ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
– А –
Абстрактілік (лат. abstractio – ойша бағамдау) – бүтіннің бір жағы, бөлшегі, біржақтылық, қарапайымдық.
Абстракция (лат. abstractio – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау жəне толтыру арқылы құрастыру.
Абсурд (лат. absurdus – жалған естілетін, үйлесімсіз) – мəнсіздік, қайшылықты ой. Автохтонды мəдениет (грек. autochton – жергілікті, араб. медэни – қала тұрғы- ны) – белгілі бір аймақтың ең ежелгі халқының мəдениеті, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, мəдени біртектілікті сақтай алған этно-
мəдениет.
Авункулокальдық (лат. avunculus – анасының бауыры + locus – орын) – ерлі-зай- ыптылардың, нағашыларының немесе олардың топтарының мекендеуі.
Агломерация, елді мекендер агломерациясы (лат. agglomero – қосамын) – эко- номикалық, мəдени жəне тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байла- нысты елді мекендердің (əсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы.
Аға ұрпақ – ер адамдар қауымында жас айырмашылығына қарай бөлінетін гене- рациялық буынның белгілі бір тобы.
Ағайын-туыс – бір ауыл, қауым болып шаруашылық қаракеттерін бірлесе жүр- гізетін, бір-біріне қолдау жасайтын, қандастық жағынан жақын туыс, ата- лас адамдар.
Адам – жер бетіндегі материалдық жəне рухани мəдениеттің тарихи процесі- нің, дамуының субъектісі, анық сөйлей алатын, ойлай алатын, санасы бар биологиялық-əлеуметтік тірлік иесі.
Адамзат – бүкіл адам баласы.
Адам Даму Индексі (АДИ) – адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыс- тыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму-дамымағандығы өлшене- ді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы жəне дамымаған болып бөледі.
Адаптация (лат. adapto – бейімделу) – жүйенің сыртқы жəне ішкі орта жағ- дайына бейімделу үдерісі.
Адекваттық – сəйкестік, теңдік, баламалылық.
Ажал – өлім, қаза.
Ажырасу – некенің бұзылуы, отбасылық қатынастың тоқтатылуы.
Азаматтық – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым- қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына жəне бостандығына
кепілдеме береді, оларды шетелдерде қорғайды. Азаматтықты алудың не- гізгі тəсілдері туғанда жəне натурализация ретімен беріледі.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Оның құрамына адамдардың өздері тудырған қауым- дастықтар (қоғамдық, кəсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар жəне т.б.), азаматтардың өндірістік жəне жеке өмірі, əдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласу- ына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дəрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Азаматтық неке – мемлекеттік мекемеде, шіркеудің немесе мешіттің қатысу- ынсыз бекітілген заңды неке.
Аймақ (түркі, моңғол, тұңғыс-манчжур тілдерінде аумақ, округ, облыс, ел, ха- лық деген ұғымдарды білдіреді) – жалпылама мағынада өлке, облыс, ме- кенжай, төңірек, айнала ұғымдары ретінде қолданылады.
Аккомодация (лат. accommodatio – бейімделу) – əлеуметтік қатынастардағы бейімделудің бейтарап пішіні.
Аккультурация (лат. ad – қосу + cultura – өңдеу) – əртүрлі мəдениеттердің өзара əсерін білдіретін ұғым. Бір мəдениеттің екіншісіне еліктеуі немесе жат мə- дени элементтерді қабылдау процесін көрсететін түсінік.
Аксиома (грек. axioma – мақұлданған қағида) – белгілі теорияда дəлелденбейтін тұрғыда алынатын бастапқы тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: |