Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


Ұлттық-мəдени орталықтардың негізгі қызметтері мен нəтижелері



бет65/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Ұлттық-мəдени орталықтардың негізгі қызметтері мен нəтижелері

Бұл орталықтардың негізгі мақсаттары мен міндеттері – бі- лім беру, тіл үйрену, мəдениеттің жаңғыруы, тарихи Отанымен байланысы, басқа көршілес этностардың мəдениеті мен тілін да- мытуға көмектесу, республикамызда қолайлы ұлтаралық қарым- қатынастарды туғызу.

Білім беру жүйесіндегі саясат – бұрыннан қалыптасқан ұлт- тық мектептердің деңгейін көтеру, жаңадан арнайы топтары, сы-
ныптары бар ұлттық мектептерді ашу. Мəдени орталықтардың ұйымдастыруымен жексенбілік мектептердің жұмыс істеуі, он- да үлкендер мен балалардың өз халқының тілі мен салт-дəстүрін үйренуге мүмкіншіліктерінің болуы.

Аталмыш мектептердегі сыныптардың бағдарламасын, оқу- лық кітаптарын жəне т.б. толығымен өз отандарынан алуының қажеттілігі туып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Рес- публикасындағы тілдер туралы» жарлығына сəйкес оны жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептерде, арнайы жəне жоғары оқу орындарында, мекемелерде, ұйымдарда тілдер апталығы мен ме- рекелері өткізіледі. Ұлттық-мəдени орталықтардың мемлекеттік тілді оқытудағы үлесі арта түсуде.

Республикалық, аймақтық, жергілікті ұлттық-мəдени орта- лықтардың белсенді арақатынасы арқасында жоғары оқу орында- рында тілші, филолог, лингвист мамандарды даярлайтын топтар- дың, бөлімдердің, факультеттер санының өсуі байқалады.

Республикада жыл сайын шағын этностардың көркем- өнерпаздар фестивальдарының, өлең жарыстарының тарихи мейрам күндерінің, жазушылар əдебиеттерінің, суретшілер көрмелерінің жəне т.б. мəдени шаралары жүйелі түрде өткізі- леді. Олардың аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жəне халықаралық байқауларға қатысып лауреат атанған. Мə- дени орталықтардың өз тұрғындарының жағымды жақтарын, ұлттық ерекшеліктерін жəне өз халықтарының мəдениетін ай- қындайды. Осы орталықтардың нəтижесінде танысу клубта- рының, спорт əуескерлерінің, əртүрлі балалар студияларының жəне т.б. үйірмелердің ұйымдастырылуы жүріп жатыр. Халық- тар достығы үйлерінде, ұлттық орталықтар мен мектептерде тек өздерінің ғана емес, сонымен қатар тектес жəне т.б. ұлттар- дың ана тілі, мəдениеті, салт-дəстүрі, өлең-жырларымен таны- суы жəне білуі де бар.

Ұлттық-мəдени орталықтарда жастар орталығының пайда болып, олардың қаланың жоғары оқу орындарымен тығыз қа- рым-қатынаста, танымал тұлғалармен кездесулер мен кештер, ұлттық мейрамдар, түрлі жарыстарды ұйымдастырып өткізеді. Сондай-ақ орталықтардың «Қазақстан-2030» даму стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы қазақстандықтарға жолдауын жүзеге асыру барысында белсенділік танытуы. Көп ұлтты Қазақстан-


ға мемлекеттік бірлік үшін, қазақстандық патриотизмді дамыту үшін жыл сайын «Достық апталығы», «Біз – қазақстандықпыз» атты шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі.

Ұлттық тілдердегі ақпараттық хабарлар – мерзімді басылым- дар, радио жəне теледидар хабарлары жүргізіледі. Ұлттық-мə- дени орталықтардың қызметтеріндегі қиыншылықтар мен ше- шілмеген мəселелер, олардың шешілу жолдарын қарастыру бұл күннің өзекті мəселесі болып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет