Жұмыстарының мəніне жəне мағынасына қарай Ассамблея- ның алдарында тұрған мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес қо- ғамдағы ұлтаралық татулықтың сақталуын нығайту, Қазақстан халықтарының этникалық мəдениеті мен тілін дамыту республи- камыздың Президентіне жəне оның қызметіндегі грант есебінде Қазақстан азаматтарының еркіндігі мен құқықтарының сақталу-
ын, олардың ұлттық-əлеуметтік міндеткерліктеріне қарамастан қадағалау болып табылады.
Бүгінгі күнде Ассамблеяның құрамында 339 мүшесі бар. Олар аймақтық жəне республикалық ұлттық-мəдени орталықтар- дың мүддесін қорғайды. Ассамблея қызмет еткен жылдарында Қазақстан қоғамының болашағымен байланысты экономикалық жəне саяси реформаларды, қоғамның əлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды мəселелерді белсенді талқылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 жылдық қызметінің негізгі нəтижелері мен табыстары:
Жалпы республикалық референдумдарды өткізуге ықылас білдіруі.
Олардың қоғамдық консолидациясын қамтамасыз ететін, тəжірбиелік нəтижесін, саяси жағдайларын, пікірлерін қайта қа- рауға талап қоюы. Осыған сəйкес Ассамблея төмендегілерді жү- зеге асырады:
елдегі саяси тұрақтылықты жəне ұлтаралық келісімді сақ- тауға көмек көрсету;
Қазақстан территориясында тұратын ұлт өкілдері арасын- дағы достық қарым-қатынасты дамыту, олардың рухани мəдени жаңаруына көмек көрсету, мемлекеттік саясатты жүргізуді қайта қарау ұсыныстарын жүргізу;
демократиялық жəне өркениеттік нормаларға сүйенетін саяси мəдениетті азаматтарды қалыптастыру;
Қазақстан халықтарының көп түрлі этникалық қызығушы- лықтарына баға беру.
Ұлтаралық саясат аймағында жаңа қоғамдық заң жобалары- ның рөлі күшейтілді. Қоғамдық сарапшылардың жаңа заң жобалары- ның құқықтарын қолдана отырып, Ассамблея мына заң жобаларының жасалуына белсенді қатысты: «Қоғамдық бірлестік», «Мəдениет»,
«Қазақстан Республикасының тілдері» туралы заңдар жəне т.б.
Қазақстан ұлтаралық қатынастарының мəселесін шешу- дегі ізденісі жолында ТМД елдерінің ішінде біраз тəжірибе жи- нап, қазірде алдыңғы қатарға шығып отыр. Республика Конститу- циясына 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сəйкес, Қазақстанның жаңадан сайланған Парламент Мəжілісіне Ассамблея мүшелері- нен 9 орын бөлінді.
2015 жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығы салтанатты түрде өткізілуі жоспарланып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |