«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет22/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Дыбыстың ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді.Бір секунд ішінде 16 – 20000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі.
Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқын(амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі. Дауысты дыбыстар (мәселен,а,ә) бір – бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келетіндіктен, олар негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбысындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.
Лингвистикалық ( функционалды) аспект тілдік қарым – қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас құралы дәрежесіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Лингвистикалық аспект тіл дыбыстарының табиғатын, қызметін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады. Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия сөздерін айтқанда, ондағы б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я сияқты сөйлеу мүшелерінің қатысымен жасалғандықтан құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып тұрған кішкене бөлік – дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз.
Тілдің дыбыстық жүйесінің өзіне тән орнықты дербес заңдары болады. Мәселен, сөздерді айтып қана қоймаймыз, оны кейде дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Сөздерді ондай деңгейге жеткізу құралдары – радио, телеграф, телефон және теледидар. Бұлар болмаған жағдайда қолданылатын әдіс – жазу, таңба.
Дыбысты белгілеу үшін қабылдаған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Мәселен, қазақ халқы өз тарихында көне түркі, араб, латын, орыс графикасына негізделген шартты белгілер - әріп таңбаларын пайдаланды. Қазіргі жазуымыз - орыс графикасына негізделген жазу.
Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері – латын, орыс, араб, қытай жазуы үлгісінде жасалған таңбалар.
Сөзде дыбыс саны мен әріп саны бірдей болып келе бермейді. Мысалы: ащы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет