Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Қазақстан халықтарындағы дəстүрлер мен наным-сенімдер



бет47/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қазақстан халықтарындағы дəстүрлер мен наным-сенімдер



Қазақ халқының əдет-ғұрыптары. Қазақ халқында қалып- тасқан дəстүрлі əдет-ғұрыптар: меймандостық, қарттарды құр- меттеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, əйелдерді аялау.

Қазақтардың үйіне келген əрқандай мейманды таныса да, танымаса да, жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтетіні баршаға мəлім. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру»,

«қонақасы – қазақтың бөлінбеген елшісі» деп есептейді.

Той-мереке, т.б. жол-жосындар қазақта көп. Отбасылық-неке- лік қатынастарға негізделген əдет-ғұрыптар өте маңызды. Құрсақ тойы, қалжа мен шілдехана, бесік тойы, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, қыз ұзату жəне келін түсіру тойы да бар.
Қазақтар үшін «той» тек той жасаушы жеке отбасының қуанышы ғана емес, тіпті бүкіл туыстарының, көрші-қоныстарының, елдің ортақ мерекесі болып есептеледі. Бұдан сырт қалу елдің елдігіне нұқсан келтіргендік, азаматтық борышты атқармағандық болып есептеледі. Қазақтың ас-тойына шақырылған аумақтағы ер-əйел, кəрі-жас, бала-шаға түгел қатысады, белгілі бір себептермен үйде қалғандарға да ас-тойға барғандар сарқыт алып қайтады. Қазақ өмірінің əрбір белесі тойсыз, өлеңсіз өтпейді. Аталмыш тойлар- дың «тойбастар» жырымен жəне шашумен басталады.

Қазақтың салт-дəстүр, əдет-ғұрыптарына қайта оралудың рө- лі туралы Н.Ə. Назарбаевтың еңбегіндегі: «Əр халықтың өмірін- дегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дəстүрлерге на- зар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мəдени дəстүрлер қашан да əлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи-мəдени тамырларыны қайта оралу – бұл, əрине, оң процесс», – деп айтады ғалымдар.

Қазақтардың дəстүрлі мəдениетіндегі біртұтастық, этноай- мақтық жəне жергілікті ортаға тəн салт-дəстүрлері, ритуалдары, əдет-ғұрыптары баршалық. Олардың ішкі спецификасына ұзақ уақыт бойы көршілес этностардың мəдени-тарихи байланыста- рының əсері байқалады.

Қазақ жерінде көптеген таңғаларлық жəне даналыққа толы дəстүрлер сақталып қалған. Көшпенділер Ұлы Даланың белгі- леріне бағына отырып, адам өмірінің құндылықтарын бала кезі- нен көзінің қарашығындай сақтай білген. Өмір сүрген дəуірі мен жағдайларына қарамастан, «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деп мақалда міндеттелген бабалар өсиетін бұл- жытпай орындаған. Бұл даналықты жартымызға жуығымыздың дəстүрлерді былай қойып, туған тілін білмейді деген тұжырымға қарамастан, қазіргі қазақтар да жадына мықтап тұтқан. Сүйінші, шілдехана, сүндет той, байғазы, беташар сияқты ұғымдардың мə- німен таныс емес қазақты кездестіру кемде-кем. Қазақ өз салтын, дəстүрін сыйлаған халық.

Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық жə- не оған дейінгі дəстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұр- мысының бір бөлігін құрайтын еді. Əр жерде жерлеу, еске алу жəне үйлену, сүндетке отырғызу дəстүрлері өткізіліп жатты; əсі- ресе оңтүстіктегі аудандарда Құрбан айт пен Ораза айт айрықша атап өтілді. Мұсылмандыққа дейінгі көптеген салт-дəстүрлер мен
əдет-ғұрыптар: «тасаттық», «бесік құда», «қарсы құда», «сүйек жаңғырту», «қалындықты алып қашу», «қалың төлеу» кең тарап, бұларды кейбір қазақтар мұсылмандық дəстүрлер деп ұқты.

Тұсаукесер. Нəресте ең алғаш тəй-тəй басып жүре бастағанда ата-анасы «тұсаукесер тойына» қонақтар шақырады. Сəби аяғына байланған ала жіпті кесу құқығына кез келген адам ие бола алмай- ды. Тұсау кесуші барлық жағынан алғанда ұнамды, өмір жолы өз- геге өнеге болуға тұрарлықтай басалқалы, ақылды, адал адам болу- ға тиіс, өйткені наным бойынша сəбидің келешек тағдырына ұқсас болады. Сонымен қатар ол жылдам, яғни ептейлі, шапшаң адам болуға тиіс. Сонда есейгенде бала сүрінбейтін болады.

Бұл салтқа арналған ала жіпті əртүрлі үш материалдан дай- ындайды. Біреулер ала жіпті өсімдік сабақтарынан əзірлейді. Мұ- ның мəнісі бойынша бала ержеткенде ұрпағы өсімдіктей қаулап өсетін болады деп есептеледі. Ал баламыз бай болып өссін дей- тіндер тоқшылық белгісі деп ала жіпті қойдың тоқ ішегінен жа- сайды. Бірақ адамдардың көпшілігі өз ұрпағын адал, қайырым- ды, өз Отанын сүйетін жəне халқының бақыты үшін күресетін адам ретінде көргісі келеді. Сол себепті тұсауды үш түрлі түстен тұратын жүннен иірілген жіптерден дайындайды. Қазіргі біздің заманымызда да «ала жіпке» басымдық береді. Ақ түс баланың қайырымды, адал, жасыл ұзақ өмір сүруін, қызыл бақуатты, бай болуын тілеген ниетті білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет