Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет93/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Синергетика (грек. synergtikos – біріккен əрекет) – пəн аралық сипаттағы ғы- лым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық əдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйым- дастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді.

Синкретизм (грек. synkretismos – біріктіру) – «жігі ашылмаған», «біте қайнас- қан» деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді.

Синтез (грек. synthesis – құрастыру, тіркестіру) – анализ арқылы ажыратылған бөлшектерді, қасиеттерді, қатынастарды тұтас бүтінге біріктіру процесі.

Социализация (лат. socialis – қоғамдық) – индивидтің əлеуметтік-мəдени тə- жірибені – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жинақталатын еңбек машықтарын, білім нормаларын, бағалы қазыналарды, дəстүрлерді сіңіріп, одан əрі да- мытуы, индивидті қоғамдық қатынастар жүйесіне қатыстыру жəне оның бойында əлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру процесі.

Социеталдық (лат. societas – қауым, қоғам, ортақ) – күрделі əлеуметтік жүйе- лердегі əлеуметтік қарым-қатынастар мен процестерді белгілейтін ұғым.

Социология (лат. socielas – қоғам, грек. logos – сөз, ілім) – белгілі бір əлеумет- тік жүйелердің тарихи түрінде дамуы жəне қалыптасуының жалпы жəне арнаулы заңдылықтары туралы, бұл заңдар мен заңдылықтардың жеке адамдардың іс-əрекеттерінде жүзеге асырылуының түрлері мен əдістері туралы ғылым.

Социум (лат. socium – ортақ, бірлескен) – адамдардың біршама тұрақты үлкен бірлестігі. Оның түрлеріне рулық, этникалық, əлеуметтік-таптық жəне ай- мақтық бірлестіктерді жатқызуға болады.

Стиль (лат. stylos – жазу құралы) – адамның белгілі бір іс-əрекетінің немесе оның жемісінің өзіндік, басқаға ұқсамастай ерекшелігі.

Страта – қоғамдағы əлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың əртүрлі топтарға бөлінуі. Оларды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мəртебесі, ұлттық ерекшеліктері жəне т.б.

Субмəдениет (лат. sub – төменгі, нем. kultur – мəдениет) – ірі мəдени құры- лым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мəдениеті деген ұғымды білдіреді.

Субэтникалық топтар (лат. sub – төменгі, грек. ethnos – тайпа, халық) – негізгі этникалық қасиеттері төмен көрініс беретін жəне сол топтардың құрамдас бөлімі болатын қауымдастық.

Субъект (лат. subjectum – бастауыш) – болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші. Субъект индивид немесе топ іс-əрекетті танудың жəне өңдеудің негізі ретінде; іс-əрекеттік белсенділіктің тасымалдаушысы.

Субъективтік – табиғат пен қоғамның объективтік даму заңдылықтарын теріс- ке шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.
– Т –
Табиғат – өзінің барлық шексіз көптүрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние. Тағдыр – адам ғұмырындағы барлық жағдайларды алдын ала пешенесіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш туралы діни мистикалық түсінікті білдіретін

ұғым.


Таным – іс-əрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білі- мін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Таптар – адамдардың қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіне алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарының қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөліне қарай, демек, қоғамдық бай- лықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне жəне ол үлесті бөлу əдістеріне

қарай жіктелетін үлкен топтары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет