Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет70/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ҚОРЫТЫНДЫ


Этнология ғылымы қазіргі халықтарды жəне ертеде өмір сүр- ген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бəріне бірдей ортақ жайларды, тарихи жəне мəдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кəсібін, қоғамдық жəне отбасылық қарым-қатынас- тарын, рухани мəдениетін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы екені белгілі. Осыған байланысты Л.Н. Гумилевтің «Этностардың өзіндік сыртқы ерекшеліктерін анықтайтын этнография тəрізді сипаттамалы ғылыммен қатар этногенез жəне адамзат пен тірі жəне қатып қалған табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың мəселелерін шешетін халықтану (этнология) ғылымын шығару мүмкіндігі бар. Бұл жаңа ғылым өзінің пəні, аспектісі жəне əдіс- темесі бойынша гуманитарлық ғылым қатарына емес, жаратылы- стану ғылымдарына жатады», – деген тұжырымы этнологияның дербес ғылым ретінде дамуы мемлекет ісінің алға басуына оңтай- лы əсерін тигізетіндігін айқындап тұр.

Осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған «Қазіргі Қазақ-

стандағы этникалық жəне этномəдени процестер» атты оқу құ- ралы этнология саласындағы өзекті сауалдарды зерделеуге ар- налған. Көптеген еңбектерде этнологияның түрлі тақырыптары саралағанмен де, осы уақытқа дейін қарастырылып отырған мəселелерді кешенді түрде айқындайтын қазақ тілінде жазылған оқу құралы жоқ десе де болады. Сондықтан аталмыш оқу құралы

«Археология жəне этнология» мамандығында білім алатын маги- странттар үшін аса қажет.

Ұсынылып отырған оқу құралы қазіргі Қазақстандағы эт- никалық жəне этномəдени процестерге байланысты негізгі теориялық мəселелерге талдау жасап, тарихта ғасырлар бойы қалыптасқан этнологияның негізгі ірі ғылыми бағыттары мен мектептерінің сипаттамасын қарастырады жəне этникалық про- цестерді этногенетикалық тұрғыдан түсіндіріп береді. Сонымен қатар бұл еңбекте этностың примордиалистік теориясы, этнос- тың биоəлеуметтік, əлеуметтік тарихына, синергетикалық кон-
цепцияларына талдау жасалып, Қазақстан территориясындағы этникалық үрдістер жан-жақты қамтылған.

Сондықтан ұсынылып отырған оқу құралын негізгі көмекші құрал ретінде магистранттар «этнос» теориясының іргелі мəсе- лелері мен қолданбалы аспектілеріне байланысты ерекшелен- ген терминдерді білумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарында оларды кеңінен пайдалана алады. Осыған қоса оқу құралы кеше- ні магистранттардың Қазақстандағы əр хронологиялық кезеңдегі этносаяси жəне этномəдени үдерістерге орынды баға бере алуы- на, олар бейімделген жүйелі білімдерін ғылыми зерттеулеріне, мақалаларына, реферат, курстық жəне бітіру жұмыстарында пай- далана алатындықтарына септігін тигізеді.

Оқу құралының мазмұны МӨЖ бен МОӨЖ-ге арналған əдіс- темелік нұсқаулар, аралық бақылау сұрақтары, реферат тақырып- тары, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар, глоссарий жəне тест сұрақтарымен жабдықталуы қазіргі ғылыми деңгейге қойы- латын талаптарға сай, мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты мен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Тұтас қамтығанда, «Қазіргі Қазақстандағы этникалық жəне этномəдени процестер» атты оқу құралы магистранттарды дү- ниежүзілік жəне отандық этнологияның іргелі мəселелерімен, этнос теориясының жалпы қабылданған жəне арнайы түсінікте- рімен, этногенетикалық жəне этникалық процестерді зерттеудің əртүрлі əдістемелік дəстүрлерімен таныстыратын еңбек болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет