етті. Ресей империясының қанаушылығына қарсы көтерілістің басып тасталуы, татарларды күштеп христиан дініне өткізу, салық жүйесінің өсуі де оларды қазақ даласына алып келді. Ұлы Бұлғария кезеңінен Еділ, Орал, Қазақстан арасында сауда байланысы жүрді. Кіші жүз бен Ұлы жүз жеріндегі майда сауда татар көпестерінің қолында болды. Қазақ жерінде бірінен соң бірі татар сауда орындары ашылды. Татар халқы қазақ жерінде бірте-бірте көбейе бастады. Əсіресе ХІХ ғасырда татар көпес- тері мен саудагерлерінің кіруі қарқындады. Қазақ кəсіпкерле- рімен біріге отырып олар Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Қарабұтақ қалаларында қоймалар, дүкендер, сабын шығару орнын, т.б.
ашты.
Атақты түркітанушы В.В. Радловтың дерегіне жүгінсек, Ер- тіс бойындағы татарлардың қазақ жеріне XV-XVI ғасырларда Орта Азияның оңтүстік хандықтары мен Еділ бойынан кей жағ- дайда еріксіз, кейінде ерікті түрде келгенін айғақтайды. В.В. Рад- лов 1862 жылы Семей өңіріне барғандағы жолжазбасында былай дейді: «Семей əжептəуір үлкен қала екен. Мұндағы тұрғындар- дың саны 6 мыңға жуық. Орыстардың саны соның үштен бірінен аспаса, қалғандары татарлар мен қазақтар. Қазірде Семей Батыс Сібірдің қазақ даласы мен Батыс Қытай аралығындағы сауда ор- талығына айналған. Осы шаруамен негізінен жергілікті татарлар айналасуда». XVIII ғасырдың 2-жартысынан бастап татарлар қа- зақ жеріне кіре алмаған. Сондықтан да Ресей үкіметі ислам дінін- дегі татарларды пайдаланып, қазақ жеріне көшіре бастады. Олар қазақ жерінде оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосты.
Кеңестік заманның алғашқы онжылдығында татар мұғалім- дерінің, дəрігерлерінің келуі де толастады. Ал тың игеру кезеңін- дегі бірталай татар жастары келіп, түпкілікті қалып қойды.
1999 жылы Қазақстанда 248954 татар тұрды. Соның ішінде: Ақмола облысында – 17272, Ақтөбе облысында – 11675, Алма- ты облысында – 15647, Атырау облысында – 2728, Шығыс Қа- зақстан облысында – 24506, Жамбыл облысында – 12576, Батыс Қазақстан облысында – 10104, Қарағанды облысында – 39313, Қостанай облысында – 20070, Қызылорда облысында – 2309, Маңғыстау облысында – 2490, Павлодар облысында – 17064, Солтүстік Қазақстан облысында – 16472, Оңтүстік Қазақстан об-
лысында – 23627, Астанада – 8286, Алматыда – 24770. Сондай-ақ Қазақстанда жалпы саны 1006 болатын қырым татары тұрды.
Қазіргі таңда, яғни 2009 жылғы халық санағы бойынша елі- мізде 204 229 татар ұлты бар. Соның ішінде: Қарағанды облы- сында – 34215, Алматыда – 25619, Шығыс Қазақстан облысында
21780, Оңтүстік Қазақстан облысында – 21429, Қостанай об- лысында – 16706, Павлодар облысында – 15532, Ақмола облы- сында – 14645, Алматы облысында – 14620, Солтүстік Қазақстан облысында – 14433, Астанада – 11600, Ақтөбе облысында – 9652, Жамбыл облысында – 10651, Батыс Қазақстан облысында – 9039, Атырау облысында – 2529, Маңғыстау облысында – 2191, Қызы- лорда облысында – 1873.
Достарыңызбен бөлісу: |