Орыстар. Масленица – славян халықтарының көктемгі ме- рекесі. Масленица салтының символикасы қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян дəстүрлеріне байла- нысты. Ежелгі Русьте ақпанды жылдың соңғы айы деп есептеген, сондықтан оны «сечень» (кесу деген мағынаны береді) жылдың соңын кесуші деп атаған, сондай-ақ межень деген атқа да ие бол- ған, бұл қыс пен көктемнің шегі дегенді білдіреді. Ай бойына жиі болатын бораны мен сырғытпасына қарай ақпанды «желқуар» жəне «сұрапыл аяз айы – лютьня» деп те, кейде «бүйір жылыт- қыш» деп те атаған. Өйткені ақпан бірде қаңтар болып қысса, ен- ді бірде наурыз болып күлімдейді.
Масленица аптасында барлық адами əрекетке рұқсат етілген. Кең көлемде, көңілді əуенмен мерекеленетін қыдырымпаздық масленица, əрқашан да ауқымды, бұқаралық түрде атап өтіледі. Күннің, көктем мен жылылықтың символы – көпірте пісірілген құймақ мерекесінің бұлжымас бөлшегіне айналды, оны əр күні: уылдырықпен, қаймақпен, жұмыртқамен, балмен, тосаппен – əр- кім өзінде барымен пайдаланған. Бұл аптада күпті болғанша жеп, тоюдың еш айыбы жоқ, əрбір отанасы өзінің туыстары мен жа- қындарын жақсылап тойғызуға тырысады. Дəстүрлі тұрмыста əр- қашан да масленица аптасын көңілсіз өткізген адам бүкіл жыл бойына солай жүреді деп есептеген.
Алайда масленицаның мəнін ас-тамақ қана құрамайды. Кең мағынасындағы қыдырыспаққа да үлкен мəн беріледі. Масленица
бұл би билеу, əн салу, таудан сырғанау, күлдіргі ұрыстар, масле- ница қарақшысын жасау: бұрын сабаннан жасалатын, кейірінек
«қар əйел» үлгісінде қардан істеуге көбірек көңіл бөлінеді, алау жағылады жəне т.б. көптеген ойындар ойналады. Масленица бір күндік мереке емес. Бұл бүтіндей бір апта.
Достарыңызбен бөлісу: |