«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер


(а-ш-ш-ы); аяқ (а-й-а-қ); сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд



бет23/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

(а-ш-ш-ы); аяқ (а-й-а-қ); сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық. әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқаларының бас әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі. Осылайша әріптердің рет - ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: Аа (а), Әә (ә), Бб (бә), Вв (вэ), Гг (гэ), Ғғ(ға), Дд (дэ), Ее(йэ), Ёё(йо), Жж (жэ), Зз(зэ), Ии(и), Йй(қысқа й), Кк(ка), Ққ(қа), Лл(эл),Мм(эм), Нн(эн), Ңң(эң), Оо(о), Өө(ө), Пп(пэ), Рр(эр), Сс(эс), Тт(тэ), Уу(у), Ұұ(ұ), Үү(ү), Фф(эф), Хх(ха), Һһ(һа), Цц(цэ), Чч(чэ), Шш(ша), Щщ(ща), ъ(айыру белгісі), Ыы(ы), Іі (і),ь(жіңішкелік белгісі), Ээ(э), Юю(йу), Яя(йа).
Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған – орыс және поляк тілдерін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртэне. Түркітануда және қазақ тіл білімінде бұрын-сонды айтылған пікірлерді, зерттеулерді сараптай келе, профессор Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін, ол үнді европа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетіні, ал құрылым жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді. Үнді европа тілдері түркі тілдерінің құрылымдық жүйесімен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары бары белгілі. Мысалы: орыс тілінің ерекшелігі бойынша сөз ішінде және буын ішінде жуан және жіңішке дыбыстар қатар тұра береді. Ал қазақ тілінің табиғатына бұл заңдылық сәйкес келмейді. Сондықтан қазақ тілінің ерекшелігіне сәйкес фонема мен дыбысты бір-бірімен жақын ұғым ретінде түсінеміз.


Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген алфавиті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет