Бесік той. «Əлди, əлди, ақ бөпем». Бұл əйгілі «Бесік жыры- нан» келтірілген үзінді қазақтардың барлығына дерлік таныс. Бесік əрбір отбасының қасиетті бұйымы болып есептеледі. Оны көбінесе немеренің шешесі жағынан туыс болып келетін «наға- шы» жұрты сыйлайды. Бесік үйде қастерлеп сақталынып, ұрпақ- тан-ұрпаққа беріледі. Кей жағдайда ұлға бір кездері əкесі жатқан бесікте ұйықтау бақыты кез болғанын кездестіреміз.
Баланы бесікке алғаш бөлегенде «бесікке салу» рəсімі жаса- лады. Мұндай жауапты қызметті атқару құқығына, дəстүр бойын- ша арнайы шақырылған, немере-шөбересі бар ақылды да сыйлы əже ие болады. Бесіктің бас жағына тұмар байланады, наным бой- ынша, ол нəрестені жын-шайтаннан қорғайды. Содан соң бесік- тің ортасына орналасқан тесіктегі сəбидің астының құрғақтығы мен тазалығын қамтамасыз ететін арнайы орнатылған тостаған- ша кəмпит-мəмпəси, т.б. тəтті-дəмділер толтырылады. Оларды сол сəтте-ақ баласы жоқ əйелдер ырым қылып талап əкетеді.
Баланы жатқызғаннан кейін бесікті əрқайсысы баланың тағ- дырына өзіндік ықпалын тигізер, белгілі бір мəні алуан заттар- мен толтырады. Мысалы, тон немесе қымбат шапан байлық пен қоғамдағы беделді жағдайдың блгісі болып саналады. Жүген ілу ата-анасына ұлдары кез келген жылқыны бас білдіре алатын күш- ті де епті азамат ретінде көруін тілеуді, ал кебенек жабу батырлық пен ержүректіліктің жəне балаға Отанның қорғаушысы – батыр- дың даңқын қамтамасыз етеді деген белгіні білдіреді. Қыздарға сымбатты, сұлу болып өссін деген ниетпен жастығының астына айна мен тарақ қояды.
Сүндет той. Бұл мереке бүгінгі күнге дейін кең құлашпен жə- не біршама салтанатпен аталып өтетін тойлардың қатарына кіреді. Əсіресе оңтүстік аймақтарда «Той» деген сөздің мағынасы əрбір қазақстандыққа түсінікті, «ал сүндет» (арабтың «сонат» сөзінен шыққан) деген ер балаларды сүндетке отырғызатын іс жүзіндегі міндетті мұсылмандық рəсімді білдіреді. Қазақша бұл салт «сүн- деттеу» немесе «сүндетке отырғызу» деп аталады жəне балаға бес, жеті немесе тоғыз жас толғанда жасалады. Ертеректе сүндетке молдалар отырғызған, қазіргі таңда бұл қызметті хирург дəрігер- лер жəне арнайы медициналық мекемелерде атқарады. Көрсетіл- ген қызметі үшін алғашқысы да, соңғысы да дəстүрге бекітілген жомарт сый алады. Жоралғы жасалған соң бірнеше күн өткеннен кейін, əкелерінің кең көйлегін киіп, нөкерлерін ерткен ұлдар туыс- тары мен көршілерін аралап, оларды сүндет тойға шақырады.
Беташар. Қазақтардағы үйлену, қыз ұзату салтының бірнеше сатысы бар: алдын ала жүргізілетін келіссөздер, қалыңдық көру, ресми түрде құда түсу, тойға дейінгі күйеу жігіттің қалыңдық- тық ауылына ұрын баруы, көптеген жөн-жоралғылардан тұратын үйлену тойының өзі, қалыңдықты ұзату, содан соң күйеудің ауы- лындағы неке қию салтанаттары – бірінен-бірі қызық. Осының барлығының қазіргі уақытта да, мүмкін бастапқы таза қалпында емес болар, дегенмен түпкі мəні сақталған. Оның үстіне қалың- дықтың бетін ашып, оны күйеу жігіттің туыстарына танысты- ру салты сол қалпында, өзгеріссіз қалса да кейінгі кездері қазақ зиялыларының арасында үйлену тойын ертеректегі этикеттің бар- лық жол-жоралғыларын сақтай отырып өткізу сəнге кіре бастады. Қалыңдық міндетті түрде ұлттық киімде болады. Бұрынғы-
дай ибалы жеңгелері қалыңдықтың екі жағынан қолтықтап тұра- ды. «Беташар» – бұл өз алдына жас келінге тəрбиелік насихат.
Бұл салтты ең үздік суырып салма ақын орындайды. Ол əуелі қа- лыңдықтың көз тартар сұлулығын, игі талғамын, т.б. жақсы қа- сиеттерін мадақтап, содан соң күйеу жігіттің барлық туыстарын таныстырады жəне олардың аты аталған сайын жас келін əрқай- сысына иіліп сəлем беруі тиіс. Бұл рəсім кезінде оның беті шар- шы орамалмен жабулы тұрады. Келіннің əрбір иілісіне туыстар, жомарттықтарын бірінен-бірі асыруға тырысып, қомақты ақша береді. Рəсімнің соңында күміс көмей əнші домбыраның ұшымен қалыңдықтың бетіне жапқан желекті ысырады.
Қазақтың ұлттық мерекелері мен ойындары. Далалықтар- дың сəйгүліктерге ерекше ықыласы ат ойындарына деген сүйіс- пеншілігін туғызды.
«Аламан бəйге» – алыс жəне өте алыс қашықтықтарға ша- бу, осындай ат спорты жарыстарының ежелгі жəне кең тараған түрлерінің бірі. «Аламан бəйге» ірі халық мейрамдарының неме- се еске алу – ас берудің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Жарыстар далада, табиғи кедергілер бар жолмен, олардың тұқы- мы мен санына шектеу қойылмастан өткізілген. Бұл бəйге кезінде алыс шақырымға шыдамай аттардың өліп кетуі кездескен, ал кей- біреулері аяқтарын сындырып алып, иесімен бірге жолда қалып қойып та жатады.
Сонымен қатар жай «бəйге» де бар. Ол жазық жерде, бұры- лысты немесе тұйық шеңбер бойында өтеді.
«Қазақша күрес» сырттай қарағанда еркін күресті еске түсі- реді, бір ерекшелігі онда салмақ дəрежесі бойынша шектеу бол- майды. Күресушілерге шалу мен тобықтан қағу, сондай-ақ тік тұрып жəне жата қалып лақтыру, жұлқа немесе құрсаулай бұрау сияқты сан алуан əдіс-тəсілдер белгілі болған. «Қазақша күрес- тің» басты ерекшелігі қарсыластар тікесінен тік тұрып, бір-бірі- нің белбеуінен мықтап ұстап күреседі.
Қазақ жастарының сүйікті ат ойындарының бірі – «Қыз қуу». Бұл ойын бізге сақтар дəуірінен жеткен. Салттың талабы бой- ынша, жігіт өзінің сүйген қызын жүйрік атпен қуып жетуі керек. Халықтық мереке кезінде жастар аттарын ойнақтатып, алаңға шығады. Шартты белгі бойынша қыз атқа қамшы басып, жігіт- тен ұзап, шаба жөнеледі. Жігіт оның соңынан тұра қуады. Бозба- ла қайткенде де қуып жетіп қыздың бетінен сүюі керек, əйтпесе ол достарының қалжыңынан, туыстарының айыптай қарауынан, қыздардың келекесі мен шабандоз қыздың асқақтаған назарынан
өмір бойы құтыла алмай қалады. Егер мұндай «масқараға ұшы- рап», жігіт аруды қуып жете алмаған жағдайда ол кері бұрылып, қашуға тиіс. Енді оны қыз тек қана бетінен сүю үшін емес, ын- жық бозбаланы қамшымен сабау үшін қуады.
Дегенмен қай кездерде де бұл ойын ғашықтарға қатал сын болудан гөрі, еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін қызыға тамашалайтын көңілді көрініс болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |