Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


БҰҰ қызметіндегі адам және азаматтардың құқығы мәселесі: тарихы және қазіргі жағдайы



бет16/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

3.6 БҰҰ қызметіндегі адам және азаматтардың құқығы мәселесі: тарихы және қазіргі жағдайы

Қазіргі таңда адам құқығын қорғау және құрметтеу әлемдік қауымдастыққа жүктелген ең маңызды міндеттер қатарына жатады. Адам құқығын қорғау бойынша халықаралық ұйымдардың қызметі бұрыннан және түрлі формаларда жүзеге асырылуда. Бастамасы 1919 ж. Халықаралық еңбек ұйымын құрумен Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын қабылдаумен қаланды. Алайда екі бірдей дүние жүзілік соғысты бастан кешіргеннен кейін ғана әлемдік қауымдастық жеке тұлғаны бағалай бастады. 1945 ж. БҰҰ құра отырып, мемлекеттер Жарғының 1 бабында, ұйымды құрудағы мақсаттардың бірі «нәсілге, жынысқа, тілге және дінге бөлместен адам құқығы мен негізгі бостандықтарына деген құрметтеуді дамыту мен кеңейту» болып табылады деп келісті. БҰҰ-ын құрушылар қауіпсіздік, экономикалық даму және адам бостандығы бір бірінен ажырамас нәрселер екенін түсінді. Экономикалық және әлеуметтік қеңес «адам құқықтарының сақталуына және құрметтеуіне, негізгі бостандығына ықпал ететін нұсқаулар беруге» міндетті деп Жарғыда жазылған [56, с. 134].


МОТ, ЮНЕСКО және БҰҰ жүйесінің басқа ұйымдарының және аймақтық халықаралық ұйымдардың шешімдерін айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі адам құқықтары бойынша 60-ге жуық декларациялар мен конвенциялар құрастырып, қабылдады. Бұл актілер мүше-мемлекеттерге адам құқығы саласында заңды міндеттемелер ғана артып қоймай, мемлекеттердің міндеттемелерінің сақталуын бақылаудың халықаралық тетіктің нақты жүйесін құруды да қарастырады. Бұл жүйе, қазіргі таңда, екі дәрежеде дамуда: әмбебап және аймақтық.
Бірақ биполярлы жүйе жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың бұл саласы мемлекеттер арасындағы конфронтацияның аренасы болды. Соңғы онжылдықтағы халықаралық қатынастардың дамуының ерекшеліктері адам құқықтары мәселесінің өзінің өзектілігін жоғалтпағандығын көрсетті. Керісінше, Таяу Шығыстағы, Солтүстік Африкадағы және әлемнің басқа аймақтарында қазіргі таңда болып жатқан оқиғалар, сонымен қатар, жаһандық деңгейдегі кең көлемді мәселелер (халықаралық қылмыстың өсуі, ланкестік, есірткінің айналымы, су басу, жер сілкінісі, жанартау атылуы салдары, атом станцияларындағы апаттар және басқа қауіптер) жеке қауіпсіздік негіздеріне зиян келтіреді, гуманитарлық дағдарысқа алып келеді және адам құқығын қорғау үшін халықаралық-құқықтық шаралардың қажеттілігін арттырады.
1948 ж. желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының адам құқықтарының қазіргі түсінігі түріндегі адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясы қабылдануынан кейін адам құқығы халықаралық қатынастардың анықтаушы факторы болды. Бас Ассамблея адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын «барлық халықтар мен мемлекеттер орындауға ұмтылатын мақсаттар» түрінде қабылдады. Декларация бойынша, барлық ерлер мен әйелдер білуге тиісті, адам құқықтары мен бостандығына негіз болатын 30 бап бар. Бұл адам құқықтары бойынша алғашқы халықаралық әмбебап құжат. Ол адам құқықтарының қазіргі заманғы тұжырымдаманың негізін салды және оның халықаралық қатынастарда таралуына ықпал етті [57, с. 36]. Сонымен қатар, бұл декларацияны нақтылайтын халықаралық деңгейдегі басқа декларациялар, конвенциялар және хаттамалар қабылданды.
Декларацияның баптары қазіргі халықаралық құқықтың және әлемнің барлық мемлекеттерінің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы халықаралық келісім-шарт еместігіне қарамастан, соның негізінде БҰҰ-ның басқа барлық құжаттары қабылданатын ереже ретінде қалыптасты. Декларация заңды міндетті сипатта болмаса да, оның моральді әсері бар. Бас Ассамблея Ұйым мүшелерін Декларация мәтінін жариялап және «барлық мектептер және басқа оқу орындарында оқытып, анықтап түсіндіруге, оны таратуға» шақырды.
1946 жылы құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы Декларация негізінде адам құқығы саласында маңызды халықаралық құжаттар құрастырды. Биполярлық әлем жағдайында азаматтық-саяси немесе әлеуметтік-экономикалық құқықтардың басымдылығы жөнінде сөз таластыру болғанын айта кету керек [64]. АҚШ бастаған Батыс елдері адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғау тетігі жөнінде халықаралық құжатты құрастыруды ұсынды. Өз кезегінде социалистік елдер экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт құрастыруды ұсынды. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы екі жақтың мүддесін ескере отырып, екі құжат даярлады. Нәтижесінде 1966 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 23 наурызда 35 мемлекет бекіткеннен кейін күшіне енген) және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 3 қаңтарда күшіне енді) қабылдады [64]. Осы пакттерге қосымша ретінде Декларацияға қосылмаған өз табиғи байлықтары мен ресурстарын еркін қолдану құқығын қоса халықтардың өзін-өзі билеу құқықтары қосылды [64].
Көптеген мемлекеттер осы құжаттарды өз ескертулермен бекітті. Мәселен, кейбір мұсылман елдері діни нормалардың басымдылығын ескертті. Осылайша, Бахрейн «барлық азаматтық және саяси құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең қолдануын» қарастыратын жағдай шариғат заңынан жоғары емес екендігін көрсетті. Немесе Кувейт отбасылық қатынастардағы ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі және Пакттің басқа нормалары елде ислам нормаларына негізделген ұлттық құқыққа қайшы келмеген жағдайда ғана қолданылады деп көрсетті.
Сонымен қатар, кейбір еуропалық елдер шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайының мәселесінде халықаралық құқықпен салыстырғанда ұлттық құқықтың ерекше құзыретін ескертті. Соның ішінде, Австрия бейдискриминация нормасы Австрия азаматтары мен шетел азаматтарының қатынастары бойынша әр түрлі құқықтық іс-шараларды қолдану тәжірибесін жоққа шығармайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Ұлыбритания Біріккен Королдігінің қазіргі иммиграциялық заңдарына қатысты Пакттің 12 бабының 4 тармағын («Ешкім өз отанына бару құқығынан айырыла алмайды») және Пакттің басқа да жағдайларын қолдану не қолданбауына құқығы бар екендігін көрсетті.
1966 жылы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактпен қоса осы Пактке Факультативтік хаттама қабылданды. Факультативтік хаттамада 1977 ж. азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт негізінде құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комитетінің уәкілеттігін жүзеге асыру тәртібі мен қызметінің регламентациясы бар. Факультативтік хаттама өз күшіне 1976 жылы енді.
Сонымен әр түрлі саладағы адам құқықтарын қорғап тұру үшін БҰҰ көп еңбек етуде екендігін айта кеткен жөн. БҰҰ нәсілшілдіктің барлық түрін, нәсілдік дискриминация мен апартеидты БҰҰ-ның Жарғысының қағидаларын бұзушылық ретінде қарастырып, толығымен жоюға тырысуда. Мәселен, 1972 жылы Бас Ассамблея 1973 жылдан бастап келесі он жыл нәсілшілдік және нәсілдік дискриминацияға қарсы күрестің Онжылдығы ретінде қаулы етті және бұл қаулыны 1973 ж. 10 желтоқсанда адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясының 25 жылдық мерекесінде жүзеге асырды. Бірақ, 1970 жылдары Ассамблеяның көптеген үндеуіне қарамастан Оңтүстік Африкада апартеидтың және нәсілдік сегрегацияның түрлі формалары күшейе бастады. Ассамблея ОАР мен Намибиядағы апартеидты адамзатқа қарсы қылмыс ретінде айыптап, 1973 жылы 30 қарашада, 1976 жылы 18 маусымда күшіне енген, апартеидке жол бермеу туралы Халықаралық конвенцияны қабылдады. 1968 жылы адам құқықтары бойынша Халықаралық конференция халықаралық спорттық федерациялар мен ассоциацияларды ОАР-ды апартеид жойылғанға дейін өз мүше елдер қатарынан алып тастауды шақырды. 1971 жылы Бас Ассамблея бұл ұсынысты мойындады және спорттағы нәсілдік дискриминацияны жою үшін уақытша ережелер енгізді. 1977 ж. 14 желтоқсанда мемлекеттерді апартеид саясатын жүргізетін кез келген елмен спорттық байланысын тоқтатуға шақырып, спорттағы апартеидке қарсы Халықаралық декларация қабылдады. Биполярлық әлем жағдайында БҰҰ ҚК тұрақты мүшелерімен бірыңғай ұстаным жөнінде келісу сирек болса да, бірақ 1985 жылы апартеид мәселесі бойынша ОАР-ға қарсы халықаралық санкция енгізу туралы мемлекеттер ортақ шешімге келді. Бұл санкциялар ОАР-дағы апартеидтың жүргізілуіне нүкте қойған 1991 жылы елде қабылданған реформадан кейін ғана тоқтатылды. Биполярлық жұйе ыдыраған кезде эксперттер адам құқықтары жөніндегі либералдық тұжырымдамалардың нығаюы туралы көп айтатын. Оған дәлел ретінде посткеңестік кеңістіктегі жалпы адамзат құндылықтардың басымдығы туралы көзқарастардың кең таралуы есептелген. Алайда 90-жылдардың соңындағы бұрынғы Югославия аумағында және 2003 жылы Иракта болған жағдайларға байланысты БҰҰ-ның көптеген елдері гуманитарлық интервенция идеясына, тәуелсіз мемлекеттердің егеменді құқықтарына қол сұғу үшін «адам құқықтарының егемендіктен жоғары болуы» туралы тезисті қолдануға қарсы сынаумен алға шықты. Нәтижесінде адам құқықтарының қазіргі тұжырымдамасы ерекше тарихи және мәдени ортадағы либерализмнің батыстық концепциясы негізінен туындағандықтан адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясы қағидаларының әмбебаптығы жөнінде күмәндар туралы көзқарастар пайда болды.
Қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ адам құқықтарын қорғау бойынша қызметін күшейтті. БҰҰ шеңберінде адам құқықтары мен байланысты жаңа құрылымдар пайда болды. Жаңарған жанжалдар қатынасындағы шаралар әскери қылмыс және адамзатқа қарсы қылмыс бойынша трибуналдың құрылуы болды. 17 шілдеде БҰҰ-ның Римдегі конференциясында әлемдік қауымдастыққа маңызды қатер төндіретін қылмыстарды: геноцид, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстар, агрессиялық қылмыстарды соттайтын тұрақты соттық инстанция құрап, халықаралық-құқықтық жүйедегі бос орынды толықтырған Халықаралық қылмыстық сот Статутының (2002 жылы күшіне енді) қабылдануы маңызды оқиға болды. Айыптаушылар ретінде адам құқығын жаппай бұзушылық жасаған мемлекет басшылары да болуы мүкін. Айтып кету керек, Югославия президенті С. Милошевичтың үстінен сот көп елдердің ерекше реакциясын тудырды.
2000 жылы 8 қыркүйекте қабылданған БҰҰ-ның мыңжылдық Декларациясында адамдардың халықаралық адам құқықтары мен негізгі бостандығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдану керектігі көрсетілді [64]. 2002 жылдан бастап БҰҰ мекемелері мүше-елдерде ішкі және сыртқы саясатта «құқық қорғаушылық қадам тұжырымдамасын» (Human Rights Based Approach) басқару идеясын белсенді насихаттады. БҰҰ Бас хатшысымен БҰҰ жүйесінің бөлімшелеріне мандаттары аясында іске асырылатын адам құқықтарының тұжырымдамасын барлық қызмет түрлері мен бағдарламаларға қосуға нұсқау берілді. Құқық қорғаушылық қадам тұжырымдамасы 2003 жылы толықтай құрастырылды. БҰҰ-ның реформалау стратегиясының бір бөлігі болды. Осы мақсатта адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар Басқармасының дәрежесі көтерілді. БҰҰ өкілдіктерінде барлық жерлерде БҰҰ-ның барлық бағдарламалық жобалары келісілетін адам құқықтары бойынша кеңесшілер институты құрылды. Осылайша, БҰҰ агенттіктері мен жергілікті билік арасындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша техникалық көмектесу шаралары мен саяси орнатулар, барлық бағдарламалар адам құқықтары мәселесіне негізделді. Бұл ынтымақтастық үкіметтің адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттерін тиімді орындау қабілетіне көмектесуге шақырады. Басқаша айтқанда, барлық ортақ жобалар мен БҰҰ агенттіктері жағынан мемлекеттерге гранттық көмек адам құқықтары бойынша кеңесшілер үкіметтің осы саладағы қызметіне нашар баға берсе тоқтатылады. Үкімет жұмысын бағалаудың негізгі көзі – олардың БҰҰ-ның комитетіне ұлттық баяндамасы мен үкіметтік ұйымдардың альтернативті баяндамалары болып табылады.
БҰҰ реформасы аясында адам құқықтары бойынша Комиссия 2006 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Кеңесіне ауыстырылды. Басты мақсаты соңғы жылдары өзара қырқысулар мен тіл тигізулер, шулы саяси дебаттар орнына айналған Комиссияны реформалау болды. Бірақ өз қызметінде Кеңес те бірнеше рет сынға ұшыраған, мәселен, «Израильді шектен тыс тынымсыз бақылауда» деп айыптаған осы органның негізін салушы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан жағынан болды [55]. Сонымен қатар, көптеген эксперттердің айтуынша Кеңес шеңберінде Кения, Судан мен Мьянмадағы оқиғаларға мән бермеуі оның беделінің төмендеуіне алып келді.
Реформаларға қарамастан, кейбір еуропалық елдер және АҚШ соңғы уақытқа дейін Кеңес жұмысына қатысудан бас тартқан еді. Жаңадан сайланған АҚШ президенті Б. Обаманың бұл бағыттағы алғашқы қадамы АҚШ-тың адам құқықтары бойынша Кеңеске жедел кіру туралы өтініші болды.
Адам құқықтары бойынша Кеңес БҰҰ жүйесіндегі басты құқық қорғаушылық мекеме болып табылады. Кеңес мүшелері – Бас Ассамблея сайлаған БҰҰ мүше-мемлекеттер. Бас Ассамблея мүшелері 47 орынға Кеңес мүшелерің сайлайды. Әр мүшенің уәкілеттілік мерзімі 3 жыл және ешқайсысы қатарынан екі мерзімнен артық мүше бола алмайды. Орындар БҰҰ-ның аймақтық топтары арасында былай бөлінеді: 13 Африка, 13 Азия, 6 Шығыс Еуропа, 8 Латын Америка және Кариб бассейні елдері, 7 батыс еуропалық және басқа мемлекеттерге.
БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Кеңесті құру туралы резолюциясында «Кеңес мүшелері адам құқықтарын қорғау мен кеңейту саласында ең жоғарғы стандарттарды ұстап тұру керек» деп жазылған. Егер ол адам құқықтарының өрескел және жүйелік бұзушылықтар жасаса оның мүшелерінің үштен екі бөлігінің дауыс беруімен Кеңес мүшелігінің артықшылықтары мен құқықтарын тоқтатуға Бас Ассамблея уәкілетті.
Адам құқықтары бойынша Кеңес, бұрынғы Комиссия сияқты, баяндаушылар, эксперттер арнайы іс-шараларын немесе адам құқықтарының жеке мәселелері және белгілі бір аймақтағы адам құқықтарының жағдайы жөнінде (2010 жылы Бурунди, Камбоджа, ҚХДР, Гаити, Мьянма, Палестина аумағы, Сомали және Судан) жұмысшылар тобын тағайындау мен жоюмен айналысады.
2006 жылдан бастап адам құқықтары бойынша Кеңес мемлекеттер төрт жылда бір рет тапсыратын адам құқықтарының жағдайы жайлы ұлттық есеп берудің жаңа тәжірибесін - адам құқықтары бойынша әмбебап кезеңдік баяндама (Universal Periodic Review) енгізді. Әмбебап кезеңдік шолу – БҰҰ-ның басты құқық қорғаушылық органы БҰҰ-на мүше-мемлекеттердің адам құқықтары саласындағы міндеттері мен міндеттемелерінің орындалуын жиі шолу жасайтын тетік. Бір жыл ішінде 48 елдегі жағдай талқыланады. БҰҰ-дағы жарқын оқиғалардың бірі Ресейдің адам құқықтары бойынша Кеңесте 2009 жылы ақпанда ұлттық кезеңдік баяндама беру болды. РФ әділет министрі А. Коновалов жасаған баяндаманың мәні: ресейлік заңдар негізгі адам құқықтарына кепілдік береді, ал егер қандай да мәселелер болса, ол тоталитарлық режимнің салдары. 2010 ж. 5 қарашада АҚШ осындай шолу алғашқы рет жасады. Бразилия, Ресей, Франция, Куба, Иран, Испания және басқа мемлекеттер Вашингтонды АҚШ-тың құпия түрмелері мен Гуантанамодағы сақтау орталықтарындағы тұтқындарға күш қолдану фактілерін объективті тергеу жүргізуге, өлім жазасына мораторий жариялау және халықаралық конвенцияларға қосылуға шақырды. Куба мен Венесуэла елшілері АҚШ-тан «Куба блокадасын тоқтатуын, АҚШ-та ұсталған бес кубалық саяси тұтқындарды босатуды, шет елдердегі әскерлер қылмысын тоқтатуды» талап етті. Иран өкілі американдықтарды күш қолдануға тыйым салуға, құпия түрмелерді жабуға және заңсыз әскери операцияларды тоқтатуға шақырды. 2011 жылы шілде айында Кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасының алғашқы рет ұлттық есебі тапсырылып, мемлекеттік құқық қорғау тетіктеріне баға берілді [58]. Сонымен қатар, БҰҰ аясында адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның Жоғарғы комиссар Басқармасы-адам құқықтары бойынша Жалпыға бірдей декларациясы кепілдік беретін адам құқықтарын қорғау және сақтауын бақылайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттігі. Бұл комиссариат 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен құрылған. Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның Бас Хатшысының ұсынысы бойынша төрт жылдық мерзімге тағайындалады, оған көп міндеттер артылған, соның ішінде адам құқықтарының іске асырылуының тиімділігін қорғау мен көмектесу, БҰҰ жүйесі аясында адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттерді үйлестіру мен күшейту. 2008 жылы 28 шілдеде Бас Ассамблея БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның Наванетхем Пиллэйді (Оңтүстік Африка) БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жаңа Жоғарғы комиссары қылып тағайындау ұсынысын дауысқа салмастан бекітті. Оның төртжылдық мерзімі 2008 жылы 1 қыркүйектен басталды.
Жоғарғы комиссар адам құқықтарының бұзушылығы қатынастарында шаралар қабылдап, ескертушілік әрекет қолдануы керек. Адам құқықтары бойынша алғашқы жауапкершілік ұлттық үкіметке артылатындықтан Жоғарғы комиссар оған көмек көрсетеді. Жоғарғы комиссар құзырында адам құқықтары саласындағы БҰҰ-ның саясаты бойынша Бас хатшыға кеңес беру, жобалар мен іс-шараларды іске асыру, адам құқықтары саласында басқа құрылымдарға негізгі және әкімшілік көмек көрсету, Бас хатшының шешімі бойынша арнайы тапсырмаларды орындау т.б. Оның қызмет бағыты өте кең: демократия, жаһандану, бизнес, балалар, азаматтық және саяси құқық, ВИЧ, ЖИТС, тұрғын үй, денсаулық, жазалар, көші-қон, кедейлік, ланкестік, нәсілшілдік және т.б. Қызметтің әр саласында баяндамашы, мамандар тобы, жеке комитеттер тағайындалады.
Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар БҰҰ-ның адам құқықтары мәселелесі бойынша ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), қашқындар ісі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссар Басқармасы сияқты органдарымен жұмысты үйлестіру үшін нақты іс-әрекеттер қолданады. Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар Басқармасы төтенше гуманитарлық жағдайларға байланысты халықаралық шараларды бақылайтын Мекемеаралық тұрақты комитет құрамына кіреді. Қазіргі кезде Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссар 40-тан астам елдерде өзінің бар болуын сақтап тұр және әлемнің барлық бөлігіндегі 40-қа жуық жобалар мен техникалық ынтымақтастық бағдарламаларының жүзеге асырылуын басқаруда. Сонымен қатар БҰҰ қашқындар ісі үшін жауапты екендігін ескере отыра Бас Ассамблея 1950 ж. БҰҰ-ның қашқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар Басқармасын құрды. Басқарма өз қызметін 1951 ж. 1 қаңтардан бастады. ҚЖКБ-ның екі басты қызметі – қашқындарға халықаралық қорғауды қамтамасыз ету мен қашқындар мәселесінің сенімді шешімін табуға тырысу. Бірінші қызметіне келетін болсақ, ҚЖКБ қашқындарға жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын-үй, қозғалыс бостандығы салаларында көмек көрсету үшін стандарттарды халықаралық деңгейде қабылдауға тырысуда. 1960-1970 жж. миллионнан аса африкандықтар қашқындар болды. 1992 жылы Балкан түбегіндегі этникалық кризис Хорватияны, Сербия, Босния мен Герцеговинаны тастап кетуге тырысқан мыңдаған қашқындардың пайда болуына себеп болды. Осы салада ҚЖКБ қашқындарды қуғынға ұшырауы мүмкін отанына күштеп қайтарудан қорғауға тырысады.
1980 ж. ортасынан бастап БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы өз ұсыныстарында адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық құралдарды қолдану кезінде адамдарды азаматтар мен шетелдіктерге бөлу болмау керек екенін көрсетті. Адам құқықтары бойынша Комиссия қызметінің бір бағыты –мигранттар құқығын қорғау мониторингі болып табылады. Мониторингті жыл сайынғы баяндама және жеке елдер бойынша баяндама дайындайтын мигрант адамдар құқықтары бойынша Арнайы Баяндамашы жүзеге асырады.
2008 жылғы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының адам құқықтары бойынша Кеңесі отырысында қабылдаушы елдерде мигранттардың толық интеграциясына көмектесу және осы елдерде келісім және сабырлық атмосферасын қалыптастыру саласындағы БҰҰ қызметінің басымды бағыттары бекітілді. Әр елдің билік органдарының миграциялық шаралар мен мемлекеттік шекараларды қорғау шараларын қабылдау мен жүзеге асыруға егемендік құқығын БҰҰ толығымен мойындаса да барлық елдер халықаралық құқық, соның ішінде адам құқығын қорғау саласы бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерін сақтауға міндетті, сонымен қатар олардың көп бөлігі азаматтар шетелдіктерді бөлектемей қолданады.
Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы әлемдік қауымдастықты адам құқықтарын қамтамасыз ету тетігінің тиімділігіне белсенді және мақсатты түрде қол жеткізуге ынталандырады. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдық үдерістер адам құқықтарын қорғау мәселесіне көп көңіл аудартады. Адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бейбітшілік, тұрақтылық пен даму үшін қажет екені күннен күнге анық болып келеді.
Бұл мәселенің талдауы мыналарды бекітуге мүмкіндік береді:
1. БҰҰ құрылуы мен оның Жарғысын қабылдауы адам құқықтары мен негізгі бостандығын құрметтеудің дамуында жаңа заманның басталуын білдірді. Барлық мүше-мемлекеттерді нәсілге, жынысқа, тілге және дінге бөлместен барлығының адам құқықтары мен негізгі бостандығын сақтау және құрметтеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттейтін жағдайдың Жарғыда бекітілуі адам құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттің ерекше құзыретінен шеттен шыға бастауы және осы мақсаттар үшін құрылған халықаралық әмбебап және аймақтық ұйымдардың құзыретіне қосылуын білдіреді.
2. БҰҰ аясында және оның Жарғысы негізінде адам құқықтары бойынша қабылданған құжаттар әмбебап сипатта. Олардың негізгі жағдайлары жалпылай мойындалған, яғни халықаралық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің барлығы үшін міндетті. Сонымен қатар, бірқатар демократиялық елдерде олардың нормалары мемлекетішілік заңдардан басымдырақ екенін мойындады. Ол осы нормаларды мемлекеттің әкімшілік және соттық тәжірибесінде міндетті түрде қолдануына ықпал етеді. Адам құқықтарын қорғау әртүрлі мемлекетішілік соттық, әкімшілік және басқа да органдармен ұлттық деңгейде жүзеге асырылады. Халықаралық институттар мемлекетішілік институттарды ауыстырмайды, оларды толықтырады.
Негізгі шешім халықаралық ұйымдардың, алғашқы кезекте БҰҰ-ның қызметі олардың адам құқықтарын қорғауда қосымша кепіл және қажетті элемент екендігін көрсететіндігінде қорытындылады. Осы салада БҰҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын арттыру маңызды. Бұл жағдайда БҰҰ үйлестіруші рөл атқаруы керек. Тәжірибелік жұмыста БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлінде барлық мемлекеттер, соынмен қатар барлық континенттегі басқа халықаралық ұйымдар қатысуы керек болатын адам құқықтары мен бостандығын қорғаудың көп компонентті тетігін құру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет