Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


Босқындардың құқықтарын халықаралық деңгейде реттеудің ерекшеліктері



бет8/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

1.3 Босқындардың құқықтарын халықаралық деңгейде реттеудің ерекшеліктері


Ғаламдық проблемалар бүкіл планетаның халқын қамтып отыр. Сөйтіп олар жалпылық, яғни әркімге және әрбір мемлекетке қатысты жағдайға жетті. Сондықтан да жекелей алынған бір мемлекеттің күшімен оларды шешу мүмкін емес. Халық саны саласындағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар, соның ішінде көші-қон саласындағы мәселелерде қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттердің негізгі мәселесі болып отыр. Бүгінгі таңда әлемдегі демографиялық жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар:
- Бірқатар дамыған елдерде демографиялық дағдарыс халықтың ұдайы өсуінің бұзылуына, оның санының азаюына әкеліп соқты;
- Азия, Африка және Латын Америка елдерінде халық санының тез өсуі байқалады;
- Үшінші әлем елдерінде дамыған мемлекеттерге қарағанда 3 есе көп адам өмір сүреді;
- Жағымсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлар орын алуда;
- Экологиялық мәселелер өсуде (экожүйенің шамасынан тыс ауыртпашылықтар орын алуда, қоршаған ортаның ластануы, шөлейтті және ормансыз жерлер көбеюде) [38, 45 б.].
Демографиялық саясат ХХ ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Осы кезде бірқатар аймақтарда әлеуметтік-экономикалық, экологиялық проблемалардың пайда болуына байланысты демографиялық жарылыстар байқалды, бірқатар дамыған елдерде депопуляция мен халықтың кәріленуі мен негізделген демографиялық дағдарыс байқалды.
Демографиялық жарылыс кезеңінде жүрген дамушы елдердің демографиялық саясатының басты мақсаты туылым көрсеткішінің төмендеуіне негізделеді. Туылым көрсеткіші контрацептивтің таралуы нәтижесінде, санитарлық білім алу, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес алу, шағын отбасылыққа үгіттеу, сонымен қатар отбасыда баланың аз болуына ықпал ететін әр түрлі экономикалық және әкімшілік шаралар жүргізу арқылы төмендейді. Кейбір мемлекеттерде осындай шаралардың бірі болып ерікті түрде еркектер мен әйелдерді стерилизациялауға шақырады [39].
Халық санының өсуі жағынан алып мемлекеттерді қарастырайық. Оның бірі Қытай мемлекеті болып табылады. Қытай мемлекетінің демографиялық саясаты туылымның жоғары деңгейін өшіруге бағытталған.
Қытайда ең алғашқы санақ Чжоу империясы б.э.д. 788 жылы өткізілген. Сол кездің өзінде халықтың саны 40 миллионнан 60 миллионға дейін жеткен. ХІ ғасырдың аяғында Қытайда 100 миллион адам болды. ХІХ ғасырдың ортасында 400 миллионға жетті, қазіргі кезде Қытайда 1,4 миллиард адам өмір сүреді. Оның 717 млн. еркек, 683 млн. әйел.
Мысалы, Қытай мемлекеті туылымды шектеуге арналған бағдарламасын жүзеге асыруды 1970 жылдан бастады. 1981 жылы “бір отбасыда - бір бала” деген тұжырымдама енгізді. Бір жылдан кейін бұл қағида Қытай Халық Республикасының Конституциясына енгізілді. Қытайда бір баласы бар отбасыға мынандай жеңілдіктер көрсетіледі: жалақыға қосымша сыйақы беріледі, ай сайын жәрдемақы беріледі, тегін медициналық қызмет көрсетіледі, баланы бала-бақшаға, мектепке, жоғарғы оқу орнына орналастыруға көмек көрсетеді. Қытай мемлекетінде отбасыда бір баладан артық бала болмауына тыйм салатын, халықтың санын шектейтін қатаң бағдарламалар бар. Қыз бала туылған отбасыға екінші бала тууға рұқсат беріледі. ХХ ғасырдың аяғындағы демографиялық саясаттың ұраны: “Бір ерлі-зайыптыларға бір бала”, “Ағасыз және әпкесіз халық ” және т.б. Қытайда бір баласы бар отбасыға мынандай жеңілдіктер көрсетіледі: жалақыға қосымша сыйақы беріледі, ай сайын жәрдемақы беріледі, тегін медициналық қызмет көрсетіледі, баланы бала-бақшаға, мектепке, жоғарғы оқу орнына орналастыруға көмек көрсетеді.
Қазіргі кездегі Қытайдағы демографиялық реформаның маңызы тіршілік етудің сапасын жоғарлату және әйелдердің, қарт адамдарының мәртебесін көтеруге бағытталады.
Қытайда отбасыда бір баладан артық бала болмауына тыйм салатын, халықтың санын шектейтін қатаң бағдарлама бар. Қыз бала туылған отбасыға екінші бала тууға рұқсат беріледі [40].
Халық санының өсуі жағынан тағы бір лидер мемлекет Үндістан болып табылады.
Үнді мемлекетінде туылымның төмендеуіне бағытталған демографиялық саясатқа ерекше көңіл бөлінеді.
Үнді мемлекеті ресми мемлекеттік саясат ретінде отбасын жоспарлаудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен, дамушы елдердің арасында ең алғашқысы болып келеді. Оның басы 1951 жылдан елде халық шаруашылығы дамуының бірінші бесжылдық жоспарын орындаудан бастау алады. Айта кететін жәйт, сол уақытта отбасын жоспарлау бағдарламасы туылымның шектелуі үшін қабылданған жоқ болатын, керісінше оның басты мақсаты отбасының қоғамның негізгі тірегі ретінде әл-ауқатын әр түрлі шаралар арқылы нығайту үшін қабылданды. Уақыт өте келе ол да өзгерді. Мысалы, 1977 жылы елдің демографиялық саясатынан мәжбүрлеудің әр түрлі нысандары алынып тасталып, ана мен баланың денсаулығын қорғауға, азық-түлік мәселесіне, әйелдердің білім алуы мен құқықтарына көп көңіл бөліне бастады.
Бастапқыда демографиялық саясаттың басты мақсаты дәстүрлі көп балалы отбасыдан екі-үш балалы отбасыға өту болған. Ол мынандай ұрандармен жүргізілді: «екі немесе үш бала жетеді!», «екінші балалы болуды соза тұр, ал үшіншіден кейін тоқта!», «шағын отбасы-бақытты отбасы!» және т.б. 1981 жылғы халықтың санағы нәтижесінде тек екі балалы отбасыға көшу жөнінде отбасын жоспарлау бағдарламасы белсеңдетіле бастады. Ендігі ұран «тек екі балалы болыңдар - бірінші және соңғы бала болсын!», «екі бала жеткілікті!» және т.б. Осындай бағдарламалар арқылы елдің үкіметі ХХ ғасырдың аяғында халықтың саны біркелкі, тұрақтанады деп үміттенді, ал ХХІ ғасырдың алдынғы онжылдығында халық саны тұрақтанып, оның мүлдем өспеуі туралы болжам жасады.
Үнді мемлекетінің отбасын жоспарлау саясаты әр түрлі үгіттеу, медициналық, әкімшілік-құқықтық және басқа да шараларды қарастырады. Бүкіл ел бойынша үйлестіруші-әкімшілік және биомедициналық аспектілерді қамтитын мыңдаған отбасын жоспарлау орталықтары ашылды. Олар қазіргі кезде контрацепцияның жаңа әдістерінің таралуын, әйелдің құрсағына бала біткізбейтін әдістерді қолдануын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, стерилизация бойынша күрделі емес операцияларды жасауды және оған сәйкес ақшалай сыйақы да беруді қамтамасыз етеді. 1976 жылдан бастап елдің үкіметі еркектерді мәжбүрлі стерилизацияға жасауға көшірді. Жыл сайын Үндістанда 5 миллионға жуық еркектер мен әйелдер стерилизация жасайды, ал контрацепция әдістерін 60- 70 миллион әйелдер пайдаланады.
Үндістанның демографиялық саясатында маңызды шаралардың бірі болып- некеге тұру жасын көбейту болып табылады. Егер де ХХ ғасырдың 50- ші жылдары еркектің некеге тұру үшін жасы 22-жас болып, әйелдер үшін 15- жас болып бекітілді, 60- ші жылдары ол 23 пен 17 жасқа көтерілді, ал қазіргі кезде 25 пен 18 жастан басталады.
Үндістанның жетінші бесжылдық жоспарында (1990ж.) отбасын жоспарлау бағдарламасының жүзеге асырылу шығыны көбейді, ал бұл бағдарламалардың өзі ана мен бала денсаулығын қорғау қызметімен тығыз байланыстырылды. 1999 жылы Үнді халқының саны 1 миллиардқа жетті. 2000 жылдан бастап Үндістанда демографиялық саясаттың жаңа Ұлттық бағдарламасы әрекет етеді. Оның басты мақсаты 2010 жылына халық саны өсуінің тоқтауы, ал 2045 жылға халық санының тұрақтануы болып табылады [41, с. 56].
Халықтардың өсуі мен қатар кемуі болып жатқан елдер де көпшілік. Оларға Германия, Израиль, Ресей, Украина, бірқатар Еуропа мемлекеттері де кіреді.
Халықтың кемуі жағынан алдыңғы қатарда келе жатқан Германия мемлекетінің демографиясын қарастыратын болсақ, соңғы үш онжылдықта бұл мемлекет бір ұлтты елден, күрделі этникалық құрамы бар елге айналып отыр. Неміс халқының этникалық құрамын ежелгі герман тайпалары құрайды, олар үшке бөлінген герминондық, истевондық, ингевондық тайпалар. Қазіргі кезде түпкілікті халыққа жататын ұлттық топтардың саны аз. Олар 80 мыңға жуық дат халқы, 40 мыңға жуық голландықтар және 7-8 мыңға жуық фриздер. Қалған ұлттық топтар көшіп – келушілер.
ХІV ғасырдың ортасынан бастап Батыс Еуропада ғылымның, техниканың және мәдениеттің Қайта өрлеу дәуірі басталды. Өндіріс пен азық-түліктің көбеюі халық санын өсірді. Бірақта Еуропаның жекелеген елдерінде 19 ғасырға дейін халықтың санының төмендеу көрсеткіштері де байқалды. Ол әр түрлі эпидемиялардың туындауына байланысты болды (1624,1639 жылдардағы чума ауруы және т.б.) 19 ғасырда Германия мемлекетінің халқы 24 миллионнан 56,5 миллионға жетті, 20 ғасырдың басында одан да көп болатын еді, бірақ 5 миллионға жуық адам басқа елге көшіп кетті. Неміс халқының өсуіне үлкен кедергі әкелген дүниежүзілік соғыстар. Соғыс 2 миллион адамды алып кетті, осы кездегі эпидемиялар 3 миллион адамды жоқ қылды. Соғыстан кейінгі кезде неміс халқының өсуі өте төмен болды. 1946-1965 жылдар аралығында 5-8% ғана өсті, одан кейін мүлдем төмендей бастады. 1972 жылдан бастап өлім деңгейі туылымды басып озды, соңғы жылдары туылым 10% құрайды (әлемдегі ең төмен көрсеткіш). 1978 жылы туылым көрсеткіші әлемнің бір елінде болмаған деңгейге түсті (1000 адамға шаққанда 9,4% туылғандар). 1985 жылы халықтың өсуі - 0,2%, өлім көрсеткіші-12% болды. 2004жылы туылым деңгейі 8,6% құрады. Халықтың құрылымы бойынша егер Қытайда, Үндістанда еркектер көп болып, әйелдер аз болса, Германияда керісінше әйелдер көп те еркектер аз. Германия мемлекетінің демографиялық саясаты туылымның көбеюіне бағытталған. 1974 жылы Федеративтік Герман Республикасы Үкіметі контрацептивтік құралдарды пайдалануға және жүктіліктің алдыңғы үш айында аборт жасауға шектеуді алып тастады, бірақ 1975 жылы елдің Жоғары Соты медициналық көрсеткіштер мен төтенше жағдайлардан басқа кезде, өз еркімен аборт жасауды заңсыз, конституциялық емес деп танып, оған шектеу қойды.
Қазіргі кезде Германияның демографиялық саясаттында өте күрделі мадақтау шаралар жүйесі бар. Ол үш топқа бөлінеді:

  • отбасы жәрдемақылары мен қосымша төлемдер;

  • туатын кездегі жәрдемақылар;

- тұрғын үй жеңілдіктері;
Осының нәтижесінде Германияда бір баладан көп баласы бар отбасыларға көп жеңілдіктер берілген, мысалы, отбасыда тек қана бір адам жұмыс істеу және т.б [42, с. 4].
Халқының саны төмен мемлекеттердің қатарына Израиль мемлекеті де кіреді. Бұл мемлекеттің Орталық статистикалық бюросының мәліметіне сәйкес 2008 жылдың басына халық саны 7 миллион 241 мың адамды құрады. Оның ішінде 75,6% (5 миллион 472 000 адам) - евреилер, 20% (1 миллион 449 000 адам) – арабтар және 4,4% (320 000) басқа ұлт өкілдері. 2007 жылға қарағанда халық саны 1,7% өскен. Израильге 18 мың жаңа репатрианттар келген және 149 мың бала туылған.
Израиль мемлекетіндегі еврей халқының саясатын жоспарлау Институтының мәліметтеріне сәйкес еврей халқының көпшілігі әлемнің қолайлы дамыған бай мемлекеттерінде тұрады екен. Әлемде 13 миллионнан сәл аздау еврейлер бар екен. Соның ішінде 5,4 миллионы Израильде тұрады. Қалғаны Аргентинада 187 мың еврей, Венгрияда 50 мың еврей, АҚШ-да 5,3 миллион еврей, Австралияда 100 мың еврей, Канадада 371 мың еврей, Францияда 500 мың еврей және т.б. тұрады.
Жылдан жылға Израильде еврейлерге қарағанда арбтардың саны өсіп бара жатыр. Израиль халқының басым көпшілігі 75 жастан жоғары адамдарды құрайды, ал еңбекке қабілетті адамдардың саны аз. Ал балалар санына келсек 14 жасқа дейінгі балалар саны еврейлер арасында 26% құрайды, ал арабтардың арасында 41% құрап отыр. Еврейлерге қарағанда арабтардың арасында бала туылымның көрсеткіші 1,6 есе көп.
Израиль мемлекеті балалар мен қарттар санының көп болуынан идеалды мемлекет деп есептеледі. Еңбекке қабілетсіз азаматтарды қамтамасыз ету нәтижесінде мемлекеттік салықтың мөлшері үлкен және бүкіл халықтың тіршілік ету деңгейі төмен болып келеді.
1993 жылы Норвегия келісімі қабылданғаннан кейін Иудеиден, Самариядан және Газадан Израильге 140 мың араб көшіп келді. Оған қоса тұра осындай көрсеткіште заңсыз көшіп келушілер де болды. Израиль мемлекетінің ІІО жыл сайын азаматтық алу және тұрғылықты орын беруге мыңдаған өтініштер қарайды. Оның ішінде көбісі Шығыс Иерусалимнен және Бэер-Шевадан келеді.
Еврейлердің азаюі мен арабтардың көбею туралы халық арасында елдің иммиграциялық заңнамаларына қатаң тәртіп еңгізу туралы, Израильден арабтардың көшіп кетуіне сыйақы беру туралы да ұсыныстар айтылғаны, болғаны туралы мәліметтер де бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының алдыңғы 10 жылға жасаған болжамы бойынша Ресей мемлекетінің халқы азаяды деген тұжырымдама жасады. Күні бүгінде Ресей Федерациясы халқының өсуі жағынан ең төменгі мемлекеттер қатарына жатқызылады. 2008 жылға оның саны 141,9 миллион адамды құрап отыр. Дүниежүзілік Банктің бағалауына сәйкес шамамен 20 жылдан кейін Ресей халқы 12% немесе 17 миллион адамға қысқаруы туралы мәлімет жасады. Туылымның төмендеуі нәтижесінде халық қартайып бара жатыр. Дүниежүзілік Банктің есебі бойынша 2025 жылға қарай әрбір бесінші ресейлік азаматтың жасы 65 болады, ал ол өз кезегінде экономикалық дамудың қысқаруына әкеп соғады. Ресейлік статистика органдарының есебі бойынша 2051 жылға қарай Ресейде 123,2 миллион адам болады деген болжам жасайды [41].
Табиғи өлім жасына жетпеген ресейлік азаматтар статистика бойынша өмірден араққа және есірткіге құмарлыққа салыну нәтижесінде, қылмыстылық, өндірістік, көліктік және тұрмыстық жәбір алу нәтижесінде кетеді. Мұндай прблемалардың шешілуі мемлекеттің жасаған жеңілдіктеріне байланысты емес.
Ресей Федерациясының демографиялық саясаты отбасыдағы бірінші және екінші бала туылымы көрсеткіштерін көбейту мақсатында жәрдемақылар беруді, көші-қон үрдісін қолдауды, алкогольді өнімнің, темекінің айналымда жүруін қатаң бақылау нәтижесінде өлімнің азаюын қадағалауды жүзеге асырып жатыр. Ресей үкіметі орыстармен, орыс тілді халықтардың мүддесін қорғауды өз Конституциясында бекітіп, олардың ата-мекеніне көшіп келуіне барлық мүмкіндіктер жасауда. Ресейдің демографиялық саясатының бір қыры болып бала асырап алғандарға бала туылуына байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері мен бірдей жәрдемақы беріледі. Ана мен баланың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Елдегі медициналық қызмет көрсету құны төмендетілген. Әйелдерге сапалы медициналық қызмет көрсетудің тетіктері жүзеге асырылады. Сонымен қатар Ресей мемлекетінде екінші баланы тұған әйелдерге үлкен материалдық көмек көрсетіледі [41].
Африка мемлекеттерінде ЖҚТБ мен әр түрлі эпидемиялардың өсуіне қарамастан, халқының саны өсуде. Иордания мемлекетінде туылымды азайту саясаты бойынша әйелге бала туу арасын алшақтату көзделіп отыр.
Вьетнам мен Сингапурда отбасын жоспарлау бағдарламалары бойынша туылымды азайтуға шаралар қолданып жатыр, соның нәтижесінде әйелдердің әлеуметтік мәртебесін өзгертуге үгіт насихат жүргізу арқылы, оның мүліктік жағдайын көтермелеуге және білімділігін арттыруға іс-шаралар атқарылып жатыр [41].
Осыған байланысты әлем мемлекеттерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет