Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет12/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Бүкілодақтық санақтың салыстырмалы көрсеткіші


Халықтар

Жылдар бойынша

1926-

1999


1937-

1999


1939-

1999


1959-

1999


1979-

1999


1989-

1999


Қазақтар

4357,4

5803,5

5671,3

5197,7

3750,3

2695

Орыстар

3204,5

2561,9

2030,5

507,6

-1042,3

-1511,6

Украиндар

-313,1

-2,8

-109,6

- 214,3

-386,4

-350,9

Немістер

302,3

272,8

261,0

-305,3

-504,7

-546,8

Татарлар

241,0

228,6

213,8

129,0

33,0

7,2

Өзбектер

241,3

260,7

267,5

234,8

154,4

107,4

Белорустар

86,3

111,9

80,6

4,6

-86,4

- 69,6

Ұйғырлар

146,9

177,3

174,9

150,5

89,4

62,4

Кəрістер

146,9

99,7

3,8

25,7

18,1

7,7

Əзірбайж-р





66,3

39,9

20,6

5,1

Басқалар

310,1

234,5

199,5

-111,8

-102,1

-137,7

Барлығы

8754,6

9826,4

8859,6

5658,4

1944,4

268,8

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын

16 009 597 халықтың көрсеткіші келесідей болды: қазақтар саны

– 10 096 763; орыстар – 3 793 764; өзбектер – 456 997; украин-

дар – 333 031; ұйғырлар – 224 713; татарлар – 204 229; немістер


  • 178 409; кəрістер – 100 385; əзірбайжандар – 85 292; белорус-

тар – 66 476 926; дүнгендер – 51 944; күрдтер – 38 325; тəжік-

тер – 36 277; поляктар – 34 057; шешендер – 31 431; қырғыздар



  • 23 274; башқұрттар – 17 263; ингуштар – 15 120; молдавандар

– 14 245; мордвалар – 8 013; армяндар – 13 776; гректер – 8 846;

чуваштар – 7 301; удумуттар – 5 824; парсылар – 4 819; болгар-

лар – 4 523; марийлар – 4 416; цыгандар – 4 065; еврейлер – 3 485;

лезгиндер – 3 481; қытайлар – 3 424; қарақалпақтар – 2 828; ла-

тыштар – 1816; балқарлар – 1 798; қырым татарлары – 1 532; осе-

тиндер – 1 326; латыштар – 1 123; түрікмендер – 2 2349; аварлар

– 1 202.

Бүгінгі Қазақстан территориясын мекен етіп отырған орыс, украин, белорус, неміс, поляк, корей, ұйғыр, дүнген, татар, баш- құрт, еврей, венгр, болғар қатарлы көптеген ұлттар Қазақстан же- рін əртүрлі кезеңдерге əрқилы себептерге, оқиғаларға байланыс- ты қоныстанды.

Осы аталған қоныс аударушылардың басы, жоғарыда атал- ғандай, Қазақстанның Ресей құрамына өтуімен, яғни орыстардың келуімен басталады. Олардың алғашқылары 1731-1732 жылдары Кіші жүз қазақтары Ресей бодандығын қабылдаған соң келе бас- таған елші, əскерлер, сенімді өкілдер, Ресейдің отаршыл саяса- тының қазақтың бүкіл территориясында толыққанды іске асыры- ла бастауы нəтижесінде əскерилермен қатар, бекініс салуға, яки қоныс теуіп қалуға келген крестьян-шаруалар еді. Олар алғашқы қоныстанған өлкелері Шығыс Қазақстан аймағы, сондай-ақ бе- кініс, соңыра қала типтес елді мекенге айналған Верный, Петро- павл, Ақмола, Көкшетау, Оралда топтасты.

ХІХ ғасырдың 2-жартысы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. 1917 жылғы революциядан жəне Азамат соғысынан кейін шаруалардың жаппай қоныс ауда- рылуы тоқтатылады. Славян тектес халықтардың шоғырлануы мен өсуі өндірістік жəне қалалық орталықтарда болатын болды.



Қазақстанға келіп қоныстанған халықтардың келесі бір үлкен кезеңі арнайы көшірілген жəне депортацияланған тұтас халықтар
тарихымен тығыз байланысты. 1937 жылдың күзінен тоталитар- лық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақ- станға Маньчжурия өлкесінен 102 мың корейлік қоныс аудару- ға мəжбүр болды. 1938 – 1944 жылдары қазақ жеріне Кавказдан курдтар, ингуштар, шешендер, балқарлар, қарашайлар, ахыска түріктері; Қара теңіздің солтүстік жағалауынан қырым татарлары; Еділ бойынан немістер; 1947 – 1952 жылдары мыңдаған латыш- тар, эстондар, батыс украиндар қазақ жеріне зорлықпен көшірі- ліп, түпкілікті қоныстандырылды. 1953-1955 жылдары тың игеру деген желеумен Қазақстан жеріне өзге ұлттардың миллиондаған өкілдері көшіп келді. Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық жымысқы саясаттың салдарынан байырғы ұлт – қазақ халқы өз жерінде аз- шылыққа ұшырап, Қазақстан 130-дан астам этникалық диаспора- ның өкілі тұратын «интернационалдық» мекенге айналды.

Қазақстанда саны жағынан ең көп этнос – орыс халқы. 1989 жылы бүкілодақтық санақ нəтижесінде орыстар Қазақстандағы халықтың 37,8%-ын құрады. Қазақстандық орыстардың 51,3%-ы қалалық жерде, 49,7%-ы ауылдық жерде тұрады. Ресейдің Қазақ- станның жеріне көз тігуі сонау Х ғасырда Хазар қағанатына Киев Русінің шабуылы кезінен басталады. ХV ғасырдың ортасында Қа- зан, Қырым, Астрахан хандықтары бөлінді. 1581 жылы Оңтүстік Сібірге Ермактың шабуылы болды. Қарқынды қоныстану 1731 жылы Қазақстанның Ресейдің қол астына кіруінен басталды. 1717 – 1723 жылдары Царицын, 1652 – 1656 жылдары Закамье, 1663 жыл – ХVІІІ ғасырдың басында Сібір, 1716 – 1720 жылда- ры Ертіс, 1730 – 1740 жылдары Орынбор, 1743 жылы Уйск жəне Жайық, 1725 жылы Сакмар, 1752 – 1755 жылдары Ескі Сібір əске- ри линиялары құрылған. Орыс əскерінің қусыра бекініс салуы да орыстардың қоныстану тарихының бастамасы болып танылады. 1720 жылы Өскемен, 1716 жылы Омбы, 1717 жылы Темір, 1716

жылы Ямышевск, 1718 жылы Семей, 1752 жылы Петропавл, 1849

жылы Райым, 1845 жылы Орал, 1845 жылы Орынбор, 1846 жылы Жаңа Петропавл, 1846 жылы Арал, 1848 жылы Қарабұтақ, 1852 жылы Қазалы, 1854 жылы Қапал, Сергиополь, Верный бекіністе- рі салынды. 1868 жылы Зайсанда Жасмин казак бекеті құрылды. Түркістан көші-қон басқармасы, Мемлекеттік меншік ми- нистрлігі, 1865 жылдан бастап құрылған Сырдария статистика- лық комитетінің басты міндеттері шаруаларының қоныстануына


ыңғайлы шұрайлы жерлерді іздестіру жəне орналастыру болды. Қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алу үрдісі қаншалықты ұқыптылықпен жүргізілсе, орыс шаруаларын қоныстандыру ісі де соншалықты тыңғылықты ұйымдастырылды. 1887 жылы Əу- лиеата мен Шымкент уездеріне 203 орыс шаруа отбасы көшірілді. 1891 – 1905 жылдары Транссібір теміржолы, 1906 жылы

«столыпиндік реформа» Ресейдің түкпір-түкпірінен шаруалар- дың Қазақстанға қоныс аударуының легін тудырады. 1917 жы- лы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан саяси тұтқындардың жер аударылған мекені болды. 1932 жылы жер аударылған орыстар саны 180,0 мыңға жетті.

Қазақстанда 1926 жылы 1275,7 мың (20,6%),1939 жылы –

2458,7 мың (40%), 1959 жылы – 3972,0 мың (42,7%), 1970 жылы

– 5521,9 мың (42,4%), 1979 жылы – 5991,2 мың (40,8%), 1989 жы-

лы – 6227,5 мың (37,8%), 1999 жылы – 4479,6 мың орыс болды. 1999 жылы Қазақстанда тұратын орыстардың жалпы саны

4479620 адамды құрады. Соның ішінде: Ақмола облысында – 329454, Ақтөбе облысында – 114416, Алматы облысында – 339984, Атырау облысында – 38013, Шығыс Қазақстанда – 694705, Жам- был облысында – 179258, Батыс Қазақстан облысында – 174018, Қарағанды облысында – 614416, Қостанай облысында – 430242, Қызылорда облысында – 17155, Маңғыстау облысында – 46630, Павлодар облысында – 337924, Солтүстік Қазақстан облысында

–361461, Оңтүстік Қазақстан облысында – 162098, Астанада – 129480, Алматыда – 510366 орыс халқы мекендеді.

2009 жылғы халық санағы негізінде елімізде орыстардың жалпы саны 3 793 764 адамды құрады. Соның ішінде: Шығыс Қазақстанда – 574704, Қарағанды облысында –529555, Алматыда


  • 463749, Қостанай облысында – 360976, Солтүстік Қазақстан об- лысында – 310371, Алматы облысында – 293445, Павлодар облы- сында – 287247, Ақмола облысында – 263052, Астанада – 163050, Оңтүстік Қазақстан облысында – 144889, Жамбыл облысында

  • 141829, Батыс Қазақстан облысында – 140096, Ақтөбе облы- сында – 90569, Маңғыстау облысында – 38160, Атырау облысын- да – 32602, Қызылорда облысында – 13952 орыс халқы өкілдері мекендеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет