Ауыл қауымы – көшпелі жəне жартылай көшпелі мал өсірушілер қауымының көршілестікті білдіретін атауы.
Аффект (лат. affects – жан толқынысы) – адам көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, əсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.).
– Ə –
Əдеп (араб. ﺏﺩﺃ адаб) – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым, белгілі бір халықтың əдет-ғұрпында тұрақта- нып қалыптасқан этикалық тəртіп, тəрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық.
Əдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Оларға көпшілікке ортақ еңбек ету əдістері, тұрмысқа жəне отбасыға байланысты адамдар арақатысының сол қоғамда кең тараған түрлері жəне діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін жəне қайталанып отыра- тын əрекеттер жатады.
Əділет – ғибраттық-праволық, əлеуметтік-саяси сана категориясы, адамның түпкілікті құқықтарының тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырауына бай- ланысты оған берілетін шынайы баға туралы ұғым.
Əкімшілік – іске нақты басшылықтың орнына бұйрықшыл-жарлықшыл əдісті қолданушылық.
Əл-ауқат – материалдық мұқтаждығы болмауымен сипатталатын адамның эко- номикалық жағдайы.
Əлем – материалды дүние, материалды объектілер, сапалық жағынан əртүрлі болып келетін материя формаларының толық жиынтығы.
Əлем бейнесі – тарихи кезеңдерді этнология типологиясы бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым.
Əлеуметтік (лат. socialis – жолдастық, қауымдастық) – 1) адамның қоғамдық өмірінің мəні; 2) қоғамдық жүйелер құрылымдарын көрсету үшін қолда- нылады.
Əлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ адам, қоғам жəне табиғат арасын- дағы қатынастардың өзара əлеуметтік əсерін реттеп отыру үшін қолданы- латын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мəліметтердің жиынтығы.
Əлеуметтік антропология (грек. аnthropos – адам + logos – ілім, сөз) – əлеумет- тану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мəнін, индустрияға дейінгі аграрлы қоғамдағы əлеуметтік қаты- настарды, институттарды зерттейтін ғылым.
Əлеуметтік бағытталуы – адамның өзінің қоғамның əлеуметтік құрылымын- дағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды əлеуметтік жағдайды таңдауы жə- не оған жету жолдарын белгілеуі.
Əлеуметтік байланыс – жеке адамдардың немесе адам топтарының бір-біріне деген кез келген əлеуметтік-мəдени қатынастарын белгілейтін түсінік.
Əлеуметтік бейімделу адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сəйкес жаңа əлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен жəне əлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Əлеуметтік белсенділік – индивидтің қоғамдағы қызмет сипатын бейнелейтін ұғым.
Əлеуметтік ғұрып – адамдардың мінез-құлқын жəне олардың топтағы (қоғам-
дағы) қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан əдет.
Əлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қам- тамасыз ететін мамандандырылған іс-əрекетті жүзеге асырудың бір түрі.
Əлеуметтік конфликт – қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол əлеуметтік қауым жəне индивидтер мүдделерінің қа- рама-қарсы бағыттарының үдеуімен сипатталады.
Əлеуметтік қарым-қатынас – əлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық өмірдегі рөліне байланысты туатын, олардың өзара қа- тынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тəуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Əлеуметтік қауымдастық – əлеуметтік ішкі байланыстардың негізі – тұратын аймағы бір жəне бірлескен өмір сүру нəтижесінде қалыптасқан матери- алдық жəне мəдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |