Некелесудің медиандық жасы – заң немесе əдет бойынша рұқсат берілген неке- лесудің ең төмен жасы.
Неолокалдылық қоныс – күйеуінің немесе əйелінің туыстарынан жеке ерлі-зай- ыптылардың қонысы.
Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тəртіптерін жəне т.б. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалып- тасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-əре- кетіне қарсы болып, қабылдамайды.
Ноосфера (грек. nous – сана + sphaira – орта, шар, аймақ) немесе антропосфе- ра (грек. anthropos – адам + spera – қабық) – биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-əрекеттерінен туын- дайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анық- тайтын басты фактор; ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы.
Нуклерлі отбасы (лат. nucleus – ядро) – ерлі-зайыптылар мен олардың қарауын- дағы балалардан тұратын кіші отбасылық бірлік.
– О –
Объект (ағылш. оbject – бастауыш жəне objektum – пəн, нысан) – адамзат сана- сында тəуелсіз өмір сүретін кез келген кұбылыс; субъектінің танымдық жəне өзге де қызметі бағытталған.
Объективтік шындық – барлық түрлер мен көріністегі бүкіл материалдық дүние. Одақ – 1) қоғамдық топтардың тығыз ұйымдасқан бірлестігі; 2) белгілі бір мақ- сатты бірлесіп жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында жасалатын бітім,
келісім, шарт.
Ойлау – объективтік дүние ұғым, пікір, теория жəне т.б. формасында бейне- леудің белсенді процесі; бұл процесс белгілі бір мəселелерді шешумен, шындықты жанама бейнелендіру жəне оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады.
Оқытудың кредиттік жүйесі – оқу үдерісін регламенттеу жəне білім көлемін кредит түрінде есепке алу шегінде білім траекториясын таңдау, жекелен- діру негізінде өз бетінше білім алуды жоғарылату жəне білімді шығарма- шылық түрде игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Оқытушының жетекшілігімен жүзеге асырылатын магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) (Office Hours) – оқу кестесінде көрсетілген жəне оқы- тушының педагогикалық жүктемесіне кіретін оқытушының жетекшілігі- мен жүргізілетін магистранттың аудиториядан тыс жұмысы.
Олигархия – саяси жəне экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.
Оралман – Қазақстан Республикасына шетелдерден қайтып оралған қазақтар.
Отан – туған ел, атамекен.
Отбасы – əлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа жəне туыстық байланыстарға, яғни ері мен əйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-іні- лер мен апа-қарындастардың жəне бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүр- гізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы.
Отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге əкелу деген сөз.
– Ө –
Өзгешелік – қайшылық дамуының бір жағын білдіретін категория.
Өлкетану – белгілі бір мемлекеттің, əкімшіліктік немесе табиғи аймақтың, тұр- ғылықты жердің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихы мен мəде- ниетін зерттеу.
Өлім көрсеткіші (letalis – өлім) – уақыттың бір бөлігінде белгілі бір аурудан өл- ген адамның санын сол аурумен ауыратындардың санына қатынасын көр- сететін статистикалық көрсеткіш.
Өмір – материя қозғалысының формасы.
Өмір сүру ұзақтығы – бұл бір жылы туған адамдар тобының орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін көрсеткіш. Бұл жағдайда əр жастағы адамдар то- бындағы өлім деңгейі бір қалыпты қалады.
Өмірдің мағынасы – кез келген дамыған дүниетанымдық жүйені жəне осы жүйеге тəн моральдық нормалар мен игіліктерді бейнелейтін регулятив- тік ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |