Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет96/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Ұлтшылдық – 1) саяси жəне ұлттық бірліктер сəйкес келуі керек дейтін сая- си принцип; 2) ұлттық жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға сен- беушілікке жəне бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология жəне əлеуметтік тəжірибе. 1983 жылы бұл анықта- маны Э. Геллнер ұсынды жəне ол əлі күнге дейін қолданыста. Көрсетілген

«бірліктер» ұлттық мемлекет пен ұлтқа сəйкес келеді.



Ұрпақ – қоғамның қарайлас мезгілде дүниеге келген мүшелерінен тұратын тұр- ғылас топтың бір бөлігі. Бұл термин бір ұрпақтың екіншісімен ауысып жатқан кезеңі жөнінде қолданылады.


  • Ү –


Үй шаруашылығы – адамның өзіне жұмысшы күштердің өндіріс шеңберінде бо- латын қоғамның оқшау ұяшығы.

Үлгерімді аралық бақылау (Midterm Examination) – бекітілген академиялық күнтіз- беге сəйкес өткізілетін магистранттың оқу жетістіктерін мерзімдік тексеру.

Үлгерімділікті ағымдағы бақылау – оқу пəнінің əрбір тақырыбы немесе əрбір тарауы бойынша оқу пəнінің оқытушысы жүзеге асыратын тыңдаушының оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.


  • Ф –


Факт (лат. factum – жасалған, істелген) объективті жəне ғылыми факт ұғымын айырып көрсетеді. Объективті факт деп адам қызметінің немесе танымы- ның объектісін құрайтын кейбір оқиғаны, құбылысты, ақиқат көрінісін тү- сіну қабылданған. Ғылыми факт – объективті фактінің адам санасында кө- рініс табуы, яғни оны кейбір жасанды немесе тарихи тіл арқылы суреттеу.

Фактілі неке – заңды тұрғыда бекітілмеген некелік қатынас.

Факторлық талдау (лат. factor – жасаушы, өңдеуші) – күрделі, көп мөлшерлі статистикалық талдау.

Фанатизм (лат. fanaticus – құрбандық) – индивидтің белгілі бір сенімдерге де- ген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз бе- рілгендігі; бұл оның іс-əрекетінде жəне басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астаса- ды; идеяға берілгендік басқа пікірдегілерге төзбеушілікпен қараумен, ор- тақ мақсатқа жетуге кедергі болатын əдеп нормативтерін елемеушілікпен ұштасады.

Феминизм (лат. femіna – əйел) – əйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жо- лындағы қоғамдық қозғалыс.

Феномен (грек. phainomenon – болып табылатын) – бізге тəжірибеде берілген, сезім мүшелерінің көмегімен түйсінілетін құбылысты білдіретін ұғым.

Философия (грек. philo – сүйемін + sophia – даналық) – адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім.
Фольклор (лат. folk – халық + lore – ілім) – халық арасында кең таралған ауызша шығармашылығы үлгілерінің жалпы атауы; ауыз əдебиеті (аңыз-ертегілер, мақал-мəтелдер, өлең-жырлар, əдет-ғұрыптар жəне т.б.).

Функция (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру) – қандай болмасын қаты- настар жүйесіндегі белгілі бір объектінің сыртқы көрінісі.


  • Х –


Халық тарих субъектісі; қоғамның əлеуметтік топтары мен кластарының жиынтығы, мемлекет, ел тұрғындары.

Халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, əлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекет- тік статистикалық шаралар. Бұл санақ халықтың дəл сол уақыттағы мəлі- метін «лезде суретке түсіріп» алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, құрылымы, əлеуметтік-экономикалық си- паты туралы ақпарат жиналады.

Халық тығыздығы – мемлекеттегі жалпы жер көлеміне халық санын орналасты- ру немесе жер көлеміне халық санын бөлу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет