Ұлттық-мəдени орталықтарын құрудағы алғышарттар мен жағдай.
Ұлттық-мəдени орталықтар қызметінің жəне құрылуының ұйымдастырушылық, құқықтық негіздері.
Ұлттық-мəдени орталықтардың негізгі қызметтері мен нəтижелері.
XVIII ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта Қа- зақстан территориясында шағын этностардың пайда болу про- цесі жүрді. Ресейдің еуропалық бөлігінен көшіп келген этностар стихиялы, өз еркімен, жоспарлы қоныстанды; Еділ бойы мен Кав- каздағы жекелеген этностар мəжбүрлік түрде депортацияланды. Осымен, Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Жүзден аса ұлт өкілдерінен тұратын көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық қа- тынастың дамуы əрқилы жүрді.
Ұлттық-мəдени орталықтардың пайда болуына бұрынғы КСРО-дағы жаңа тұрғыдағы қоғамдық, саяси, идеологиялық, əлеуметтік-демографиялық өзгерістердің ықпалы зор еді. КПСС-ң «қайта құруды» жариялауы ұлттық-мəдени орталық- тардың өмірге келуі мен нығаюына объективті мүмкіндік ту- ғызды. КСРО-ң құлауы жəне көп ұлтты Қазақстанның тəуел- сіздік алып демократиялық құқықтық қоғам жолына түсуі əртүрлі шағын этностардың ұлттық бірлестіктер іс-əрекетінің мүмкіншіліктерін, өзара іс-қимылдарын жоғары сатыда дамуы- на əкелді.
XX ғасырдың 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың ба- сынан республикада 34 ұлттық-мəдени орталық Қазақстан Рес- публикасының қоғамдық жəне аймақтық бірлестіктер жөніндегі Конституциясы мен Заңдарына сəйкес өз қызметтерін жүргізіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |