Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет92/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – өнердің объективті жəне танымдық, эсте- тикалық табиғатын жүзеге асыра алатын көркемдік əдістердің бірі.

Репатриант – шетелдерден өз Отанына қайтып оралған адам.

Репрезентативтік (франц. representer – өкілеттілік) – зерттеуде тікелей қарас- тырылған, таңдалған негізгі топтың құрылымдық қасиеттерін дұрыс көр- сету сипаты.

Репрессиялау (лат. repressio – басып-жаншу) – адамдардың белгілі тобын мемле- кет тарапынан саяси қудалау.

Репродукциялық жас (лат. re – қайта + produco – өндіремін) – бала тууға əйел- дердің қабілетті жасы.

Ресми тіл – заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Əдетте, көп ұлтты елдердің Консти- туцияларында кейбір тілге ресми мəртебе берілгені белгіленіп отырады.

Респондент (лат. respondere – жауап беру, мəлімет беру) – этносоциологиялық, этнологиялық зерттеу барысында сауалдарға ауызша немесе жазбаша жа- уап беруші.
Реципиент ақпаратты алушы, сіңіруші, пайдаланушы.

Реэмигрант – өзінің тарихи Отанына кетіп, өз еркімен тұрған мемлекетіне қай- тып келген эмигранттар.

Реэмиграция, репатриация (лат. patria Отан) – көшіп кеткендердің елге қайта оралуы.

Ритуал (лат. ritualis – салттық + ritus – рəмізделген əдет-ғұрып) – əлеуметтік реттелген, рəмізделген жүріс-тұрыстың тарихи қалыптасқан бітімі.

Рурбанизация – қаладан ауылға көшу.

Рух – ойлау ұғымымен деңгейлес.

Рухани мəдениет – адамның өзіне жəне басқа адамдарға, дүниеге қатысын рет- тейтін дəстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.
– С –
Сабақтастық – жалпылық байланыс пен дамудың арақатынасын бейнелейтін материалистік ұғымы.

Салт – тұрақтылық қасиетіне ие болған мəдени іс-əрекеттер дəстүрі. Олар адамдардың іс-əрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие болады.

Салыстырмалы зерттеу – əртүрлі деректерді, əсіресе əртүрлі этнологиялық зерттеулердің қорытындыларын өзара салыстыру арқылы жүргізілетін зерттеулердің түрі.

Сана (лат. cum scientia – санамен бірге) – объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тəн жоғарғы формасы, оның дүниеге жəне өзіне адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түр- дегі қатынасының тəсілі.

Себептілік – бірі (себеп деп аталатын) екіншісін (салдар немесе əрекет деп ата- латын) тудыратын құбылыстардың генетикалық байланыстарын белгі- лейтін категория.

Сезім – адамның айналадағы шындыққа жəне өзіне қатынасындағы қиналыс, толғанысы тұрақты, ұзақ мерзімді толқумен салыстырғанда қысқа мерзім- ді толқуды сөздің тар мағынасында кейде эмоция деп атайды.

Семантика (грек. semanticos белгілеуші, білдіруші) – семиотиканың түрлі бел- гілік формалардың мəні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі.



Семиотика (грек. semeion – белгі) – белгімен хабарлаудың ең қарапайым жүйесі- нен тілдерге жəне ғылымның формалданған тілдеріне дейінгі белгілік жүйе- лерді салыстырып зерттеумен айналысатын пəн. Белгілік жүйелердің негізгі функциялары: 1) хабарларды жеткізу жəне мəнді білдіру функциясы; 2) тіл- дік қатынас функциясы, яғни тыңдаушының берілген хабарды түсінуін қам- тамасыз ету, сонымен бірге іске даярлау, оған эмоциялық əсер ету жəне т.б.

Сенім – білімге негізделмесе де белгілі бір құбылыстың ақиқаттығына илану.

Символ (грек. symbolon – танымдық белгі, таңба) – гуманитарлық салада нəр- сенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін əмбебап эстетикалық категория.

Символизм (фр. symbolisme – танымдық белгі, таңба) – модернизмнің алғашқы көркем-əдеби бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет