Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды – ұяң, ал салдырдаң гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды. Сонымен, қазақ тіліндегі дауыссыздар үннің қатысына қарай мына төмендегідей үшке бөлінеді:
Қатаң: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)
Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі. 1.Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у) (билабиаль) 2.Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в (лабиарденталь) 3.Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з (денталь) 4.Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л (альвеоляр) 5.Тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ (палаталь) 6.Тіл ортасы дауыссыздары: к, г (препалаталь) 7.Тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ (ыеляр) 8.көмей дауыссызы: һ. Сонымен бірге айтылу жолына қарай
шұғыл (эксплозив): п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың (фрикатив): ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ діріл: р болып үшке бөлінеді.
Бұл екі дыбыстау мүшелерінің бірде жымдасып, бірде аралығында саңылау қалып, дыбыстардың кенет (шұғыл) немесе саңылаудан сүзіліп өтуімен байланысты.
Тақырып бойынша ұсынылатын реферат тақырыптары: Қазақ және орыс тіліндегі дауыссыз дыбыс.
Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Дауыссыз дыбыстарды зерттеген ғалымдардың пікірлері.