Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Қолайсыз отбасылардағы балалардың əлеуметтік-психологиялық қиындықтары



бет44/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қолайсыз отбасылардағы балалардың əлеуметтік-психологиялық қиындықтары

Ұсынылып отырған мəселені зерттеудің өзектілігі елімізде- гі тұрғындардың басым көпшілігі қандай да бір объективті жəне субъективті себептерге байланысты отбасылық-некелік қатынас- тары бұзылған толық емес отбасылардан тұратындығымен түсін- діріледі. Солардың ішінде жетекші орындағы келесі себептерді атап өтуге болады: некенің бұзылуы немесе ажырасу, ерлі-зай- ыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе некесіз бала туу. 1999 жылғы тұрғындар санағы бойынша Қазақстанда алдыңғы екі көрсеткіш бойынша 1 млн 675 мың адам ғана саналған, яғни еліміздегі халықтың 11%-ын құраған жəне осындай отбасылар- дың 67%-ы қала тұрғындарына тəн. Ал егер некесіз балаларды дүниеге əкелген əйелдердің санын алатын болсақ, онда жоғары- да аталған сандар мен пайыздар айтарлықтай жоғарылайтынды- ғы айдан анық. Осы беріліп отырған мақалада басты назар ерлі- зайыптылардың арасындағы байланыстың үзілуінің нəтижесінде пайда болған толық емес отбасылардың мəселелеріне, сондай-ақ осындай отбасындағы балалардың жағдайына аударылып отыр.

Кəмелетке толмаған балалардың тағдыры деген сөйлемнің

мазмұнында не жатыр? Бірқатар ғалымдар бұл – ең алдымен, олар- дың мүдделерін толық жəне жан-жақты қорғауға қабілетті жəне болашақ кəсіби немесе басқа қоғамдық-пайдалы əрекеттеріне дай- ындық жасау үшін олардың болашақтағы білімінің, рухани жəне физикалық дамуының мүмкіндіктері мен жолдары деп есептейді.

Бала əлеуетін жүзеге асырып отырған отбасы оның болашақ- тағы мінез-құлық үлгісін: қолайлы немесе қолайсыз түрін түп- кілікті анықтамасы да, белгілі бір дəрежеде анықтайды. Аурасы жағымсыз, қолайсыз отбасында жəне ортада өскен, тəрбие көр- ген жастар болашақта да, оның қолайлы отбасында өскен құрдас- тарына қарағанда, əлдеқайда көп қиыншылықтарға кез болады. Міне, осылар негізгі маңызды себептер болып табылады. Бірін- шіден, оларға өздерінің ата-аналарының ауыр тəжірибесінен ем- делуі керек, себебі мұндай «науқас» əкеден ұлына, анасынан қы- зына өтуінде жəне т.б. Əйгілі генетик Малиновский өз уақытында


əкесінің əлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан (немесе таппаған) мінез-құлқы оның ұлдарының 25% -ына беріледі. Ал қалған 75% əкесінің тəжірибесін қайталамауға тырысады. Екіншіден, оларда болашақта жауапкершілікті жəне қамқор ата-ана болу үшін қа- лыпты ерлі-зайыптық қатынастардан тұратын отбасын құру үлгі- сі мүлде қалыптаспаған. Егерде олардың дені сау отбасын құруға деген ұмтылыстары жақсы болса, онда олар дені сау отбасын құ- руға құлшынатын жəне өзінің ата-анасының жағымсыз тəжірибе- сін арқаламаған, жұбайы тарапынан түсіністік табады.

Ал статистикалық мəліметтер некенің бұзылуы себебінен толық емес отбасылар санының өсуіне, соған байланысты ата- аналарының біреуі жоқ кəмелетке толмаған балалар санының көбеюіне беталысты анық байқатып отыр. Əдетте, баласыз от- басылырға қарағанда, баласы бар отбасылар көбірек бұзылады. Мысалы, егер 1989 жылы соңғы аталғандардың үлгісі республика бойынша 38,3%-ды құраса, ал 1999 жылы бұл көрсеткіш 33,2% ғана болған. Бұл жерден бір немесе бірнеше балалары бар от- басылардың бұзылуының өсуіне беталыс анық байқалып отыр (7-кестені қараңыз). 1999 жылы Қазақстанда ресми түрде бұзыл- ған некенің 67,8%-ында 26 753 бала əкесінен немесе анасынан айырылған, басқаша айтқанда, ажырасқан бір отбасына 1,5 тас- танды бала есептеліп отыр, сонымен бірге балалардың басым бө- лігі 6 жасқа толмаған. Ал егер қандай да бір себептерге байланыс- ты жылдар бойы тіркелмеген ажырасулардың бар екенін есепке алатын болсақ, онда жоғарыда атап өткен көрсеткіштердің соңғы нəтиже емес екендігі анық болып, өсім жағынан айтарлықтай тү- зетулер енгізуді талап етеді.

Балалары бар отбасылардың ажырасуының көбеюіне бет-

алыс тұрғындардың басым бөлігі қазақтардан құралған, бір ғана ұлттық Қызылорда жəне Атырау облыстарында өте айқын байқа- лады, бұл облыстарда 1999 жылғы санақ бойынша жалпы тұрғын- дардың 94,2 жəне 89,0%-ы қазақтардан құралған. Бұл облыстарда ажырасқандардың, сəйкесінше, 90,6 жəне 80,7%-ында кəмелетке толмаған балалары болған (орта есеппен бір отбасына 1,8 бала- дан келеді). Осыған ұқсас жағдай аталған екі облыстан көрсеткі- ші төмендеу, алайда еліміздің басқа аймақтарымен салыстырған- да жоғары болып отырған Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасып отыр. Бұл аталған облыстарда да жалпы тұрғындардың құрамында қазақ халқының


үлес салмағы басым болып келеді. Дегенмен баласыз ажырасулар басқа облыстар мен ауылдық аудандармен салыстырғанда, өзінің полиэтникалық сипатымен ерекшеленетін, еліміздің солтүстік жə- не оңтүстік астаналары – Астана жəне Алматы қалаларында көп орын алып отыр. Осы аталған қалалардағы ажырасқан ерлі-зайып- тылардың 41,2 жəне 40,1%-ының балалары болмаған.


  1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет