Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары


Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері



бет3/16
Дата19.06.2022
өлшемі225 Kb.
#459345
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
dip -qazirgi-pedagogikadagy-tarbie-adisteri-quraldary

1.2.Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.


«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады. ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай келуі керек, сонда ғана адамдардың нысаналы қызметінде азаттық пен қажеттілік арасындағы дидактикалық қарым – қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді. Шартты мағынада «Мақсат» терминімен ғылымда кері байланыс».
Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп, тәрбиелейтін - қоғам», - деп өте орынды айтқан. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастырғанда оны әрқашанда қоғаммен бірлікте, қоғамдық құбылыс ретінде, қоғамның талаптарымен байланысты қарастырады.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі қоғамның мақсатын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса, «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару».
Қоғамның материалдық негізі мен идеологиясының өсуі әртүрлі қоғамдық – экономикалық формацияның алмасуына ықпал етеді. Ол өз алдына тәрбие мен оқытудың мақсат – міндеттерін, оның мазмұны мен әдістерінің өзгеруіне де себепші болады.
Бізге мәлім, ерте замандағы педагогтар әрекетінде тәрбиенің мақсат – міндеттерін белгілеуде ортақ пікір болмаған. Ол негізінен екі бағытта өрбіген. Біріншісі, прогресивті идеяны ұсынса, яғни жалпыға бірдей білім бере отыра жеке басты жан – жақты, үйлесімді дамыту болса, ал, екіншісі, яғни реациялық идеяның өкілдері үстем таптың мүддесін көздеп, дін мен идеалистік философияның теорияларын уағыздады.
Бүгінгі таңда қоғамның жаңа сатыға, жаңа сапалық жағдайға көтерілуі еліміздің әлеуметтік – экономикалық саласында жаңа міндеттерді, жаңа талаптарды шешуді жүктеп отыр. Егерде қоғамның әлеуметтік саласында қайта құру міндеті жүктелсе, яғни ол жалпы орта білім және тәрбие беретін мекемелер алдына жаңа сатыдағы сапа жағынан жаңа міндеттерді шешудің объективтік қажеттілігі туындағанын көрсетеді.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын адамзат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.».
Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан – жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқараста еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.
Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуірінде гуманистер Витторино да Фелбтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан – жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның эстетикалық дамуы қажеттілігіне назар аударады. Кейіннен жеке тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал – утопистер Томас – Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен – Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан еңбек пен оқытудың бірлігін жан – жақты даму деп қарастырады. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман утопистік сипатта қала берді.
ХVІІІ ғасырдағы француз философ – ағартушылары Гельвецию және Дидро еңбектерінде бұл ойдың негізіне ақыл – ой мен адамгершілік тәрбиесін қарастырды. Ж.Ж.Руссо бұл пікірге терең талдау жасап, табиғатпен дұрыс қарым – қатынас жасай білетін барлық балаларды еңбекке тарту қажеттігі жайында өз пікірін уағыздайды.
Жан – жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл – демократия-лық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтар да қолдады. Н.Г.Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы – қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдіреді.
Маркстік философияның негзін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан – жақты дамуы жайлы пікірлерінде ақыл – ой тәрбиесімен дене тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін техникалық оқумен ұштастырады. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл – ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірлерінде ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келек, ол үшін жасөспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне баса назар аударады.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш мектеп екендігіне, тұлғаны жан – жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.
Яғни, тұлғаның жан – жақты дамуына арқау болатын Мағжан Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан – жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігіне сай көзқарасқа тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет