Езу дауыстылар
|
Ерін дауыс- тылар
|
Ерін дауыстылары
О, ө, ұ, ү, у
|
Жасалу жолына қарай
|
Ашық дауыстылар
|
Қысаң дауыстылар
|
Ашық дауыс- тылар
|
Қысаң дауыстылар
|
Жасалу орнына қарай
|
и, а, ә, е,
|
ы, і
|
о, ө
|
ұ, ү, (у)
|
Жуан дауыстылар
|
А
|
ы, (и)
|
о
|
ұ, (у)
|
Жіңішке дауыстылар
|
ә, е,
|
і, (и)
|
ө
|
ү, (у)
|
Бұл кестедегі и, у жақшада бірде жуан, бірде жіңішке деп көрсетіледі. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, буынның жуан, жіңішкелігіне қарай, олар бірде жуан, бірде жіңішке болып қолданылады.
Тақырып бойынша ұсынылатын реферат тақырыптары:
1. Дауыстылардың құрамы , жасалуына бағалау сұрақтары.
1. Жуан дауыcтылардан жасалған сөзді табыңыз.
1. кұсбегі
2. қоңырқай
3. жауынгер
4. кінәрат
5. қисық
2. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дауыстылар
1. ы, е
2. а. о
3. э, ё
4. ю, я
5. и, у
3. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз:
1. жиналыс
2. сыйлық
3. қиын
4. тиімді
5. тиым
4. Әріп саны мен дыбыс саны сәйкес келмейтін сөз
1. киіз
2. сыйлық
3. тазы
4. сайлау
5. қоржын
5. Ерін үндестігі кездесіп тұрған сөз
1. бұрыш
2. шопан
3. оқтау
4. қонақ
5. басшы
6. Езулік дауысты дыбыстар
1. о, а, ұ, ы
2. ы, і, о, и
3. э, а, о, и
4. а, ө, е, и
5. а,ә,ы,и
Тақырып бойынша ұсынылатын реферат тақырыптары:
Дауысты дыбыстардың емлесі.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Мақсаты: Дауыстылардың құрамын анықтау, жасалуына тоқталу. Әр түрлі ғалымдардың пікірлерін салыстыра отырып, дауысты дыбыстардың топталуына назар аудару.
2. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы.
Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен
салыстырыла түсіндіріледі, атап айтқанда:
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды, дауыссыздарды айтқанда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысалы, а, о, д, т дыбыстарын салыстырып айтып көріңіз;
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне тарылып түспейді;
дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
Достарыңызбен бөлісу: |