Бірінші топқа халқы саны өсімінің жоғарлауымен ерекшеленіп отырған мемлекеттер жатады. Олар: Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка, Вьетнам, Сингапур, Иордания мемлекеттері және т.б.
Екінші топқа халқы саны төмендеуімен ерекшеленіп отырған мемлекеттер жатады. Олар: Германия, Израиль, Польша, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Украина, Белоруссия және т.б. Осы топқа біздің мемлекетте кіреді.
Германия, Израиль және Польша сияқты бірқатар елдер халықтың ұлттық этникалық құрамын сақтап қалу мақсатында арнайы этно-тарихи көші-қон саясатын жүргізеді, сондай-ақ Греция, Түркия да сырт елдердегі өз диаспорасын ата жұртына кедергісіз келуіне жағдай жасауда. Түркияда туылымды көбейту, отбасын жоспарлау идеологиясы мәселесі конституциялық деңгейде бекітілген (Түркия Конституциясының 41 бабы).
Үшінші топқа халықтың саны өз темпімен баяу өсіп келе жатқан мемлекеттерді жатқызуға болады. Олар: АҚШ, Канада, Австралия, Өзбекстан, Түркменстан және т.б. АҚШ, Канада, Австралия және т.б. бірқатар еуропалық елдер де келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты иммиграциялық саясаттың сұрыпталған ерекше түрін жүргізуде.
Шетел мемлекеттерінің көбісі өз демографиялық саясатына көп көңіл бөледі, сонымен қатар, ғылыми жетістіктерді де пайдаланады. Оның айқын көрінісі Белоруссия мемлекетінде демографиялық қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатардан орын алып, демографиялық сараптама туралы заңмен реттеледі.
Көші-қон жылдамдығын немесе тездігін екі әдіспен бағалауға болады. Біріншіден, адамдардың аймақтар бойынша қозғалысын белгілі бір кезеңдерде, яғни жаппай көші-қон басталған және аяқталған уақыт аралығындағы кезеңді ала отырып қарастыруға болады. Екіншіден, мигрантқа өз туған жерінен кетіп, оған баспана берген жаңа мемлекетке орналасуы үшін қажет уақыт керектігімен. Бұл жерде негізгі айырмашылық көлік технологиясында болған өзгерістер екені айқын.
Көші-қонға байланысты көптеген еңбектер еңбек қозғалысының мәселелеріне арналған. Жұмысшылардың табыс іздеу мақсатындағы қозғалысы, нарық күшінің өзгермелілігін, сұраныс пен ұсыныстың айырмасының көрінісі болғанымен де, әлем бойынша адамдардың жаппай көші-қонының жалғыз аспектісі болып табылады. Сонымен бірге, көші-қон үрдісі саяси, әскери мәдени құрылымдарының бір бөлігі ретінде олардың әрекеттерімен үйлесіп отырады [43, 33 б].
Әскери жаһанданудың, жаулап алудың үлгілері жеңімпаз мемлекеттерден жеңілген мемлекеттерге колонизаторлардың жаңа ағымдарын тудырады немесе соғыс аймақтарында құғын сүргіңге ұшырағандардың баспана таба алатын жерлерге ағымын туындатады. Бір елден екінші елге ғаламдық және өңірлік көшіп-қону үлгісі әртүрлі болады. Көшіп-қону үрдісі экономикалық, мәдени және саяси модельдермен ұштасады,сондықтан да көші-қоны салалардың барлығына ықпал етеді. Көші-қоны еңбек және халықты жұмыспен қамтуды да айналып өтпеді. Алайда, еңбек және халықты жұмыспен қамту көші-қонның барлық экономикалық мәселелерін қамтымайды. Мысалы, 80 жылдар аяғы мен 90 жылдар басында Гонконгтен қытай отбасылардың батыс Канадаға көшуі еңбек нарығына әсерін тигізіп қана қоймай халықаралық саудаға, тұрғын үй нарығына, кәсіпкерлік қызметіне де әсерін тигізді.
Дәл осындай жағдай Алжир мен Франция мемлекеттерінде де байқалды. Мұнда көші-қон керісінше экономикасының көтерілуіне әкеп соқты.
Миграциялық ағымдардың нәтижесінде жаңа мәдениеттер қалыптасады. Көшіп келушілер мен тұрғын халықтың арасында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады.
Иммигранттық қауымның қалыптасуы нәтижесінде мәдени және әлеуметтік әсер ету пайда болды. Иммигранттық қауымның болуы тұрғылықты халықтың мәдениетін иммигрантардың мәдениетімен салыстыруға әкелді. Көші-қон жаңа діни көзқарастардың, ойлардың пайда болуына әкелді. Қазіргі кезде көшіп келушілер әлем бойынша қозғалыста болады, бұл халықаралық құқықтың ішкі заңдарға әсер етуіне әкеледі, ал халықаралық ұйымдар көші-қоны үрдістерін бақылайды және оларға араласады [44, 111 б.].
Инфрақұрылымның аймақаралық немесе трансконтинентальдық деңгейінің дамуы көші-қонның жаһандануына әсерін тигізеді.
Бізге жеткен халық санағының мәліметтерінің ең төменгі көрсеткіштерінің негізінде және мемлекеттің этникалық құрамы мен көші-қонның деңгейінің негізінде бізге дейінгі мемлекет билігінің қандай болғаның біле аламыз. Азаматтары аз болған мемлекеттердің өз қоластындағы адамдарды есептеу мәні неде болған.
Ежелгі кездегі көші-қон көлемін экономика мен сауда саласын саралау арқылы білуге болатын. Ал қазіргі замандағы ұлттық мемлекет негізін оның аумағының біртұтастығы және мемлекет азаматтары мен шетел азаматтарын айыру негізі болып табылады. Әрбір ұлттық мемлекеттің тіршілік ету негізі болып аумағы және ұлттық бірлігі болып табылады. Ол миграциялық мәліметтерді жүйелі түрде жинақтаудан көрініс табады [44, 111 б].
Ерте көшіп-қону Азияда басталды. Оның орталығында шекарасы ұлы өзендер бойы арқылы өтетін қытай өркениеті орналасқан. Империяның ұлғаюы кезенінде – б.з.д. ІІІ ғ. және б.з.ІV-V ғғ. – дәрежелі қауымның, сонымен бірге жаппай халықтың солтүстік, оңтүстік және батысқа көші-қоны жүріп өтті. Көші-қон көбінесе қытай үкіметінің қолдауымен және бастамасымен жүзеге асты. Қытай үкіметінің қолдауы әскери жорықтарды ұйымдастыру және керек жарақтармен қамту ретінде көрініс тапты. Осы жорықтар көбінесе азаматтық қоғамның көші-қонымен бірге жүзеге асырылды. Б.з.д. 200 ж. бастап Хань династиясының қолдауымен 2 миллиондай адам қоныс аударған [45, 2 б.].
Ерте кездегі алыс жерлерге көші-қон мемлекеттер болмай турып қалыптаса бастады. Бастапқыда көші-қон экономикалық қысым, идеологиялық күш және қызығушылық негізінде пайда болды. Көші-қонды басқару орталықтарының пайда болуы сыртқы әскери күштермен жалғасты. Оған мысал, Рим және Қытай мемлекеттері. Тарихта белгілі, көптеген миграциялық ағымдар адамдарды құлдыққа сату нәтижесінде қалыптасқан. Әлемдегі болып жатқан соғыстар мен әртүрлі қақтығыстар босқындар мен мәжбүрлі көшіп келушілер ағымдарын көбейтуде, кейбір ғаламдық көші-қон әртүрлі экономикалық факторларға байланысты да болды [45, 5 б.].
Көші-қонның салдары мемлекеттегі халықтың құрамы мен санын өзгертуге алып келетін демографиялық мәселелерге әкеліп соғады. Ол мәселе мигранттың көшіп-кеткен еліне де, көшіп бара жатқан еліне де әсер етеді. Бұндай салдар қазіргі мемлекеттерге мигрантты әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй мен білім беруде қиындықтар туғызады. Миграциялық ағымдардың нәтижесінде көптеген батыс елдерінде тұрғын халық санының өсуі емес төмендеуі байқалады, себебі мұндай жағдайда тіршілік ету ұзақтығы өседі де туылым азаяды да, қарт адамдардың көбеюі пайда болады. Бұл көбінесе, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қажеттілігінің ұлғаюына әкеп соғады. Қарт адамның зейнетке шығуы, еңбек нарығынан кетуі елдің еңбек нарығының дамуына және жұмыс күшінің қалыптасуына кері әсер етеді. Ал жастарға білім беру, оқып үйрету үшін ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан әлем елдерінде көшіп келушілер санын қарт адамдар не жастар құрайды. Иммиграция осы уақытта халықтың өсіміне орасан зор үлес қосады [45, 5 б.]. Австрияда, Германияда, Италияда, Люксембургте, Швейцарияда абсолютті және теңгермелі халық өсімі иммиграцияның негізінде туындайды. АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Грецияда, Норвегияда және Нидерландыда халық өсімінің саны көші-қон санының осы мемлекеттер тұрғындарының санымен бірдей болып келеді. Сонымен, көші-қон Францияда, Ұлыбританияда, Бельгияда, Португалияда және Испанияда болып жатқан демографиялық өзгерістерге үлесін қосады. Мемлекеттің әл-ауқатын көтеру үшін көшіп келушілердің үлесін айқындауға арналған кейбір зерттеулер, көшіп келушілерге төленетін өтемақының олар төлейтін салық сомасынан асып түсетіндігінің дәлелі жоқтығын көрсетеді. Оңтүстік Кореяда, Пәкістанда және Шри Ланкадағы зерттеулер жұмыссыздықтың төмендеуіне қазіргі кездегі көші-қонның рөлінің маңыздылығын белгілейді. Алайда, ішкі еңбек күшіне жатпайтын адамдар да көші-қонда қатысады және осы мағынада көші-қон жұмыссыздықтың үлкен деңгейін өзгеріссіз қалдырады. Қазіргі кездегі көші-қонның алдынғы кезенімен салыстырғанда еңбек күштерінің мамандандырылған және білімді бөлігінің көшіп-қонуы арта түсті. БҰҰ-ның даму бағдарламасының мәліметтері бойынша, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея және Филиппины 1972-1985 жж. аралығында 145 мың ғылыми кадрларын жоғалтты. 1990 жылы мигранттардың арқасында дамушы мемлекеттер 46 млрд. доллар жалпы өнімдік табыс және 37 млрд. доллар таза табыс алды [45, 5 б.].
Соғыстан кейінгі уақытта Еуропада көші-қон ағымдарының негізгі ұйымдастырушысы және реттеушісі мемлекет болып қалды, бірақ осы саладағы негізгі элементі Еңбек министірліктері болды. Осы ұйымдармен қатар капитал және еңбектенушілер өкілдері, әсіресе жұмыс күші жеткіліксіз өндіріс саласының өкілдері қатысты. Жіберілетін мемлекеттерде орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша агенттіктер пайда болды. Олар қабылдап алатын мемлекеттерге заңды, сонымен заңсыз да жіберілетін жұмыс күшін ұйымдастырды. Бұл агенттіктер миграциялық фактор ретінде және адамдарды айналыса отырып, отбасының қосылуын да, жаңа иммиграцияны да ұйымдастыру керек еді.
Халықаралық деңгейде көші-қон үрдістерін реттеу өте әлсіз болып қала берді. Көші-қон үрдістерін халықаралық деңгейде реттеу дамымай отыр, босқындар мен мәжбүрлі көшіп келушілер жағдайы күннен күнге халықаралық шарттар мен келісімдер арқылы реттелуі жүзеге асырылуда, бірақ жұмыс күші қозғалысын реттеу үшін жүйеленген халықаралық режим немесе заңдар жиынтығы жоқ болып отыр.
ХХ ғасырда құрылған халықаралық Еңбек ұйымы еңбек қатынастарын реттеуде негізгі ережелер жасауға ұмтылған. Тек осы жұмыс күшіне қатысты міндетті халықаралық заңдастырылған ережелер Еуропалық кеңесте ғана бекітіле бастады, бірақ та олар мемлекеттік қолдауларды қажет еткен еді.
Адамдардың халықаралық көші-қоның шектеуге ұмтылған әрбір ел өз шекарасын қорғауды нығайтып, көші-қонды реттейтін қатаң ережелерді қабылдауға көше бастады. Осының нәтижесінде көшіп келушілер азаматтық алу мүмкіншілігін шектейтін әртүрлі қаулылармен қақтығыса бастады [45, 5 б.].
Қазіргі кезде ғаламдық және өңірлік көші-қон салдары ұлттық және егеменді мемлекеттерге бірқатар факторлар арқылы әсер етеді. Біріншіден, заңсыз және құжаттары жоқ мигранттардың ағымы ұлттық мемлекеттердің өз шекараларын қорғауға мүмкіншіліктердің аз болуымен қақтығысады. Екіншіден, өз шекараларын бақылауға алған елдерде заңсыз көші-қон ағымдарын тоқтата алмаған кездер де болған. Үшіншіден, көші-қон саласында әртүрлі мемлекеттік саясатың бақылау мен жүзеге асыру мақсатында дамып келетін халықаралық ынтымақтастық осы салада мемлекеттік егемендікті тануды белгілейді. Төртіншіден, экономикалық және мәдени саясат салаларында көші-қон өзінің ішкі саяси ортасын қалыптастырды. Сонымен, көші-қон мемлекеттегі бар саясаттың түрін өзгертуге, сонымен қатар сол саясатқа байланысты шығындар мен пайдалардың ара қатынасын өзгертті [5, 6 б.].
Дамуы жоғары капиталисттік мемлекеттер қазіргі миграциялық ағымдарды реттеуге ұмтыла отырып, халықаралық кооперациялардың нысанын жасауға мәжбүр болды. Миграциялық үрдістерді бақылауда Еуропалық Парламенттің қызмет етуі дами бастады. Мысалы, Жапонияда миграциялық ағымдарды шектеу мақсатында оқыту бойынша жобаларды жүзеге асырды және қомақты қаржы жұмсады.
Көптеген заңсыз көші-қоны ағымының өсуіне байланысты мемтекеттер өз шекараларын бақылауға ала бастады. Шекарадағы бақылау мен қадағалауды талқылау барысында мемлекеттің егеменділік проблемаларының бірнеше аспектілері байқалды. Біріншіден, мемлекет пен көшіп келушілер арасындағы баланс өзгерді. Дамыған капиталисттік елдердің күш қуаты иммигранттық қызмет құрумен, азаматты құжат арқылы рәсімдеуден және су жағалаулары мен аэропорттар арқылы көшіп-қонның бағытының нәтижесінде өсті. Мемлекеттер тарапынан бақылауынан қашып құтылған көшіп-қонушылардың да саны өсті. Себебі, туризмнің, студенттердің қарым-қатынасының көрсеткіштері өсе бастады. Екіншіден, әрбір мемлекеттің өз саясатын жүзеге асыру мүмкіншілігі әртүрлі әлеуметтік факторларға байланысты болды. Үшіншіден, иммиграциялық саясатты еңбек ресурстар нарығына әсер ететін басқа да саясаттардан бөлек қарауға болмайды. Кейбір мемлекеттер өзінің ішкі еңбек нарығына құжаттары жоқ көптеген шетел жұмысшыларын жұмысқа тартады. Дамып кеткен капиталисттік елдер өз шекараларын қорғай алмай, өз халқын қадағалай алмай отыр. Қазіргі кездегі ғаламдық деңгейде проблемаларды халықаралық ынтымақтастық шеше алмай отыр. Азаматтық пен ұлттық бірыңғайлық түсініктері ғаламдық көші-қон мен мәдени жаһандану моделіне пара-пар келіп отыр [45, 6 б.].
Елімізге шекаралас ТМД мемлекеттерінің демографиялық көші – қон үрдістерінің реттелуін қарастырып кеткенді жөн көрдік.
ТМД мемлекеттерінің көбісі жаңа мыңжылдыққа туылымның аз деңгейімен өтті. Бұл елдерде 2008 жылдын басындағы есеп бойынша 279,9 миллион адам өмір сүрді (2007 - 279,7 млн.). Ресей, Украина, Молдавия, Белоруссия, Қазақстан халқында табиғи өсім төмен болып отыр. Оны ғылымда депопуляция деп атайды.
ТМД елдері халқы арасында некеге туры көрсеткіштері азайып кетті. Соңын ішінде Қазақстан мен Белоруссияда некеге түру саны азайды. Қазақстанда 10%, ал Белоруссияда 5% азайды. Ол дегеніміз бұл елдерде отбасы құру мен некеге тұрудың құндылығы түсіп бара жатқанын көрсетеді.
ТМД елдеріндегі халықтың денсаулық жағдайы мен өлім деңгейі күрт төмендеп барады.
Мәліметтерге сүйенсек ТМД ішінде еркектердің өмір сүру ұзақтығы Қазақстанда – 5 жасқа, Белоруссияда – 4 жасқа, Ресейде – 4 жасқа және Украинада – 3 жасқа кеміді.
Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері ішінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы қысқара бастады, Қазақстанда – 3 жасқа, Ресейде – 2 жасқа кеміді. АҚШ – та еркектердің өмір сүру ұзақтығы 76 - 78 жас, Канадада – 79 жас, Жапонияда – 80 жас, Ресейде – 61 жас, Украинада – 63 жас, Белоруссияда – 62 жас, Қазақстанда – 60 – 64 жас.
Қан айналымы жүйесі ауруының таралуы ТМД мемлекеттеріндегі өлім көрсеткіштерінің жоғарылау себептерінің бірі, әрі негізгісі болып отыр. Екінші қатарда – кездейсоқ жағдайлардың нәтижесіндегі өлім, кісі өлтіру қылмысы, өзін - өзі өлтіру нәтижесіндегі өлім (80%). Өзіне - өзі қол жұмсап өлетін адамдардың көбісі еңбекке қабілетті ер адамдар болып отыр. Жалпы ТМД мемлекеттерінде де, әлем елдерінде де өзіне қол жұмсап өлетіндер арасында еркектердің саны көп. Мұндай жағдай көбінесе Белоруссияда, Қазақстанда, Ресейде және Украинада кездеседі. Бұл елдерде өзіне - өзі қол жұмсап өлген еркектердің саны әйелдерге қарағанда 4 – 5 есеге көп.
Әртүрлі жұқпалы аурулардың нәтижесінде өлім көрсеткіштерінің көбеюі өсіп бара жатыр. Ол жұқпалы аурулар қатарына ЖҚТБ, АҚТҚ, сифилис, туберкулез, малярия, педикулез және т.б. жатқызуға болады. 1999 жылғы ұлттық санақтардың нәтижесінде белсеңді туберкулез ауруымен ауратындардың саны (100 мың адамға шаққанда) Арменияда – 2 есеге, Қазақстанда - 20% және Қырғызстанда - 10% өсті. Бұл аурумен ауратындардың көбісі босқындар, қаңғырып жүрген үйсіз адамдар және ІІМ түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандар арасында көп кездеседі.
Достастық елдері бойынша орта есеппен алғанда жұқпалы аурулардан өлу себебінің жартысы өкпе органдарының туберкулезінен болады.
ТМД мемлекеттерінде ЖҚТБ мен есірткінің таралуы өсіп келеді. Украинаның өзінде 2000 жылы АҚТҚ ауырған адам саны 250 мыңға жеткен, ал есірткі қолданушылар саны 68 мыңға жетіп отыр.
ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы әртүрлі экологиялық апаттардың нәтижесінен өлім деңгейі өсе бастады. Чернобльда болған апат нәтижесінде Украина, Белоруссия мен Ресей аумақтары экологиялық зардап шекті. Қолайсыз экологиялық аумақтардың қатарына Арал өңірі де кірді. Бұл экологиялық апат аймақтарының нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері халқы зардап шекті. Балалардың өлімі көбейіп келеді [46]. Бүкіл әлем көші – қонды мемлекеттің дамуына, экономикасының өсуіне ықпал ететін фактор етіп таниды.
Ресей Федерациясының миграциялық қызметінің 2008 жылғы мәліметтеріне сәйкес Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы еңбек көші – қоны алдыңғы жылдарға қарағанда көбейді 2000ж. – 2,9 мың адам, 2002ж. – 7,7 мың адам, 2004ж. – 4,3 мың адам және т.б.
ТМД елдері шеңберіндегі еңбек көші – қонының көрсеткіштері өсіп келеді, ал мемлекетердің заңы оны реттеуге үлгере алмай келеді. Сонымен қатар, ТМД өңірлерінен келіп жатқан жұмысшылардың көрші мемлекеттерге кіруі үшін құжаттарды рәсімдеудің жеңілдетілген нысандары қолданылады.
Қазақстанға Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан мерзімдік жұмысшыларға көптеген заңсыз мигранттар келеді. Сол жағынан Қазақстан «көлеңкелі» көші – қон орталығына айналып бара жатыр.
Қазақстанға Қытайдан көшіп – келушілердің көбею қауіпі бар. Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар еліміздің мұнай саласын, өңдірістің дамуын қаржыландыруға байланысты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтатын келісімдер жасасқаны мәлім. Екінші жағынан мұндай ынтымақтастықтың арты үлкен көші – қонның басталып кетуіне мүмкіншілік бар екендігін бүгінгі таңда сарапшылар да айтып жүр. Соңын нәтижесінде Ресей үшін де Қазақстан үшін де қытайлық көші – қонды бақылап, реттеу қажет. Ресейге де Қазақстанға да көші – қон саясатын жүзеге асыруда осы мәселені ескеру қажет. Халқының саны 1,5 миллиардқа жетіп қалған Қытай өз аумағына сыймай кету қауіпі бар [47, с. 4]. Ресей Үкіметі 2007 жылдан бастап шетел азаматтарының алкогольдік сусындар мен фармацевтикалық тауарларды бөлшектеп сатуға тыйым салатын қаулы қабылдады. 2008 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдің ішкі көші–қонының саны алдыңғы жылға қарағанда 11,0 мың адамға не 13% көбейді. Ресей халқы көші – қон жағынан өсімі 6,6 мың адам не 5,6% көбейді. Соңын ішінде 4,2 мың не 3,1% көшіп келушілер ТМД мемлекеттерінен келді. Сонымен қатар Ресей аумағынан 2,5 мың адам не 12% шетелдерге көшіп кетті, оның ішінде алыс шетелге 1,3 мың адам не 18,4% кетті [47, с. 4].
Ресей Федерациясының миграциялық қызметі органының 2008 жыл 1 шілдесіне мәліметтері бойынша Ресейде 76,9 мың мәжбүрлі көшіп–келушілер мен босқындар есепке алынды. Соңын 34% яғни 26,1 мың адам Қазақстаннан екен, 18% яғни 13,9 мың адам Грузия мемлекетінен, 13% яғни 9,6 мың адам Өзбекстан мемлекетінен, 6% яғни 4,8 мың адам Тәжікстаннан көшіп келді [47].
Ресей мемлекеті шетелде жүрген отандастарын Ресейге қайта оралуы жөнінде мемлекеттік көші – қон саясатын жүргізеді. Осы орайда 1994 жылының 20 қантарынан бастап ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума Комитеті қызмет етеді. Комитет Ресей мен ТМД мемлекеттері арасындағы отандастармен байланыс жөнінде заң жобаларын жасайды [47].
БҰҰ – ның мәліметтеріне сәйкес Ресей халқы жылдан жылға азайып барады. Ресей халқы қарт адамдарды көп мемлекетке айналып барады. Ресейде демографиялық проблеманы шешу мақсатында мемлекеттік деңгейде әртүрлі бірқатар экономикалық - әлеуметтік саясат жүзеге асырылуда.
Ресейге Армениядан 93% еңбек көші – қоны келеді екен. Армения мемлекетінен 2005 – 2007 жж. еңбек көші – қоны туралы зерттеулеріне сәйкес армян халқының еңбек көші – қоны арасында Ресей бірінші орынға ие болып отыр, екінші орында АҚШ мемлекеті (4-5%), үшінші орында Украина (3-4%). Армениядан жылына 60-80 мың адам жұмыс іздеуге шетелге шығып кетеді екен. Соңғы 15 жыл ішінде Армениядан 1,5 миллион адам көшіп кеткен.
Бұл мемлекет көші – қон саясатын жүзеге асыру барысында шетелде жүрген отандастарына қолдау көрсету арқылы елге қайта оралуына жағдай жасап жатыр. Армения мемлекетінің халқы қарт адамдардың санының көптігімен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 3-3,5 млн. Әзербайжан азаматтары тұрады. Ресейге баратын еңбек көші – қоны көрсеткіштерінің бір бөлігі Әзербайжан азаматтары құрайды. Бұл көші – қон ХХ ғ. 60 – ші жылдарынан бас алған. Ол кезде Ресейге Әзірбайжаннан тек маман иелері өз біліктілігін арттыру үшін баратын, сонымен қатар, Кеңес Одағының экономикасы қажет еткен мамандар иесі баратын. Қазіргі кезде Әзербайжан азаматтарының еңбек көші нарықтық сауданы жүргізуге бағытталған. КСРО кезінде Әзербайжан мемлекеті тек мұнай өңдеумен ғана айналысқан жоқ, ол «бүкілодақтық бақша» функциясын атқарды. Таулы Карабахта болған оқиғалардың нәтижесінде Бакудан барлық армян халқы көшіп кетті. Ол кезде олардың саны бір миллионға жетті. Елдегі экономикалық дағдарыс әзербайжандықтардың жұмыссыздығы еңбек көші-қонының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Әзербайжанда жұмыс істейтін, мұнайды өндіретін шетел компаниялары жергілікті мамандарды даярлаудан көрі, оларды шетелден алып келгенді ұтымдырақ көреді. Олар Үндістаннан, Пәкістаннан, мұнай өндірісінде тәжірибелері бар Араб елдерінен келеді. Көшіп кетушілерді қайтарғаннын өзінде жұмыссыздықты тоқтата алмайсың, мамандардың жетіспеушілігі елдің экономикасын әлсіретеді. Ресей өкіметі шетел азаматтарының санына шек қоя бастағаны Әзербайжан басшыларын ойландырып тастады.
2006 жылдың қараша айының соңында ел Президенті мемлекеттегі бірқатар органдармен бірлесіп арнайы Комиссия құрды. Ол Комиссияның мақсаты Ресейлік экономиканың сауда секторындағы Әзербайжан азаматтарының мәселелерін шешу болып табылады. Бұл мәселеге Әзербайжан мен Ресей Федерациясы арасындағы бірқатар халықаралық келіссөздердің жасалуына түрткі болды. Ресейде жүрген әрбір Әзербайжан азаматы Ресейде тұрақты тұруды қалайды. Ресейдегі әзербайжандық отбасылар саны өсуде [48].
КСРО-ның ыдырауынан бері өтпелі кезеңді басынан кешіріп жатқан Қырғызстан мемлекетінің көші-қоны саясаты, Республика азаматтарын жұмыспен қамтуда маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мұндай көші-қоның дамуына елдің оңтүстік облыстарында қалыптасқан демографиялық жағдай ықпал етеді. Осы облыстардың 40% жуық тұрғыны 16 жасқа толмаған балалар мен жас өспірімдер, 50% (16-29 жастағы) жастар, 60 жастан жоғары адам саны 7-8% құрап отыр. Осыған сәйкес мемлекеттің ішкі еңбек нарығы жас жұмыс іздеп жүрген адамдармен толтырылады.
Әлем экономикалық дағдарысты басынан көшіріп жатқанда халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу қиындыққа әкеп соғады. Бірінші, ұлттық санақ (1999 жылы) нәтижесі бойынша қалалық халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері 10 жыл ішінде 66,5% -дан 42,2%-ға түсіп кетті, ал ауылдық жерлерде 67,3%-дан 64%-ға дейін түсті. Жұмыс істемей бос сауғалап жүргендер саны 12%- дан 24,8%-ға өсті.
Елде жұмыс жоқтығы еңбек миграциясы ағымының пайда болуына әкеліп соқтырады. 2008 жылдың басында жұмыссыздар саны 6,7% болса, қазір оның саны 11,5% -ға өсті. 1 вакансиялық орынға 36 адам келеді екен.
ТМД мемлекеттерінің көпшілігі сияқты Қырғызстан Республикасы - көші-қонушылардың елі. Бұл мемлекетте еңбек күшінің импортына қарағанда экспортты көп. Сонымен, Қырғызстан көші-қон жүйесі көлемді әрі жаппай стихиялық сипатта өтеді, оның басты ағымдарын уақытша әрі қайтарымды деп есептеуге болады. Бұл Республиканың ресми статистикасының есебінен де көп [48].
Қырғызстан Республикасы өзінің демографиялық жағдайын көтермелеу барысында 26 желтоқсан 2008 жылы Қырғыз Республикасының Парламентінде «Қырғызстан азаматтарының жалпы әскери міндеттемесі, әскери және альтернативтік қызмет туралы» заң жобасы талқыланды. Елдің Қорғаныс Министрлігі осындай «шақырылымдағы мобилизациялық қор» құруды көздей отырып, «соғыс уақытына» әскери дайындалған қорды толтыруды Әскери Күш немесе құқық қорғау органдарына келісім шарттық қызметке шақырылуы үшін мықты кадрларды қалыптастыруды мақсат етіп отыр.
Ел Үкіметінің ойынша мұндай жаңа нормалар Әскери Күштің соғыс уақытында әскери-оқытылған қорды қолдау нәтижесінде кәсіби деңгейге өту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіншілік береді.
Қырғызстанның демографиялық көрсеткіштерінде әскери борышын өтейтін жас адамдардың саны, Әскери Күштің мүмкіншіліктерінен асып отыр, ал жаңа институт «азаматтарға елдің қорғану қабілеттігін нығайтуға, өз үлесін қостыруға мүмкіншілік береді» [48].
Қырғызстанда туылым деңгейі 2007 жылы 23,3 мыңнан, 2008 жылы 23,5 мың адамға өсті, ЖҚТБ мен АҚТҚ мен ауратындардың саны республика бойынша 1 сәуір 2008 жылғы мәліметтерге сәйкес АҚТҚ-мен 1584 адам, соның ішінде ЖҚТБ -116 адам санына жетті. Сонымен қатар, Республикада 41 бала АҚТҚ жұқтырған. Бұл індетпен күресуде елдің Денсаулық сақтау Министрлігі аурудың алдын-алу мен емдеу шараларын жүргізу барысында 10 мың бала тексерістен өткен. Тексеріс нәтижесінде АҚТҚ –мен ауратын балалардың саны 72 адамды құрап отыр [49, с. 55].
5,2 миллион халқы бар Қырғызстан мемлекетінің демографиялық жағдайы қазіргі кезде баяу өсуде. Демографиялық көрсеткіштер туылымның біршама көбеюі мен өлімнің аз да болса азаюін көрсетіп отыр. Туылым 1000 адамға шаққанда 2000 жылы – 19,7; 2001 жылы- 19,8; 2002 жылы- 20,2; 2003 жылы-20,9; 2004 жылы-21,6 көрсеткіштеріне жетіп отыр. Өлім көрсеткіші 2000 жылы- 6,9; 2001жылы -6,6; 2002-2003 жылы -7,1; 2004 жылы -6,9.
Елде 1998 жылы Ресей Федерациясының Федерациялық миграция қызметінің өкілдігі ашылған болатын. Оның басты мақсаты екі ел арасындағы көші-қонын реттеу болып табылады. Егер ХХ ғасыр 90-жылдардың бірінші жартысында Ресейге қарт адамдар көше бастаса, қазір 30-40 жас арасындағылар көшіп жатыр [49].
ТМД мемлекеттерінің көпшілігі сияқты Қырғызстан Республикасы - көші-қонушылардың елі. Бұл мемлекетте еңбек күшінің импортына қарағанда экспортты көп. Қырғызстан көші-қон жүйесі көлемді әрі жаппай стихиялық сипатта өтеді, оның басты ағымдарын уақытша әрі қайтарымды деп есептеуге болады. Қырғызстанға сырттан көшіп келушілердің ішінде Өзбекстан мемлекеті бірінші орында тұр. Өзбекстан мемлекетіндегі ауыр әлеуметтік–экономикалық жағдайдың нәтижесінде халықтың әл-ауқаты төмен, жаппай жұмыссыздық орын алуда, кедейшіліктің көріністері байқалады. Осындай ауыр тіршілік етуіне байланысты халық көршілес елдерге көшуге не жалдамалы жұмыс істеуге бел буады. Сонда да Өзбекстан халқы саны жағынан жақсы қарқынмен өсіп келеді [49].
Өзбекстан мигранттары үшін ең қолайлы мемлекеттер Ресей, Қазақстан және Қырғызстан. Қырғызстанға заңсыз көшіп келіп жатқан этникалық өзбектердің санын белгілеу Қырғызстан мемлекетіне қиындық тұдырып тұр. Қырғызстан республикасының Ішкі істер Министрлігінің Көші-қон Департаментінің иммиграциялық Қор мәліметтері бойынша Өзбекстаннан келіп жатқан көші-қон мен босқындардың санын Қырғызстан Республикасы мемлекеттік ведомстваларының біреуінен де ақпарат алуға мүмкіншілік жоқ. Себебі шекараны тиісті бақылауға алу үшін техникалық құралдар, жабдықтар, елдің оңтүстігінде және басқа да жерлерінде заңсыз көшіп келушілердің санын анықтау үшін қаржы мен кадрлар жоқ. Қазіргі кезде Қырғызстанда тек ресми негізде көшіп келушілерге ғана бақылау жүргізіледі.
Өзбекстаннан көшіп келіп жатқан мигранттардың көбісі этникалық қырғыздар. Олардың барлығы Ферғана даласынан шыққандар. Республикада санақ жүргізу барысында Өзбекстаннан көшіп келген этникалық қырғыздардың саны 2005 жылы шілде айында 1740 адамды құрады.
КСРО-ның ыдырауымен Өзбекстан мемлекеті өз демографиялық саясатын тәуелсіздік алғаннан жүргізе бастады. ТМД елдерінің ішінде халық саны жағынан Өзбекстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр. 2004 жылғы мәліметтер бойынша Өзбекстан халқының саны 25 миллион 800 мың адамға жеткен. Тәуелсіздік жылдары бұл елде еркектер санының көрсеткіші әйелдер санының көрсеткішінен жоғары болды. Соңғы 10 жыл ішінде еркектер саны 21% , ал әйелдер саны 19% өсті. Қазіргі таңда елде екі жасқа дейінгі ұл баланың саны – 814 мың, ал қыз баланың саны -774 мың адам болып отыр. БҰҰ-ның халық саны саласындағы Қорының (UNFPA) болжамы бойынша 2015 жылға таман Өзбекстанда 38 миллион адам тұратын болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Өзбекстан алғашқы жылдардан бастап-ақ өзінің демографиялық тұжырымдамаларын жасап, жүзеге асыруға кірісті. Бірқатар өзбек жазушылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері туылымды бақылау мен отбасын жоспарлау идеясына қарсы болды. Оның себебі «дәстүрлі рухани құндылықтар мен ұлттық саясатпен дәстүрлерді бұзу» болып табылады.
90-жылдардың ортасында Өзбекстан «бір ананың балаларды туу арасында үзіліс жасауды ұлғайтуға және отбасының көңілін, баланың туылуы санына емес, елдің болашағын қамтамасыз етуге қабілетті дені сау, білімді азаматтарды тәрбиелеуге» бағытталған ұлттық салауатты генофондтты қалыптастыру доктринасын жасап шығарды.
Кейіннен ел Президенті И. Каримов «отбасын жоспарлау-біздің жол емес» деген ұранмен балаларға мемлекеттік жәрдемақыны көтере бастады. Көп адамдардан тұратын дәстүрлі өзбек отбасылары баланы асырау қиындыққа түсу проблемасы пайда бола бастап, өгере бастады. «Ижтимоий фикр» қоғамдық пікір орталығының жалпы ұлттық сұрауының мәліметтері бойынша он жыл бұрын елде 15 жасқа толмаған балалардың саны 43% құраса, қазіргі кезде 27% -ға қысқарған. Аборттар санын ескере отырып, ол 39% құрап отыр. Бұрын әрбір өзбек отбасының құрамы төрт баладан кем болмайтын, қазіргі кезде сұралған өзбек азаматтарының 60% көбісі екі баланың жеткілікті екенін айтты, ал 2% бір балалы болғанды қалайды екен. Некеге тұру жасы да өзгере бастады, сұралғандар еркектердің 51% 24-25 жастан асқаннан кейін отбасын құру жайлы пікір айтты. Ресми статистикаға байланысты өзбек балаларының төрттен үш бөлігі Қашқадария мен Сухандария облыстарының ауылдық жерлері мен Ферғана даласы аудандарында дүниеге келеді. Өзбекстанда некеден тыс туылған балалардың саны үш есе көбейді. АҚТҚ-мен, ЖҚТБ-мен ауыратындардың саны өсуде. Қазіргі кездегі әр түрлі мәліметтерге сәйкес табыс табу үшін Өзбекстаннан тыс жерлерге 4 миллионнан бастап 6 миллионға дейінгі оның азаматтары шығып кеткен. Өзбекстан Ішкі істер Министрлігінің келу, кету және азаматтықты басқару органының 2003 жылғы мәліметтер бойынша елден 100 мың адам шығып кеткен.
Елде туылым санының азайып кету қауіпі бар. Жоғарыда айтылып кеткендей еңбекке қабілетті жасына жетпеген балалар мен жас өспірімнің саны 43% құрап отыр.
Еңбекке қабілетті жастан жоғары жасы бар адамдардың саны 7% құрайды. Демографияда зейнеткерлердің саны 8% асатын ұлт болса, онда оны қарт адамдары көп ұлт деп саналады.
Экологтар алдымыздағы 10-15 жылда Өзбекстан мемлекетіндегі болып жатқан экологиялық проблемаларға жаңа экологиялық проблемалар кешеңі қосылуы мүмкін деп болжамдайды. Оның ішінде Арал дағдарысы, су тапшылығы, жерлердің деградациясы және т.б. Әр түрлі қиын экологиялық жағдайлардың қалыптасуы нәтижесінде елдің ішіндегі ішкі көші-қоны ағымы көбее бастады. Ол Қарақалпақстан халқының біршама бөлігінің Өзбестанның орталықтарына көшуімен сипатталады.
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша Қарақалпақстаннан 250 мың адам көшіп-қонған, ал демография мен көші-қоны жөніндегі халықаралық Агенттіліктің есебіне сәйкес соңғы он жылда Өзбекстанннан Қазақстанға 63 мыңға жуық адам көшіп келді.
Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ақпараты бойынша жарты миллион өзбектердің Қазақстанға көшіп келуге ниет білдірген. Әрине Қазақстандағы демографиялық мәселе өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Соңғы 7 жыл ішінде ел халқы 1,5 миллион адамға кеміді.
Өзбекстанда біраз жылдар бойы еңбек көші-қоны жалғасып келеді. Елдің әл-ауқатының төмендігі, кедейшілік еңбек миграциясына мәжбүрлейді [50].
Ғаламдық экономикалық дағдарыс келмей тұрып ТМД мемлекеттерінің барлығында экономикалық өсім байқалған болатын. 2007 жылы ТМД елдері бойынша жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші 9%-ға өсті. Қорыта келе ТМД елдерінің демографиялық жағдайы бірдей болған жоқ. 2002 жылға дейін Ресей, Украина, Қазақстан, Белруссия, Молдавия елдерінде халық саны төмендеді, соның ішінде халық санының күрт төмендеуі Қазақстанда ерекше байқалды. Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерде және ерекше түрде Түркменістан мемлекеттерінде халық саны өсе бастады. Әр түрлі көші-қон садарынан көптеген жағымсыз мәселелер қалыптасып жатыр. Мысалы көші-қон үшін отбасылардағы ерлі-зайыптылардың ажырасуы кең таралуда, осының нәтижесінде теріс әлеуметтік үрдістер қалыптасуда. ТМД мемлекеттері осыған назар аударуы қажет. Соның нәтижесінде ТМД келісілген әлеуметтік-демографиялық саясат тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл құжат кедейшілікпен күресу жобаларын қамтиды және көші-қонмен тығыз байланысты мекен-жайлық материалдық көмек көрсетуді көздейді. Көптеген ТМД келісім шарттарда проблемаларды шешуге ұсыныстық сипатта қарайды, сондықтанда, аумақтардағы проблемаларды реттеуде оны әсері төмен [50, с. 61].
Халық саны жөніндегі БҰҰ–ң бүкіл әлемдік конференцияларында қабылданған негізгі құжаттар:
1954 жыл Рим қаласы. Ең бірінші халық саны жөніндегі бүкіл әлемдік конференция дамушы елдердегі демографиялық жағдай туралы ақпараттарды толығымен жинауды қаулы етті, сонымен қатар демографиялық талдау саласында мамандарды даярлауға көмектесетін орталықтарды ұйымдастыруға ықпал етті.
1965 жыл Белград қаласы. Ең басты назар бала тууға, отбасын жоспарлауды дамытуға бағытталды.
1974 жыл Бухарест қаласы. Бұл конференция халықаралық сипатта өтіп оған 135 елдің өкілдері қатысты. Бұл конференцияда ең басты назар халық саны мәселесінің елдердің дамуы мен арақатыстылығына көңіл бөлінді. Конференция нәтижесінде «халық саны саласында бүкіл әлемдік әрекет ету жоспары» (алдағы 20 жылға) қабылданды.
1984 жылы Мехико қаласында. Бұл конференцияда соңғы онжылдық нәтижелер сараланды, соңғы зерттеулер нәтижесіне байланысты «Бүкіл әлемдік жоспарды» кеңейтетін Декларация қабылданды.
1994 жыл Каир қаласы. Конференцияға 180-нен астам ел қатысты. Келесі жиырма жылға әрекет етудің жаңа бағдарламасы ұсынылды. Конференцияда халық саны мәселесінің әлеуметтік, экономикалық даму саясатына енуінің жаңа буыны қарастырылды.
1999 жылы Нью-Иорк қаласы. 1994 жылғы қабылданған бағдарламаны қайта қарап, оның орындалуын бағалау көзделді. Бұл конференцияның маңызы мынада: халық саны бойынша пайдаланылған стратегиялардың жетістігі баяндалды.
1999 жыл 8-12 ақпан. Гаага. Нидерланд. Халық саны және даму жөніндегі халықаралық конференцияның әрекет ету бағдарламасының жүзеге асырылуына жедел шолу мен баға беруді жүргізу туралы БҰҰ-ң халықаралық форумы өткізілді.
2001 жылы 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткен БҰҰ-ң Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің құрамындағы қосымша органы «халық саны және оның дамуы жөніндегі» комиссияның ұйымдастырылған отырысы өтті. Бұл отырыстың басты бағыты халықтың өсу динамикасы мен тұрақты дамуына арналды.
2001 жылдын 18-24 тамыз аралығында өткен халық саны бойынша ХХІV-ші жалпы конгресс. Бұл конгресс халықты ғылыми зерттеу жөніндегі халықаралық кеңеспен бірге өткізілді (IUSSP – International Union of the Scientific Study of Population). Бұл Кеңес 1928 жылдан бастар әрекет етеді. Кеңестің жалпы Конгрестері Ұлы Отан соғысынан кейін 20 рет өтті. 1947 жылы Вашингтонда, 1949 жылы Бернда, 1951 жылы Нью-Делиде, 1953-1954 жж. Римде, 1955 жылы Рио-де-Жанейрода, 1957 жылы Стокгольмде, 1959 жылы Венада, 1961 жылы Нью-Иоркте, 1963 жылы Оттавада, 1965 жылы Белградта, 1969 жылы Лондонда, 1973 жылы Льенде, 1977 жылы Мехикода, 1981 жылы Манилада, 1985 жылы Флоренцияда, 1989 жылы Нью-Делиде, 1993 жылы Монреалда, 1997 жылы Пекинде.
Халықты ғылыми зерттеу жөніндегі халықаралық Кеңестің жалпы конгресстері – халықтың саны мәселелерінің көп түрлі аспектілерін зерттейтін ғылыми қауымдастықтың өміріндегі ірі оқиғаның бірі болып табылады. Бұл Конгрессте әлем елдері өкілдерінің көпшілігі, халықаралық Кеңестің мүшесі болса да, болмаса да қатысады.
2005 жылы Францияда Париж қаласында өтті. ХХV рет өткізіліп тұрған бұл жалпы конференция халық санының арықарай дамуын зерделеді, халық саны аясында әрекет ету бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жасалып, баға берілді.
11. 2007 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша басқармасының халық саны бөлімі әлемнің 195 мемлекеті бойынша халық пен саясат мәселесін шешу мақсатында жүргізілген үкіметтік бағалаудың нәтижесін жариялады. Негізгі қарастырылған мәселелер: халықтың саны және оның өзгеруі, халықтың жастық құрылымы, туылым және отбасын жоспарлау, денсаулық және өлім, ішкі көші-қоны, халықаралық көші-қоны [51, 48-53 бб.].
Демографиялық мәселелерді реттейтін бірқатар халықаралық құжаттар қабылданды. Олар: 1989 жылы 20 қарашада Нью – Иорк қаласында қабылданған «Бала құқығы туралы» Конвенция; Лондонда 1990 жылы 27-29 маусымда жасалған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Конвенциясы; Женева қаласында 28 шілде 1951 жылы қабылданған «Босқындардың мәртебесі туралы» Конвенциясы және оның 31қантар 1967 жылғы Хаттамасы; 22 маусым 1962 жылғы Халықаралық Еңбек Ұйымының Жарғысы және т.б.
ТМД елдерінің қатысуымен ғаламдық демографиялық проблемаларды шешу мақсатында: «2004 жылғы ТАСИС-тің әрекет етуі өңірлік бағдарламасы» бойынша Қазақстан Республикасы мен Еуропалық қоғамдастықтың арасындағы бірнеше елдерді қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келісімге қол қою туралы шарт жасасты. Бұл бағдарлама ТМД елерінде шекара қызметінің өзара ықпал ететін жүйені құруды көздейді. Ол ТМД мен ЕО аумағындағы заңсыз көші-қоны, контрабанда және адамдарды сатуды төмендетуге бағытталған. Ол сонымен қатар, Украина, Молдавия, Белоруссия мен ЕО- пен кеңейтілген шекараларындағы жаңа қатысушы елдер арасындағы шекаралас ынтымақтастыққа ықпал етуге бағытталған. Бұл бағдарламаны ЕО ғана емес, ұйымдасқан қылмыстылық пен терроризммен дүниежүзілік күресуге ықпал ететін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық Конвенциялары мен реззолюциялары да қолдайды. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның басымдығы көші-қоны мен баспана беру саласында үшінші жақтармен ынтымақтастыққа түсуді көздейді. Демографиялық жаһандану – ол жаңа үрдіс емес. Қазіргі кезде көріп жатқан үрдістер ежелгі дүниеде де орта ғасыр кезеңінде де болған. Ол кездері адамзаттың көптеген бөліктері жерде еркін көшіп – қонып жүре берген. Демографиялық жаһандану үрдісі ұлт, мемлекеттер-аумақтар және мемлекеттер-ұлттар пайда болу нәтижесінде тоқтай бастады. Адамдар, жұмыс күші, адамзат капиталы әрқашанда көшіп жүрген, ал қаржылай капитал, технология, тауар әлеміндегі көш әлемге енді таралып көше бастады.
Жаһанданудан туындаған ең басты демографиялық мәселе адамзаттың демографиялық дамуының теңсіздігімен ұштасып отыр.
Әрбір жүйенің негізгі байлығы-адамзат капиталы. Әрбір дамудың негізгі факторы-адамзат факторы. Жаһандану нысанының ішіндегі ең негізгісі – демографиялық.
Бүгінгі таңда ғаламдық мәселелерді шешу үшін мемлекеттердің ықпалын біріктіру, ортақ бағдарламаларды әзірлеу және оның жүзеге асуы үшін жағдай жасау өте күрделі мәселе болып отыр. Әлем мемлекеттерінің саяси ұстанымы, ұлттық, мәдени, діни, этникалық ерекшеліктерге ие экономикалық және әлеуметтік дамуы әр елде әр түрлі. Мемлекеттердің алдына қойған ортақ мақсаты болғанымен, әр мемлекет өз саясатын жүзеге асыруда өз ресурстары мен мүмкіншіліктеріне негізделе отырып, өзіндік мақсаттар ұстанады. Осындай өзгешеліктер ғаламдық мәселелерді шешуді тежейді.
Әлемге экономикалық жаһандану дәуірі келгеннен бастап-ақ дүниежүзінде қиындықтар туындай бастады. Бұл процестің мәні халықаралық алмасу мен интеграция аясына мыңдаған кәсіпорындар мен корпорациялар, шаруашылық қызметімен айналысатын миллиондаған азаматтар еніп жатты. Мұндай тенденция адамзаттың экономикалық және ғылыми-техникалық жетістіктер жолына түскендігін көрсетеді, бірақ жалпы ғаламдық проблемалардың жәй-күйіне теріс ықпал етеді.
Халықаралық экономиканың әр түрлі буындарының өзара байланыстығы ұлттық, жергілікті экологиялық жүйелердің дамуын тездетті, нәтижесі қоршаған табиғи ортаның нашарлауының теріс әсерлері бір елден екінші елдерге өте бастады. Жалпы ғаламдық проблемалардың сипаты да қиындай бастады. Демографиялық, экологиялық және өзге де проблемалар бірі-біріне байланып, әлемнің әр түрлі елдері мен өңірлерінде әлемдік экономикамен әлеуметтік дамуымен тығыз байланысты бола бастайды. Мұның барлығы демографиялық, экологиялық және өзге де мәселелерді ұлттық билік деңгейінде шешу мүмкіншілігінің азаюына әкеп соқтырды. Көптеген компаниялар мен фирмалар, олардың филиалдары өзге мемлекеттердің аумағында қызмет жасайды, соның ішінде шетелде жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар мен жеке тқлғалардың саны өсіп келеді. Бұл да ғаламдық фактор. Бұл субъектілер өз мемлекеттерінің табиғатты қоғау қызметін реттейтін экологиялық құқық пен басқа да нормалар саласында ұлттық құзыреттен тыс қалып қалады. Трансұлттық компаниялардың шетелдік кәсіпорындарында әлемдегі жалпы ішкі өнімнің үштен көп бөлігі өндіріледі, миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыстан қол алмайды, слондықтан қоршаған ортамен табиғи ресурстарда құқықтық қорғау жағдайлары әр елде әр түрлі борлып қала береді. Трансұлттық компаниялармен олардың бөлімшелері экологиялық бұзушылықтар үшін жауаптылықтан бас тартуға ұмтылады.
Әлемдегі жаһандану үрдісі тек қиыншылықтар әкеліп ғана қоймай, ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бұл біріншіден, соңғы он жылда бүкіл әлемдегі бір жүйеге біріктірген коммуникация мен ақпарат жүйелерінің қалыптасуын айтуға болады. Мемлекеттердің халықаралық «Интернет» желісіне қосылуы қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды бақылау жүргізуі үшін әлемнің түпкір-түпкірінде болашаққа ауа-райы мен климатты болжау үшін өте қажетті.
Жаһандану үрдісінің ықпалымен әр түрлі әлем елдері ғалымдары мен мамандардың демография, оның экологиямен, экономикамен, байланысты этнография, тарихи, құқық, халықаралық қатынастар сияқты және т.б. күрделі әрі аз зерттелген білім салалары бойынша ғылыми идеяларымен бірлескен зерттеулерін халықаралық алмастыру, жүзеге асыру үшін ыңғайлы мүмкіншіліктер ашылды. Әр түрлі мемлекеттер арасында ұлттық билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара дамуына алғышарттар пайда болды, сондай-ақ олар мемлекеттердің жалпы мақсаты болып табылатын тұрақты даму жөнінде келісілген стратегиялармен бірігіп, бағдарламалар жасауға мүмкіншілік табылды.
Жалпы әлемдік мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың ерекше ролі бар. Әлемнің денсаулық сақтау саласындағы демографиялық проблемаларын реттеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) маңызы зор. ДДСҰ жарғысы 1946 жылы 19-22 шілде аралығында Нью-Йорк қаласында өткен денсаулық сақтау халықаралық конференциясында қабылданды. 22 шілде 1946 жылы 61 мемлекеттің өкілдігімен оған қол қойылды. ДДСҰ БҰҰ-ның жүйесіне кіреді және оның басты мақсаты барлық халықтар денсаулығының жоғарғы деңгейге жетуін қамтамасыз ету болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқаратын негізгі қызметі мыналар:
1) денсаулық сақтау бойынша халықаралық қызметті басқарады және өз органдарын үйлестіреді;
2) денсаулық сақтау саласында Біріккен Ұлттардың арнайы мекемелерімен, үкіметтік ұйымдармен тиімді ынтымақтастықты белгілеп, қолдайды;
3) денсаулық сақтау саласын нығайту жөніндегі үкіметтердің өтініштеріне көмек көрсетеді;
4) төтенше жағдайларға сәйкес үкіметке, оның өтініші не келісімі бойынша қажетті техникамен ықпал етеді;
5) эпидемиологиялық және статистикалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, қажет болған әкімшілік және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және қолдайды;
6) эпидемиялық, эндемиялық және басқа да аурулармен күресу жұмыстарын жүргізіп, дамытады;
7) қажет болған жағдайда арнайы мамандандырылған мекемелермен оқыс оқиғалардың алдын алуға ықпал етуге ынтымақтастық жүргізеді;
8) қажет болғанда басқа да арнайы мамандандырылған мекемелермен біріге отырып тамақтануды, тұрғын үй жағдайын, санитарлық жағдайды, демалу жағдайын, экономикалық және еңбек жағдайын жақсарту жөнінде ынтымақтастық жасасады;
9) денсаулық сақтау ісін дамытуға қатысатын ғылыми және кәсіби топтардың арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді;
10) ана мен баланың қорғалуының дамуына ықпал етуді, тіршілік ортасында үйлесімді өмір сүруге ықпал етіп, шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;
11) адамның психикалық денсаулығы саласындағы қызметтерді мадақтауды жүзеге асырады;
12) денсаулық сақтау жөнінде ақпараттарға кеңес береді және көмек ұсынады және т.б. [52].
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жүйесіне: Денсаулық сақтау Ассамблеясы, Атқарушы Комитет және Секретариат органдары кіреді.
Денсаулық сақтау Ассамблеясы:
1) Денсаулық сақтау ұйым қызметінің бағыттарын анықтайды;
2) Денсаулық сақтау ұйымының қаржы қызметін қадағалайды;
3) Денсаулық сақтау Ұйымының мақсатымен сәйкес келетін халықаралық не ұлттық, үкіметтік не үкіметтік емес әрбір ұйымдарды шақырады;
4) БҰҰ-ның Бас Ассамблеясынан, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеспен, Қауіпсіздік Кеңесімен немесе Қамқоршылық жөніндегі Кеңеспен жасалған денсаулық сақтауға қатысы бар ұсыныстарды қарайды;
5) Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жүргізеді, жүргізуге ықпал етеді және т.б.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Атқарушы Комитеті өз өкілеттігі шегінде:
1) Ассамблеяның денсаулық сақтауға байланысты шешімдерін өмірге келтіреді;
2) Ассамблеяның денсаулық сақтау саласындағы атқарушы органы ретінде әрекет етеді;
3) Ассамблея тапсырған әрбір функцияны атқарады;
4) денсаулық сақтау Ассамблеясына конвенция, келісім-шарттарға байланысты туындаған мәселелер бойынша қорытынды береді;
5) денсаулық сақтау Ассамблеясына белгілі бір мерзімге жалпы бағдарламаларды қарауды ұсынады;
6) тез арада кірісуді қажет етіп тұрған төтенше жағдайларға шаралар қолдана алады және т.б.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Секретариаты Атқарушы Комитетке бағынышты болып келеді. Секретариатты Бас директор басқарады. Оның қызметі ДДҰ-ның қаржы мәселесін шешеді. ДДҰ-ның өңірлік бюроларын керекті- жарақты ақпараттармен қамтмасыз етеді. ДДҰ-ның өңірлік бюролары денсаулық сақтау саласында БҰҰ-ның өңірлік комиттерімен, басқа да өңірлік халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізеді және т.б.
Ғаламның демографиялық проблемаларын шешуге тікелей қатысы бар 10 мамыр 1944 жылы құрылған БҰҰ- ның жүйесіндегі Халықаралық Еңбек Ұйымын (ХЕҰ) атап өтуіміз керек.
ХЕҰ-ның адамдардың барлығына түріне, нәсіліне, дініне, жынысына қарамастан еңбек етуіне кепілдік береді. Сонымен қатар ХЕҰ–ның адамдардың толығымен жұмыспен қамтылуы тіршілік ету деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Әрбір еңбек етушінің өз қалауынша, қанағат алу мақсатында, өз біліктілігін көрсетуге мүмкіншілігі бар жерлерде жұмыс істеуді қамтамасыз етуге, кәсібіне қарамастан еңбек етушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, ана мен баланың әл-ауқатын көтеруге, еңбек етушілердің тамақтануына, жалпы және кәсіби білім алу саласында тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз етуге ықпал жасайды.
Бұл ұйым:
1) Бас Конференция өкілдіктері Халықаралық Еңбек ұйымының мүшелері;
2) Әкімшілік Кеңес;
3) Әкімшілік Кеңестің басшылығымен Халықаралық еңбек бюросынан тұрады.
ХЕҰ-ның Бас Конференция өкілдіктері қажет жағдайларды ғана шақырылады. Конференцияға төрт өкіл қатысады: екеуі үкіметтік өкіл және қалған екеуінің бірі-кәсіпкер, ал екіншісі мүше елдің еңбек етушісі.
Конференцияда әлемдегі еңбек жағдайына қатысты, жұмыссыздықпен күресу, кепілдендірілген жалақы алу, жұмысшыларды аурулардан сақтау, кәсіби аурулар, өндірістегі қауіпті ақпараттар мәселелері, сондай-ақ балаларды қорғау, жас өспірімдер мен әйелдерді, кәрілік келуімен байланысты зейнеткерлерді және мүгедектерді, шетелде жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың мүдделерін қорғау сияқты мәселелер қозғалады.
ХЕҰ-ның Әкімшілік Кеңесі 112 орыннан тұрады. Оның 56 орны үкіметтерге беріледі; 28 орын кәсіпкерлердікі және 28 орын еңбек етушілердікі. Бұлар 4 географиялық өңірге таралады (Африка, Америка, Азия және Еуропа).
ХЕҰ –ның Халықаралық Еңбек Бюросының қызметі мынадай: еңбек жағдайы мен еңбек етушілердің мәртебесін халықаралық реттеуге жататын барлық ақпараттарды жинайды және таратады, соның ішінле халықаралық конвенцияларды қабылдау мқсатында конференцияның қарауына ұсынылған мәселелерді зерттеу; сондай-ақ конверенцияның Әкімшілік Кеңестің берген тапсырмаларына сәйкес, әртүрлі арнайы зерттеулер жүргізеді.
Сонымен қатар, Бюро, Әкімшілік Кеңестің тапсырмасымен:
1) Конференцияның күн тәртібіне қойған құжаттарды әзірлейді;
2) үкіметтердің өтініші бойынша Конференцияның шығарған шешімі негізінде заңдар мен ережелерді жасауға көмек кқрсетеді;
3) еңбек пен өндіріс мәселелеріне қатысты әр түрлі басылымдарды шығарады, таратады және т.б..
Әлемдегі демографиялық проблемаларды реттеуге 1951 жылы құрылған үкіметаралық БҰҰ-на кірмейтін Халықаралық Көші-қон жөніндегі Ұйымның (ХКҰ) үлесі зор. ХКҰ қызметі келесідей: көші-қон саласындағы жедел мәселелерді шешуге көмек көрсетеді; көші-қонымен байланысты мәселелерді талдайды; көші-қон арқылы әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау жасайды; көшіп қонушылардың адами қасиеттерін, ар- намысын сақтауға және олардың дұрыс тіршілік етуіне қамқорлық жасауға ықпал етеді.
Халықаралық Көші-қон Ұйымына мүше- мемлекеттердің саны 1998- 2008 жылдар аралығында 67-ден 122-ге өсті және әлі де көбееді.
Өз қызметін жүзеге асыра отырып, Халықаралық Көші-қон Ұйымы изгілік пен тәртіпке сәйкес принципіне сүйене отырып, мигранттарды қабылдап жатқан қоғамға көші-қонының пайда әкелуіне жәрдемдеседі.
Барлық континентте өкілдіктері мен бөлімдері бар Халықаралық Көші-қоны Ұйымы үкіметтер мен азаматтық қоғамға келесі мәселелерді шешуге көмек көрсетеді:
1) төтенше жағдайлардың пайда болуына байланысты кездейсоқ көшіп қонушылар ағымына гуманитарлық қолдау жасау;
2) соғыстан кейінгі қайту мен халықты реинтеграциялаубағдарламаларын жасау;
3) көшіп қонушыларға жаңа өмірге қадам басуға және жаңа тұрғылықты жерге орналасуға көмектесу;
4) жұмыс көші-қонына көмек беру;
5) заңсыз мигранттардың ерікті түрде қайта оралуына көмек беру;
6) жоғары кәсіби мамандардың өз отанына қайтуға ықпал ету;
7) өзін қолайсыз сезініп жүрген көшіп қонушыларды қолдау;
8) адамдарды сатуға қарсы күрес жүргізуге қатысу;
9) көші-қоны саласында денсаулық сақтау;
10) көші-қон саласында білім беру;
11) көші-қонын басқарумен байланысты зерттеулер жүргізуге ықпал етеді [158].
28 қазан 1933 жылы Женева қаласында қол қойылған, 13 маусым 1935 жылы күшіне енген «Босқындардың халықаралық мәртебесі туралы» Конвенциясына сәйкес, 14 желтоқсан 1950 жылы БҰҰ-ның Босқындар Ісі бойынша Жоғарғы Комиссар Басқармасы (БЖКБ) құрылған.
БҰҰ-ның БЖКБ Бас Ассамблеясы басшылығымен қызмет ете отырып БҰҰ-ның эгидасымен халықаралық босқындарға халықаралық қорғауды жүзеге асыру және босқындар мәселесін үкіметтерге ықпал жасау арқылы шешеді, олардың жаңа елдерге баруына немесе босқындардың ерікті репатриациясын жеңілдету үшін сәйкес үкіметтермен келісе отырып, үкіметтер мен жеке ұйымдарға ықпал етеді.
Жоғарғы Комиссар өз міндеттерін атқаруда босқындардың халықаралық мәртебесі туралы мәселелер бойынша әр түрлі қиындықтар туындаса, Босқындар ісі туралы кеңесші комитеттің қорытындысын сұрайды.
Жоғарғы Комиссардың қызметі өзінің сипаты бойынша гуманитарлық және әлеуметтік болып табылады.
Жоғарғы Комиссар босқындарды қорғауды:
1) босқындарды қорғау туралы халықаралық конвенцияларды бекітуге, ол конвенциялардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруға ықпал ету;
2) қорғауға мұқтаж босқындардың жағдайын жеңілдету және олардың санын азайтуды мақсат ете отырып, үкіметтермен әр түрлі шараларды орындауда арнайы келісімдер жасау арқылы ықпал ету;
3) әр түрлі мемлекеттердің аумағына мұқтаж босқындарды өткізуді жеңілдетуді;
4) босқындардың ең керекті мүліктерін алып келу үшін, рұқсат алуға ықпал ету;
5) аумақтағы босқындардың саны туралы ақпараттарды, сонымен қатар, оларға қатысты заңдар мен қаулыларды ел Үкіметінен алуды;
6) мүдделі үкіметтер мен үкіметаралық ұйымдармен тығыз байланысты қолдауды;
7) босқындар туралы сұрақтармен айналысатын жеке ұйымдармен тығыз байланысты орнатуды;
8) босқындарға қамқорлық жасайтын жеке ұйымдардың ықпалын үйлестіруді жеңілдету арқылы қамтамасыз етеді.
Бас Ассамблеяның белгілеуімен, Жоғарғы Комиссар босқындардың отанына оралуы және олардың орналасуы қызметінде атқарады. Босқындарға баспана беру, босқындарды қорғау мақсатында және босқындардың басқа елде орналасуын жүзеге асыратын бірқатар халықаралық ұйымдар бар. Солардың біреуі Еуропа, Солтүстік Америка және Австралияда баспана беру,босқындар және көші-қон саясаты мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңес беру Еуропалық Комиссиясын айтуға болады.
Сонымен қатар, демографиялық мәселелерді халықаралық деңгейде реттеу саласында 1969 жылы құрылған БҰҰ-ның жүйесінде Халық саны саласындағы Қор (UNFPA) мен сол қордың адамзат қауіпсіздігі бойынша кеңес беретін органы әрекет етеді.
Ол ұйым қызметінің басты бағыттары мынандай болып келеді:
Демографиялық ақпарат – мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату;
Демографиялық саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық қауымдастық пен БҰҰ – на мүше мемлекеттер үшін ұсыныстар жасау;
Демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық үрдістердің өзара әрекет етуін талдауды қоса халық саны проблемасын зерттеу;
БҰҰ-ң эгидасы мен үкіметаралық деңгейде халық саны жөнінде халықаралық конференцияларды ұйымдастырып, өткізу болып табылады.
1946 жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы органдарының бiрi ретiнде Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) құрылды. Бұл Ұйымның атқаратын қызметі мынадай: ынтымақтастық жасайтын елдерде балаларға ақшалай-қаржылық көмектi, олардың кәсiби дайындықтарын және консультативтiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету барысында балалардың төтенше және тұрақты қажеттiктерiн қанағаттандыру және балалардың тiрi қалуын, арықарай дамуын және оларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-әрекеттер мен бағдарламаларды қажет болатын жерлерде нығайту. Дамушы мемлекеттерде ана мен баланың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтандыру саласында жұмыстар атқарады.
Дүниежүзіндегі халықаралық ұйымдардың демографиялық және оған байланысы бар мәселелерді шешуде маңызы зор. Халықаралық қауымдастық ғаламдық проблемаларды бірігіп шешпесе, болашақта не болатыны белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: |