Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет76/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Əлеуметтік құбылыс – əлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар əлеуметтік шындықтың көрінісі.

Əлеуметтік құрылым қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің жəне өн- дірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы жəне олардың өзара тұрақты қатынастары.

Əлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына жəне қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты əлеу- меттік əлем.

Əлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, əлеу- меттік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-əрекеттер жиын- тығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақы- ны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету жəне т.б. жатады.

Əлеуметтік стратификация (лат. stratum – жік, қатпар, қабат жəне facere – жа- сау) – негізгі əлеуметтік айырмашылықтарды жəне теңсіздікті көрсететін түсінік; оның келесі үш бағыты бар: 1) əлеуметтік мəртебені əлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) əлеуметтік бағыт-бағдармен байла- ныстыру; 3) негізгі жікжарғылар есебінде мамандық түрін, табыс мөлше- рін, білім дəрежесін басшылыққа алу.

Əлеуметтік топ – жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-əрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігі- нің, өзара əрекетінің негізгі түрі, бірігу дəрежесі əрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым.

Əулет – бір атадан тараған ұрпақтар, үрім-бұтақ, тұқым.

Əулие – ерекше дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға.

– Б –


Баба – арғы ата, ұлы ата.

Бақ – қазақ мəдениетінде бақыт, құт-береке, дəулет түсініктеріне жақын мағы- нада қолданылатын ұғым.
Бақыт – адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дəреже- сін танытатын этикалық ұғым.

Бедел – белгілі бір адамның адамгершілік жəне іскерлік қасиеттерін ұжымның, топтың бағалау дəрежесі.

Белгі – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрін- де көрінетін нəрсе.

Билингвизм (лат. bis екі мəрте + linqua – тіл) – қостілділік, дербес екі тілде бір- дей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің əлеуметтік саласы.

Билiк – қазақ халқының дəстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мəндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол

«өкімет» атауының синонимі ретінде қолданылып жүр.



Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқа- руы үшін жəне биліктің субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.

Биосфера (грек. bios – тіршілік, өмір + sphaira – шар) – тіршілікті қамтитын жəне соған байланысты өзіндік геологиялық, физикалық, химиялық құры- лысы бар жер қабаты.

Бипатридтер (лат. bis – қос жəне грек. patridos – отан) – екі елде азаматтығы бар адамдар.

Болжам – қандай да бір құбылыстарды, процестерді түсіндіру барысында қол- дау табатын немесе оны теріске шығаруға тура келетін алдын ала ұсыныл- ған ғылыми жоба.

Болмыс – санаға тəуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдар- дың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған ұғым.

Бос уақыт – қажетті істерден соң артып қалатын жəне күш-қуатты қалпына кел- тіруге пайдаланатын, сонымен бірге адамның дене жəне рухани дамуына жұмсалатын еңбектен тыс уақыт бөлігі.

Босқын аштықтан, қуғын-сүргіннен қашып көшу, қашқан ел.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет