Қазақстанда жақын жəне алыс шетелдердегі іспетті көп ұлт- ты тұрғындар есебінен ұлтаралас некелер кең таралып, үрдіске айналуда. Бұрын аралас некелер еуропалықтар, республикамыз- дың шығыс-еуропалық тұрғындары үшін қалыпты əрі дəстүрлі еді. Кейінгі жылдары аралас неке құру жергілікті қазақ ұлтының
арасында да, əсіресе басшылар мен жоғары жəне орта маман иелерінің де, интеллигенция мен жұмысшылар арасында жиі кез- десетін үрдіске айналды.
Бұл мəселеге ықпал еткен мəселелердің арасында ХІХ ға- сырдың екінші жартысынан бастап қазақ жеріне жаппай орыс- казактарын, орыс-украин-белорус шаруаларын, неміс отарлау- шыларын қоныстандыру бірінші кезекте орын алады. Осының нəтижесінде жергілікті қазақ ұлты мен өзге этностар арасында келешекте отбасы құрылатын тығыз байланыстар орнатыла бас- тады. Кеңес өкіметі жылдарында аталған науқан Қазақстанда кү- шейе түсіп, белгіленген саяси-идеологиялық миграциялық про- цеске айнала кетті. Сол жылдары түрлі əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен зорлық көрсету шаралары нығайа түсті, 1930- 1933 жылдары қолдан жасалған ашаршылық кеңінен белең алды, елімізде еңбек қоры тапшылығы етек жайды. Əрине, орнатыл- ған жаңа кеңестік билік мұны пайдаланып, қоныс аударушылар есебінен шешімін таба бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен қазақ жерлеріне қоныс аударушылардың саны одан сайын арта түсті. Қазақстанды қоса батыс аудандарына бұрын- ғы КСРО-ның шығыс аумағындағы тұрғындардың эвакуацияла- нуына əкеп тіреді. Сонымен қатар 1937 жыл мен 1944 жыл ара- лығында миллиондаған өзге этностар қазақ жерлеріне зорлықпен қоныстандырылғанын да естен шығармаған абзал. Олардың ара- сында Қиыр Шығыстағы кəрістер (басым бөлігі қазіргі Солтүстік Кореядан), Кавказдағы түркі-мұсылман халықтары, күрдтер, Ба- тыс Украина мен Белоруссиядан украиндар мен поляктар, Повол- жьеден калмыктар мен немістер, Қырымнан қырым татарлары, шешендер мен ингуштар, Кавказдан қарашайлар мен балқарлар, т.б. аталғаны жөн. Қазақстанның көп ұлтты елге айналуына 1950 жылы солтүстік аймақтардағы тың жəне тыңайған жерлерді игеру үрдісі мен 1950 – 1970 жылдардағы Батыс, Орталық жəне Шығыс Қазақстандағы өндіріс орталықтарының интенсивті құрылыста- ры елеулі ықпал етті. Олар РСФКО, Украина жəне өзге респуб- ликалардың əртүрлі аудандарынан келген əр ұлттың жастары еді. Сондықтан келген жас буынның ықпалы салдарынан жаңа ара- лас некелердің пайда болуына түрткі болғанын атағанымыз жөн. Осылайша, Қазақстан бұрынғы КСРО аумағында ұлтаралас неке- лердің саны жағынан, əсіресе ауылдық аймақтарда алдыңғы қа- тарға бет ала бастады.
Жасалған зерттеулер мен жергілікті халықпен жүргізілген сұхбат-сауалдар, əсіресе Қазақстанның шамамен барлық облыс- тарында жүргізілген ғылыми-əлеуметтік талдаулар мен этно- əлеуметтік қорытындылар ұлтаралас некелерге деген жергілікті халықтың əртүрлі пікірде екендігін анық көрсетеді. Аралас не- кеге деген түрлі пікірлердің пайда болуын бірнеше себептермен айшықтауға болады: біріншіден, зерттелген аймақтың тұрғын- дарының этникалық құрылымы сөзсіз ықпал етеді; екіншіден, тұрғындардың жас мөлшері мен маманданған əлеуметтік құры- лымының деңгейі. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан жəне Жамбыл облыстарында жергілікті тұрғындар ежелден тұрмыстық-отба- сылық дəстүрімен қатар, ұлттық құндылықтар мен көзқарастарға негізделіп, аралас отбасының құрылуына қарсылығын білдіреді. Қазақтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойын- ша олардың тиімсіздігі ретінде 50,3 пен 53,2% көрсетті (2-кес- тені қараңыз). Аталған көрсеткіш респонденттер құрамы мен жас мөлшерінің ұлғаюы жəне əлеуметтік деңгейі төмен тұлғалар арасында көбейе түседі. Осылайша, қойылған қорытынды сұрақ:
«Ата-аналарыңыздың өзге ұлт өкілімен отбасы құруға деген көз-
қарасы қандай?». Оңтүстік Қазақстанда респонденттер арасын- да жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша 61,5-тен 68,4%-ға дейін қарсы екендіктерін көрсетті. Бұл қарсылықты қа- зақтармен тығыз байланыс жасайтын ұлттар да көрсетті.
Диаметралді қарама-қарсы сипаттағы ұстаным еуропалық тұрғындар, əсіресе орыстарға тəн. Аталған екі облыста тек 17,7- ден 18,9%-ы мұндай тұрмыстық қарым-қатынасқа оң көзқарасын білдірген. Олар үшін отбасы құрғанда ең маңызды мəселе болып болашақ ерлі-зайыптылардың махаббаты мен сезімі табылады.
Тұрғындардың этникалық құрамы күрделенген сайын ұлт- аралас отбасыларға деген көзқарас тұрақты болып келеді. Мə- селен, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 1/3 сауалнама жұмыстары жүргізілген қазақтар аралас отбасы құруға қарсы ұстанымда болса, нақ сол көрсеткіштегілер егер де жас жұбай- лар бір-бірін жақсы көрсе, оң көзқараста екендіктерін білдірген. Алматыда қазақ тұрғындарының бірінші көрсеткіші 19,7%-ды құраса, ал 70%-ы аталған сұраққа толеранттылық танытып отыр. Осындай тенденцияны сұралған өзге ұлт өкілдері респонденттері білдірген.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |