Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



бет5/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1 Халықаралық құқық, мемлекет және құқық теориясында демократиялық, заңдылық, кәсібилік, жариялылық, биліктің бөлінуі сияқты классикалық қағидалары белгіленген. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнықтыру жағдайында қазіргі таңдағы халықаралық құқықтағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттеудің өзекті мәселелері мемлекеттік аппарат қызметінің негізін қалаушы басты қағида ретінде қалыптасуы керектігі ұсынылды.
2 Заң әдебиеттерін талдау адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау механизмін құрайтын іргелі ұғымдардың мазмұны мен көлемінде елеулі қарама-қайшылықтарды ашуға мүмкіндік берді. Құқық нормаларын қолданудағы мұндай қайшылықтарды жою мақсатында «адам құқықтарына кепілдік», «қамтамасыз ету», «қорғау» және «сақтау» ұғымдарының құқықтық тегін талдау арқылы бұл ұғымдар арасын шектеп, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы ұғымдық аппарат тұжырымдалды.
3 Қазақстан Республикасындағы заң шығарушылық және саяси практика негізінде адам құқықтарының кепілі ұғымының мазмұны және осы қызметтің барлық бағыттары, нысандары, тәсілдері, әдістері талданып ашылды.
4 Халықаралық деңгейдегі адам құқықтарын қорғауға, адам құқықтарын сақтау мен қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мемлекеттік органдардың қызметі қарастырылып, олардың негізгі бағыттары анықталды.
5. Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мү­шелік Қазақстанға БҰҰ-ның жұмысына оның маңызды құқыққорғау органдары­ның бірінің аясында мейлінше белсенді қа­тысуға, халықаралық құқыққорғау қо­ғам­дастығына ықпалдастықты жедел­дету­ге және осы салада оң тәжірибе­лер­мен ал­масуғ­а мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Кеңестегі мүшелік әр­бір азаматтың Конституциямен және заң­дар­мен кепілдік етілген құқықтарының тиім­ді жүзеге асырылуын әрі қарай қам­та­масыз ету бойынша жауапкершілікті еселей тү­седі. 2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен инс­титутын құру осы тұрғыдан алғанда, мем­лекеттің прогресс жолынан ауытқы­май­тын мықты ерік-жігерін айғақтайды.
Бүгінгі таңда Омбудсмен Қазақстан­дағы құ­қық қорғау ұйымдарының кең ауқымы­мен ғана емес, шетелдіктермен де сындар­лы әрекетестікте. Оның мем­лекеттік орган­дар жүйесіндегі бірегей рөлі елдегі адам құ­қықтары турасында обьективті көзқарас қа­лыптастыруға сеп­тігін тигізетіндігі көрсетілді.
Диccepтaциялық жұмыcтың әдіcтeмeлік жәнe тeopeтикaлық нeгізін мaгиcтpлік диccepтaциялық жұмыcты жaзу бapыcындa жaлпы қоғaмдық ғылымдapғa оpтaқ әдіcтep: aнaлиз, cинтeз, диaлeктикaлық т.б. қолдaнылды. Cонымeн қaтap, жұмыcтa нaқты ғылыми әдіcтep зaңи capaлaу, caлыcтыpып тaлдaуғa өз кeзeгіндe оpaйлы пaйдaлaнылды.
Мaгиcтpлік диccepтaциялық жұмыcты жaзу бapыcындa зaң ғылымының бeлгілі өкілдepі C.З. Зимaновтың, C.C. Capтaeвтың, З.Ж. Кeнжaлиeвтің, Т.М. Күлтeлeeвтің, C.Н. Cәбикeновтің, C. Өзбeкұлының, Н. Өcepовтің, Ғ.C. Caпapғaлиeвтің, Т.М. Бaймaхaновтың, Ж.Д. Буcуpмaновтың, A.C. Ибpaeвaның, Т.A. Aғдapбeковтың, Н.C. Aхмeтовaның, Ж.C. Әлдибeковтің, Қ.A. Жиpeншиннің, т.б. eңбeктepінe apқa cүйeді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет