Тəжіктер. Тəжіктердің ең қызықты дəстүрлерінің бірі – ойын-сауық өнері. Ойын- сауық өнерінің тамыры тым əріде жатыр, əндер мен билерде көрініс табатын əртүрлі театрлан- ған қойылымдар адамдардың шаруашылық əрекеттерімен, со- нау Авестада жазылып көрсетілген культтік салт-дəстүрлермен,
«Сайригули-лола» (лалагүлдердің көктемдегі бүр жаруы мереке- сі), Сада, Мехргон (астық мерекесі), Наурыз (көктемгі күн мен түннің теңелуі), Жаңа жыл мерекесі сияқты əртүрлі маусымдық əн жəне салт əрекеттерімен байланысты.
Біздің заманымызға дейін дəстүрлі ойын-сауық өнерінің көп- теген түрлері сақталып жеткен. Мысалғы, Памирде «Мугулбози»
моңғол қызы туралы, «Бобопирак» – қария туралы, «Қаландар- бози» – дəруіштермен басқалар туралы драмалар, сан ғасырлық тарихы бар ойын-сауық өнері жанрларының бірі – «Зочибози» қуыршақ қойылымы. Орындаудың дəстүрлі түрлері мен прин- циптері жағынан бұл спектакльдердің əртүрлі сюжеттері бар. Труппада сырнайшы, қуыршақшылар, нагора ұрмалы музыка ас- пабында ойнаушылар болады.
Ежелгі халықтық ойын-сауық түрлерінің бірі – «Чодирхаел» елестер палаткасы атты қойылым ерекше қызығушылыққа ие. Ол турасында сонау исламға дейінгі дəуірдің қолжазбаларында ай-
тылған. Бұлар қолдың көмегімен басқарылатын марионеткалар- дың спектакльдері. Қойылымдар жаңа жылда, яғни наурыздың 21-інде, сондай-ақ отбасылық мерекелерді: баланың туған күні, неке қыю, басқа да отбасылық салтанаттарда, атап өту кезінде бе- рілген. Өнерпаздар тобында, əдетте, 9 адамнан (қуыршақты, 4-5 музыкант, 1-2 биші, масхарабозы мен акробатдорбоз) тұрған.
Қуыршақшылар қойылымы тұрмыстық проблемаларды бей- нелеп, əнге, музыкаға, биге жəне ойынға ұласып жататын. Мұндай сауықтар халықтың өмірі мен тұрмысын, əлеуметтік проблема- ларын бейнелеп, қуыршақшылар көп жағдайда соларды жалпақ əлемге жар салушы жəне қолында билігі барлар мен кедей-кеп- шік арасындағы өткізгішке айналып кететін. Бұл дəстүр қазіргі таңда да сақталып қалған. Халық театрлары Тəжікстанның əрбір ауылында дерлік бар. Қуыршақшылар осы күні де халықтың кө- ңілін көтеріп, өз қателіктеріне күлдіріп, пробемаларын ойлаула- рына мəжбүр етіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |