Ақиқат – өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, əлеуметтік про- цесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады.
Ақсақал – байырғы қазақ қоғамындағы ел тағдырын шешу мəселесіне белсене араласқан аса тəжірибелі, жасы үлкен, беделді де ықпалды адам.
Алашық – Орта Азия, Қазақстан, Кавказ халықтарының киізді күркесі.
Алғышарттар – пайымдау, бұдан ой түйіндеу арқылы жаңа қорыту келіп шы- ғады.
Алла – ислам дінінде бүкіл əлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жарату- шы, барлығы оның əмірімен болады, бүкіл болмыстың түптірегі.
Альтернатива (лат. аlternus – алма-кезек) – бірін-бірі жоққа шығаратын екі не- месе бірнеше мүмкіндіктердің біреуін ғана таңдау қажеттілігі.
Альтруизм (франц. аltruisme, лат. alter – басқа) – басқаның мүдделері үшін өзім- шілдікті тежеп, оған жанқиярлықпен қызмет етуге дайындықты білдіретін ізгілік принципі.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісімшарт негізінде жасаған ұйымдар- дың одағы, бірлестігі.
Амбиваленттілік (грек. аmphi – екі жағынан, лат. valentia – күш) – бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш – қайғы, махаббат – жеккөру, т.б.) туғыза- тын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым.
Ана тілі – белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз даму- ына ұйтқы болып келген жəне сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.
Анализ (ағылш. аnalysis – зерттеу) – зерттелетін объектіні ойша құрамдас бөлік- терге бөлшектеу жəне ол жаңа білімдерді алу əдісі.
Аналог (грек. аnalogos – тиісті) – таным теориясының термині, ол идеал объек- тіні (ұғымды, теорияны, зерттеу əдісін жəне т.б.) білдіреді, қандай да бол- сын материалдық затты, процесті, заңдылықты баламалы түрде көрсетеді.
Аналог (грек. аnalogia – сəйкестік, ұқсастық) – бірдей емес объектілердің кейбір жақтарының, салаларының, қатынастарының ұқсастығы.
Аналық жағынан туыстың жүйесі – ана, əйел жағында туыстыққа негізделген.
Анахронизм (грек. аnachronismos – кері уақыт) – бір дəуірдің оқиғалары мен си- паттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дəуірге телу.
Анкета – алдын ала құрылған сұрақтар жүйесіне жауап беру парағы. Толтыру- шы туралы қандай да бір мəлімет алу үшін жəне де кемшіліктің көзқарасын зерттегенде қолданылады. Анкеталардың ашық (толтырушының еркін жауа- бы), жабық (дайын берілген жауап нұсқаларынан) жəне аралас түрлері бар.
Анклав (лат. inclavare – құлыптау) – барлық жағынан басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің аумағының қоршауында қалған мемлекет территориясы- ның бір бөлігі.
Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар жəне т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антропогенез (грек. anthropos – адам + genesis – пайда болу, қалыптасу) – қо- ғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу үдерісі.
Антропология (грек. arthropos – адам + logos – ілім, сөз) – адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нəсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биоло- гия ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
Антропонимдер (грек. ἄνθρωπος – адам жəне ὄνομα – есім) – негізін есімдер құрайтын атаулар.
Анықтама (немесе дефиниция) – белгілі бір объектіні айыруға, табуға, құрас- тыруға, ғылымға жаңадан енгізілген сөз атауы мағынасын тұжырымдауға мүмкіндік беретін қисындық тəсіл.
Аңыз – 1) халықтың наным-сенімінен, қиял-арманынан туатын ауызша айтыла- тын шежіре, ауыз əдебиетінің жанры; 2) əлемнің, табиғи құбылыстардың пайда болуы, Құдайлардың, атақты батырлардың шығу тегі туралы ежелгі халықтардың ауыздан-ауызға беріліп келген аңыздары; бүкіл халықтарда табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін ерте кезеңнің өзінде пайда болған. Аргумент (лат. argumentum – нəрсе, пəн, белгі) – пікірдің, ойдың немесе теория-
ның ақиқаттығына келтірілетін дəлел.
Достарыңызбен бөлісу: |