о, ө, у, ұ, ү дауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп ілгері қарай жылжиды, ал а, ә, е, и, ы, і, э дыбыстарын айтқанда, ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжиды.
а, ә, е, о, э дауыстыларын айтқанда, иек төмен түсіп, ауа еркін шығады, ал и, у, ы, ұ, ү, і дауыстыларын айтқанда, тіл артқа, кейін тартылып, тілдің үсті көтеріледі де, дыбыстар жуан шығады, ал ә, ө, ү, і, е, э, (и),(у) дыбыстарын айтқанда, тіл ұшы ілгері жылжиды да, тілдің үсті шамалы төмендеп ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстар жіңішке айтылады. Демек, қазақ тіліндегі дауыстылар дыбыстау мүшелерінің әркелкі мөлшерде қатысуына қарай әр түрлі болады. Сөйтіп дауыстырылады:
ерінннің қатысына қарай: еріндік, езулік;
иектің қатысына қарай: ашық, қысаң;
тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөлеміз
Кейде дауыстыларды тіл алды, тіл арты деп те айтады. Бұл әсіресе орыс тілінде жиі ұшырасады.
Өйткені оларда жуан, жіңішке дауысты деген ұғым жоқ. Сөздің жуан жіңішке айтылуын оларды дауыссыз дыбыстар белгілейді. Мысалы, кон, конь.
Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты.
Тілдің, жақтың, ерінің қатысына қарай дауыстылардың жіктелуін жинақтап, мына секілді кестемен көрсетуге болады:
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
|
Ерінің қызметіне қарай
|
Иектің қызметіне қарай
|
Тілдің қызметіне қарай
|
Еріндік дауыстылар
о, ө, у, ұ, ү
|
Езулік дауыстылар
|
Достарыңызбен бөлісу: |