Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Фонетиканың зерттеу нысанына не жатады?
2. Фонетика қандай салалардан тұрады?
3. Дыбыс және таңбаның қандай айырым белгілері бар?
4.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады?
5. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы ажыратады:?
6. Тіл дыбыстарының жасалуын қай сала қарастырады?
№ 9 тақырып: Дыбыс туралы жалпы түсінік. Дыбыс және фонема.
Жоспары:
1. Дыбыс ырғағы.
2. Дыбыс күші мен әуені. Дыбыстың созылыңқылығы.
3.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті.
Адамның дыбыстық тілі - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде ( лат.aspestus – көзқарас,түр,сипат) қарастыру керек.Олар: анатомия – физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық (функционалдық) аспект.
Анатомия – физиологиялық аспект адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша қызмет атқарады.
Дыбыстауға қатысатын дене мүшелерінің қызметі алуан түрлі. Сөйлеу аппараттары атқаратын қызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппаратына жататындары. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді.
Акустикалық ( физиологиялық) аспект табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады.Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық ( акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір – бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |