Тақырып бойынша ұсынылатын реферат тақырыптары:
Фонетика саласына қатысты терминдер.
Термин түрлерін талда.
№ 11 Тақырып.Дауысты дыбыстар
( вокализм). Дауыссыз дыбыстар(консонантизм).
Жоспары:
1. Дауыстылардың құрамы.
2. Дауысты дыбыстардың жасалуы.
3. Монофтонг, дифтонг дыбыстардың жасалуы.
4.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың топтастырылуы.
5.Дауыссыз дыбыстардың айтылу және жазылу ерекшеліктері.
Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің кызметіне көңіл аударған жөн. Мәселен, о дыбысы мен д дыбысын алайық, біріншіден, өкпеден шыққан ауа о дыбысын айтқанда кедергісіз шықса, д дыбысын айтқанда тілдің күрек тіске соғылып, кедергіге ұшырайтынын байқаймыз. О дыбысының бұлай болуы еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсуі және ауыздың кеңірек ашылуынан болса керек. Дыбысталу мүшелерінің осындай қызметіне қарап, дауыстыларға мына төмендегі белгілер тән деуге болады:
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамайды;
дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қаттырақ дірілдетеді,
дауыс шымылдығынан өткен ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне дерлік таралып түседі;
дауыстыларда үн басым, олармен ән салуға болады. Сондықтан музыканы таңуда ноталар тіркесіндегі до, ре, ми, фа, соль, ля, си – дауыстылардың қасиетіне негізделген;
дауыстылардың тағы бір қасиеті олардың буын құрайтындығы;
Қазақ тілінің буын жүйесі бойынша сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Мысалы, үй, үн, қыс, ә-ке, ба-ла-лар.
Сонымен, айта келе ауа дауыс шымылдығынан кейін кедергісіз, еркін шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінде 9 жалаң дауысты (монофтоног) бар (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және екі дифтонг дауысты дыбыс (и,у) бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары – 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады. Соңғы орыс тілінен енген (э, ё, ю, я) дауыстыларды алып тастау керек деген пікір де айтылып жүр. Дауыстылардың санын бірде көбейтіп, бірде азайтушыларда бар. Мұның себебі у мен и дауыстыларын бөліп қараудан немесе орыс тілінен енген ю, я, ё дыбыстарын да бөліп алып, көбейтуден болуы керек. Бұл әрине, дұрыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |