Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет50/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Ұйғырлар. Кез келген отбасы үшін баланың өмірге келуі ма- ңызды оқиға болып саналады. Осы заманғы ұйғырлар да ата-баба дəстүрлерін құрмет тұтып, оған байланысты барлық – бала тууы,
ат қою, салтанатты түрде бесікке бөлеу – «бошук той», қырқынан шығару – «қырық суы», салттық кесу – «сүннет той» жəне бас- қа салтанаттарды қатаң сақтайды.

Өзінің тұңғышын ұйғыр қызы анасының үйінде өмірге əке- леді. Босанғанға дейін 20-30 күн қалғанда жас келіннің анасы күйеу баласына барып, қызын үйіне алып кетуге – «тілеп еліш» рұқсат сұрайды. Болашақ əженің қасына туыстары мен жақын- дары сыйлықтарын «арқалай» ереді. Сəбидің дүниеге келгеніне 12-күн болғанда нəрестеге ат қояды, дастарқан жайылып, күйеу баланың туыстары мен молда шақырылады. Қырық күн бойына əженің үйіне сыйлықтар мен дайын ас мəзірлерін алып, əйелдер келіп тұрады. Бұл қызын күтімге алып жатқан анаға өзіндік бір көмек болып саналады.

Қырқыншы күні баланы шомылдыру – «қырық су» салты орындалады. Ол үшін бір шымшым тұз, адыраспан шөбі, 1-2 ке- сек қант, күміс тиындар салынады. Жоралғыға қатысып отырған- дардың барлығы екі ағаш қасықпен ыдыстағы суды алып, əлгі ыдысқа құяды. Бұл салтқа қатысушы əрбір əйел нəрестеге деген игі ниетін айтуға тиіс. Осы суды аздап жылытып алып, баланы шомылдырады, содан соң алғаш рет шашы мен тырнағын алады. Келесі балалардың дүниеге келуі мен «қырық суын» құюы əкесі- нің өз үйінде атқарылады.

«Қырық судан» кейін белгіленген күні жас ананың əкесінің үйіне жас əкенің ата-анасы қалыңмалын жəне баланы салтанатты түрде бесікке бөлеу тойы – «бошук тойға» арналған азық-түлі- гін алып жетеді. «Бошук тойға» барлық туыстар мен жақындар шақырылады. Аталған салтанаттың өту шығынын көбінесе жас ананың шешесі өз мойнына алады, сонымен қызы мен жиеніне арнап сыйлықтар да əзірлейді. Осы мерекеде жас ананың балаға қарасқан сіңлісі, яки əпкесі – «янге» ерекше сыйлыққа бөленеді.

Қазіргі таңда көптеген отбасыларда «чушав той» салты жаң- ғырып жатыр. Салттың мəні мынада: сəби алғаш тəй-тəй баса бастаған күндері оның аяқтарын ала жіптен иірілген жіппен ші- дерлейді. Содан кейін егде тартқан қадірлі бəйбіше тұсауды кесе- ді. Осыдан кейін бала сүрінбейді жəне құламайды деп есептеген. Бұл салттың соңы көңілді отырысқа жəне əйелдер мен балаларды тəтті-дəмдімен тойғызуға ұласады.

Əрбір мұсылманның, соның ішінде ұйғыр балаларының өмі- рінде ең маңызды да салтанатты оқиғаның бірі – «сүннет той» бо-
лып есептеледі. Сүндеттеу салты 5-7 жас аралығында жасалады. Əдетте, салтанатты жиын тұңғыш ұл үшін ғана ұйымдастырыла- ды. Дəстүр бойынша, жас əкенің өз бетінше өткізетін алғашқы тойы əрі есейгендікке салынар сынақ болып саналады.

Сүндеттеу рəсімін молда оңаша бөлмеде орындаған. Қас-қа- ғым сəттік ауырсынуды жеңіл көтеру үшін баланы сыйлықтар- мен, ақшамен алдаусыратқан. Тойдың өзі басқа бөлмеде көңіл көтерумен, музыкамен, би билеп, ұйғырдың халық əндерін орын- даумен өтеді. Ал бала өскен кезде ол «мяшрапқа» қатыса алады.



«Мяшрап» ежелгі ұйғыр салты, қазіргіше айтқанда демалыс кеші. Өз шеңберінде бір ауданда немесе ауылда тұратын, ол клан- дық па, туыстық па, жасы ма əлде қызмет аясы ма, əйтеуір ортақ көзқарастары бар, бір жастағы жинайтын мяшрап күздің соңына қарай басталып, көктемге дейін созылады. Мұндай берекелі де тоқ жиынға қатысушыларды «отыз жігіт» – «отыз оғул» деп атайды.

Мяшрап кезінде оған қатысушылар халық əндерін айтып, би билейді, əзілдеседі жəне бір-біріне ойдан шығарылған яки шы- найы əртүрлі оқиғаларды айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет