Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


ҚХР - Қытай Халық Республикасы ОАА



бет3/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

ҚХР - Қытай Халық Республикасы
ОАА - Ортаазиялық аймақ
РФ - Ресей Федерациясы
ТАСИС - Әрекет ету бағдарламасы бойынша Еуропалық қауымдастық
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҰҚК - Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі
ХКҰ - Халықаралық көші-қон ұйымы
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
ЮНИСЕФ - БҰҰ-ның Балалар қоры
ЮНФПА - БҰҰ-ның халық саны саласындағы халықаралық қоры


КІРІСПЕ


Жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы. Диccepтaциялық жұмыста қазіргі таңдағы халықаралық құқықтағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттеудің өзекті мәселелері, құқықтық мемлекет-адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші әмбебап негізгі институт ретінде, адам құқығының халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық сипаты, босқындардың құқықтарын халықаралық деңгейде реттеудің ерекшеліктері, адам және азаматтардың құқықтарының халықаралық деңгейде құқықтық реттелу ерекшелігі, қазақстан республикасының БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болуы, адам және азаматтардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының түсінігі, қалыптасу тарихы, халықаралық ұйымдар және адам және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері, адам және азаматтардың құқықтарын халықаралық деңгейде қорғауды қамтамасыз етуі, адам және азаматтардың құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері, бұұ қызметіндегі адам және азаматтардың құқығы мәселесі: тарихы және қазіргі жағдайы қapacтыpылғaн.
Диccepтaциялық зepттeудің өзeктілігі. Жалпы, БҰҰ аясында Адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның Жоғарғы комиссар Басқармасы Адам құқықтары бойынша Жалпыға бірдей декларациясына кепілдік беретін, адам құқықтарын қорғау және сақтауын бақылайтын негізгі институт. Бұл комиссариат 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен құрылған. Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның Бас Хатшысының ұсынысы бойынша төрт жылдық мерзімге тағайындалады, оған көп міндеттер артылған, соның ішінде адам құқықтарының іске асырылуының тиімділігін қорғау мен көмектесу, БҰҰ жүйесі аясында адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттерді үйлестіру мен күшейту. 2008 жылы 28 шілдеде Бас Ассамблея БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның Наванетхем Пиллэйді (Оңтүстік Африка) БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жаңа Жоғарғы комиссары қылып тағайындау ұсынысын дауысқа салмастан бекітті. Жоғарғы комиссар адам құқықтарының бұзушылығы қатынастарында шаралар қабылдап, ескертушілік әрекет қолдануы керек. Адам құқықтарын қорғау мен жүзеге асырудың нақты тетіктері мен құралдары қазіргі таңда әлемнің басқа аймақтарына қарағанда Еуропада көбірек құрылғандығын айта кеткен абзал. Аймақтық халықаралық ұйымдар қатарындағы 1949 ж. мамырда құрылған Еуропа Кеңесінің осы саладағы қызметі ерекше. Құрылтайшы құжатында маңызды мақсаттары ретінде Еуропаны демократиялык және қауіпсіз кеңістікке айналдыруға ыкпал ету, плюралистік демократия мен адам кұқықтарын қорғау мен бекіту, парламенттік демократияны кушейту, заң билігін қамтамасыз етуін қалаған ұйым көптеген нәтижелерге жетті. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенциясының қабылдануы (1950ж. 5қарашада Римде бекітіліп, 1953ж. 3 қыркүйекте күшіне енді) жалпы гуманитарлық, құқық қорғау қызметімен айналысатын ұйымдарды күшейтті. Конвенция азаматтың ажыратылмайтын жеке құқықтарын қорғайды және мемлекеттерден олардың сақталуын талап етеді. Бұл жүйе арқылы мемлекеттер, нақты жағдайларда жеке азаматтар да, олардың құқықтары бұзылған жағдайда бақылау инстанцияларына жүгіну құқығына ие болады. Қазіргі таңда Еуропа Кеңесі қызметінің үш негізгі өлшемі құрылған: үкіметаралық, парламентаралық және аймақаралық, оларға ЕК басты органдары сәйкес келеді: Министрлер комитеті, Парламент ассамблеясы, Еуропаның жергілікті және аймақтық биліктерінің конгрессі. Тағы да бір орталық орган – Адам құқықтары бойынша Еуропалық сот (1953ж. құрылған). Адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың штаб пәтері Страсбургте (Франция) орналасқан. Сонымен қатар, 1997 ж. Страсбург кездесуінің шешімі бойынша 1999ж. мамырында Адам құқығы жөніндегі Еуропа Кеңесі Комиссарының өкілдігі бекітілді. 1949-2008жж. аралығында Еуропа Кеңесі 205 түрлі конвенциялар мен протоколдар қабылдады, олардың ішінде мысал ретінде Адам құқықтары мен биомедицина туралы конвенция (1997ж.), Ұлттық азшылықтарды қорғау туралы конвенция (1998ж.), виртуалды кеңістіктегі қылмыспен күрес туралы конвенция (2001ж.) және басқалары. Адам құқықтарымен байланысты мәселелер шеңберімен айналысатын және бұл салада қызмет ететін дамыған институттары бар тағы бір еуропалық ұйым ЕҚЫҰ. Атап айтсақ, Ұлттық азшылықтар мәселелері жөніндегі Жоғары комиссар ұлтаралық шиеленістерді тез арада жоюға күш салу және айқындау қызметін атқарады. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) адам құқықтарын қамтамасыз етуге, демократияның дамуына және заң үстемдігін бекітуге жауапты құрылымды құрайды. Атап өтетін жайт, ЕҚЫҰ-да адам құқығыбұзылуының жеке шағымдарын қарастырыру және оларды халықаралық құқық құралдарымен қорғау тетігі жоқ. Солай бола тұра бұл жайт ҮЕҰ-ның ЕҚЫҰ құрылымдарына жүгінуіне және белгілі бір елдерде адам құқықтарының бұзылу жағдайларына ұйымның назарын аудартуға және адам құқықтарын қамтамасыз етуге бірігіп күш жұмылдыруға кедергі бола алмайды. Ұйымның кемшіліктері ретінде адами өлшемдер бойынша міндеткерліктердің бұзылуының дәлелденуі жағдайында санкциялардың және ЕҚЫҰ шешімдерін қабылдауда консенсусты талап етудің жоқтығын атап өтуге болады. Осыдан айта келе, қабылданатын шешімге қатысы бар мемлекеттің еркіне қарсышаралар қолдануға болмайды. Яғни, Вена тетігінің тиімділігі көп жағдайларда саяси қысымдарға байланысты болады. 2010ж. ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясында адам құқықтары мен негізгі бостандықтар ажыратылмайтын болып табылатыны және оларды қорғау мен ынталандыру ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ең бірінші міндеті екені атап көрсетілген
Әлемдік саясаттың беделді акторларының бірі, адам құқықтары мәселелеріне үлкен мән беретін тағы да бір халықаралық ұйым – Еуропалық Одақ (ЕО) болып табылады. ЕО адами өлшемдер бойыншаЕҚЫҰ құрылымдарымен бірлесе отырып, гуманитарлық салада батыс құндылықтарын насихаттау жолында беделді қызмет ететін ұйым. ЕО елдерінің СІМ құрылымдарында адам құқықтары доктринасын дәріптеу мәселелерімен айналысатын арнайы органдар құрылған. Адам құқықтарын қорғауға қатысты жаһандық және еуропалық конвенциялар, декларациялар және протоколдармен салыстырғанда Африка және Азия елдеріндегі құжаттар айтарлықтай ерекшеліктерге ие. Африкадағы адам құқықтарын қамтамасыз етудегі басты келісім құралы 1981 ж. 27 маусымда қабылданып, 1986 ж. 21 қазанында күшіне енген Адам және ұлт құқықтарының африкандық хартиясы болып табылады. Қазіргі таңда Адам және ұлт құқықтары туралы африкандық хартияны Африка Одағының барлық 53 мемлекеті ратификациялаған. Хартия кіріспесінде, «азаматтық және саяси құқықтар экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардан ажыратылмайды» делінген. Хартия БҰҰ мен Еуропа Кеңесінде адам құқықтарын қорғау мен бақылау үшін құрылған құрылымға ұқсас Адам құқықтары туралы Африкандық комиссия құруды мақсат етуде. Африкадағы Адам құқықтарына қатысты басты құжаттарға Гранд-Бэй Декларациясы және оған қосымша Адам құқықтары бойынша әрекет жоспарлары жатады. Азия аймағындағы адам құқықтары саласындағы маңызды құжат - Адам құқықтары туралы Бангкок декларациясы - 1993 ж. Азияға арналған дүниежүзі конференциясының шеңберінде қабылданды. Әлсіз топтарға, оның ішінде еңбек мигранттарына және босқындарға қатысты адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының кепілдігі ерекше аталған. Сондай- ақ, тағы бір азиялық халықаралық ұйым – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы 2007 ж. еңбек мигранттарының құқықтарын ынталандыру және қорғау туралы Декларациясын қабылдады. ОШАЕА құрылымында адам құқықтары бойынша тетіктерді құруға арналған жұмыс тобы қызмет етеді, оның басты мақсаты ОШАЕА адам құқықтары бойынша үкіметаралық комиссия құруда болса, ағымдағы міндетері ОШАЕА елдерінің үкіметтерін аймақтағы мигранттардың адам құқықтарының ынталандырылуы мен қорғаудың жағдайы туралы үнемі ақпараттандыру жатады. Жалпы, 2009ж. қазанда ОШАЕА шеңберінде адам құқықтары жөніндегі Үкіметаралық Комитет құрылды. Ерекше айтып кететін жайт, 2011ж. 30 маусымда Астанада ИЫҰ-ның СІМ мәжілісінде ұйым шеңберінде адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссияның құрылуы туралы шешім қабылданып, оның жарғысы бекітіледі.
Батыс жартышарындағы аймақтың көп елдерін біріктіретін негізгі халықаралық ұйым Америка мемлекеттерінің ұйымы болып табылады. Аймақтағы адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету туралы басты құжат Адам міндеттері мен құқықтары туралы Америка декларациясы табылады, ол БҰҰ жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясынан 7 ай бұрын 1948 ж. 2 мамырда Богота қ. (Колумбия) Америка елдерінің халықаралық конференциясында қабылданды. Тағы бір аймақтық маңызы бар құжат ретінде Адам құқықтары бойынша америкааралық конференцияда Сан-Хосе қ. (Коста-Рика) 1969 ж. 22 қарашада қабылданған Адам құқықтары жөніндегі американдық конвенцияны (Сан-Хосе пакті) атап өтуге болады. Күшіне 1978 ж. 18 шілдеде енді. Конвенцияда, «адам құқықтары адамның белгілі бір мемлекеттің азаматы болуынан емес, олардың адам тұлғасының қасиеттеріне негізделгендігінен пайда болады сондықтан американдық мемлекеттердің ішкі құқықтарымен қаралған қорғанысты нығайтатын және толықтыратын конвенция түріндегі халықаралық қорғанысты қажет етеді» деп белгіленген.
Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы ежелгі заманда пайда болған табиғи құқық идеяларынан шығады да, өзінің тікелей бастауын либерализм идеяларынан алады. Оның ең көрнекті өкілдері өмірге, қауіпсіздікке, бостандыққа, меншікке, мемлекетке тәуелсіз болатын және онымен қорғалатын адамның табиғи, ажыратылмас (шеттетілмейтін), әрі қасиетті нормаларына қысым көрсету кедергісінің маңызды құқықтарындағы ұғымын негіздеді.
Адам мен адамзат құқықтары институтын дамытудағы сапалы серпіліс ХХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе тоталитарлық режимдердің қайғылы тәжірибесіне реакция ретінде болды. Қалыптасқан азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар каталогы елеулі кеңейеді. Оларға жаңа «құқықтар ұрпағы»: қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа және т.б. Осы кезеңде адам мен азамат құқықтары институтын дамытудағы жетекші рөлді оның негіз құраушы құжаттарында ресімделген халықаралық құқық иеленеді: Жалпыға ортақ адам құқықтарының декларациясы (1948ж.), Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, және азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966ж.), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинки қорытынды актісі (1975ж.) қосылады.
Олар және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық құжаттар адам мен адамзат құқықтары каталогының масштабты стандартын және қатысушы-мемлекеттердің конституциялық құқығымен қабылданған осы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдіктерін құрады.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы болып табылады. Осы құжатқа Бастама бөлімде былай мәлімделген: «Бас Ассамблея осы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай-ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ұмтылатындай етіп жариялайды».
Декларацияның 1-бабында былай деп жарияланған: «Барлық адамдартумасынан өзінің ар-намысы мен бостандығында еркін және тең болады. Оларға ақыл мен ар берілген және олар бір-бірімен ағайындылық рухында әрекеттесуі тиіс». Осы жарияланған құқық 3-баппен күшейтіледі: «Әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке ісіне қол сұғылмауына құқығы бар». 2-бапта Декларация әрбір адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, сословиелік немесе басқа жағдайына қатысты қандай да болмасын айырмашылықсыз, осы Декларациямен жарияланған барлық құқықтар мен барлық бостандықтарды иеленуі тиіс екенін анықтайды.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 7-бабы мынаны бекітеді: «Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешбір айырмашылықсыз заңның тең қорғауына құқығы бар. Барлық адамдардың осы декларацияны бұзатын қандай да болмасын кемсітушіліктен және осы кемсітушілікке қандай да болмасын арандатушылықтан қорғауға құқықтары бар». Осы халықаралық құқық нормасының мағынасын қоғамның кез келген мүшесінің лайықты адамша тіршілік етуге құқығын қорғау ретінде, әрбір адамнан жеке тұлғаны көруді талап ету ретінде түсіну керек.
Көрсетілген қағида кейіннен адам мен азамат құқықтарын сақтау стандарттарын анықтайтын, барлығы дерлік халықаралық-құқықтық көздерде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің ұлттық заңдарында қайталанған.
Күшті азаматтық қоғамды дамыған дербес, орнықты, түрлі әлеуметтік топтың және халықтың кең ауқымының мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың жүйесінсіз елестету мүмкін емес.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің ҮЕҰ-мен ынтымақтастығы азаматтық қоғам құрылымдарына естілуге мүмкіндік беруге, құқықтар мен бостандықтарды сақтаумен байланысты ахуалға олардың бағалау нәтижесін ескеруге арналған. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды тарату саласында ақпарат алмасу, ынтымақтастық адам құқықтары мониторингін жүзеге асыру және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында елдің заңнамасын жетілдіру бойынша бірлескен күш-жігер арқылы адам құқықтарын қорғау бойынша қызметтің тиімділігін арттыруға ықпалы тиеді.
Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды. Адам мен азамат құқықтарын қорғауды кез-келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады. Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес. Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандықтың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1], - деп жазылған. Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге барабар болып шығады.
«Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия – мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады [2, 34 б].
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды [3].
Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау БҰҰ Жарғысында белгіленген адам құқығы мен бостандығын құрметтеу қағидасы нақты халықаралық-құқықтық нормалар түрінде мынадай шарттарда және келісімдерде нақтыланып бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет