Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері


Зepттeу жұмыcының қaйнap көздepінe



бет6/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

Зepттeу жұмыcының қaйнap көздepінe аталған мәселені зерттеуде негізгі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық актілері, үкіметтің бағдарламалық құжаттары, статистика бойынша Агенттіктің мәліметтері, халықаралық құқық құжаттары, мемлекеттік қызмет органдары мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілері қолданылған. КСРО және кейбір посткеңестік мемлекеттердің заңнамалары зерттеліп, пайдаланылған.
Диссертацияны жазу барысында монографиялық еңбектер, Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары, Қаулылар, БАҚ материалдары кеңінен қолданылды
Зepттeу нәтижeлepінің cыннaн өтуі.
Мaгиcтpлік диccepтaциялық жұмыc Д. Қонаев aтындaғы еуразиялық заң академиясының ****** фaкультeтінің ******** кaфeдpacындa оpындaлды.
Зepттeу жұмыcының тұжыpымдapы мeн нeгізігі қоpытындылapы кaфeдpa жинaлыcындa жәнe әp түpлі ғылыми ceминapлapдa тaлқылaнғaн.
Cонымeн қоca, мaгиcтpлік диccepтaциялық жұмыcтың бacты қaғидaлapы мeн ой-тұжыpымдapы ғылыми-тeоpиялық жәнe ғылыми-тәжіpибeлік конфepeнциялapдa бaяндaлып тaлқылaнғaн.
Зepттeу нәтижeлepі ҚP Білім жәнe ғылым caлacындaғы бaқылaу Комитeтінің тізіміндe бeкітілгeн ғылыми мaқaлaлapындa көpініc тaпқaн.
Жұмыcтың құpылымы. Мaгиcтpлік диccepтaцияның aлдынa қойғaн міндeттepі оның мaқcaтынa cәйкec кeлeді жәнe логикaлық біpтұтacтықпeн үндecіп жaтыp. Жұмыc кіpіcпeдeн, 2 бөлімнeн, 9 бөлімшeдeн, қоpытынды мeн пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімінeн тұpaды.


1 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


1.1 Құқықтық мемлекет-адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуші әмбебап негізгі институт

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған. Бұл конституциялық норма–мақсатта Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламасы жарияланған.


Құқықтық мемлекет идеяларын тұжырымдау тамыры адам бостандықтарының тұлға мен мемлекет мүдделерінің, қоғамдық және жеке адамның мүдделерінің, мемлекет пен құқықтың арақатынастарының философиялық проблемаларында жатыр. Алғашқыда саяси-құқықтық ойда қоғамдық мүдделердің басымдылығы идеясы үстемдік құрып келді. Қоғамдық мүдденің, жалпы игіліктің басымдылығы идеясын әділетті деп санаймыз. Өйткені адам – қоғамдық тіршілік иесі, егер де ұжымдық мүдде қамтамасыз етілмесе, ұжымның жеке мүшелерінің мүдделері туралы сөз етудің қажеті жоқ. Жалпы игілікті, ортақ мүддені қамтамасыз етуге қабілетті бірден-бір институт мемлекет болып табылады. Сол себепті мемлекет жеке тұлғамен салыстырғанда басымдыққа ие болып келді. Негізінен мұндай тұжырым теологиялық көзқарастың, монархтың билігін құдай жаратты деген түсініктің шеңберінде қалыптасты.
Мемлекет қоғамның ең жоғарғы ұйымдасқан институты ретінде оның өмірінде барған сайын маңызды роль атқарып келеді. Бұл мемлекеттік биліктің ерекшеліктерінен келіп туындайды. Тек мемлекет қана бүкіл қоғамның ресми өкілі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әдеп ережелерін жариялауға және жария мәжбүрлеуді қолдануға айрықша құзіретке иелік етеді. Мемлекеттің егемендікпен байланысты маңызды белгісі ретінде мәжбүрлеу қолданылады. Біз оны субьектінің мінез-құлқына оның еркінен тыс әсер ету деп қарастырамыз. Мемлекет өзінің әлеуметтік қызметтерін табысты орындауы үшін оның шешімдерінің кепілдігі қамтамасыз етілуі тиіс. Мысалы діни билік сияқты әлеуметтік билік мәжбүрлеуге арқа сүйемейді (әсіресе ождан бостандығы бар кезде), оның дүниетанымдық сипаты бар: құдайға сенетіндер оған бағынды да, сенбейтіндер бағынбайды. Мемлекеттік билік болса, мемлекеттік мәжбүрлеуге арқа сүйейді.
Мемлекет саяси биліктің басты жиынтығы және саяси күштің орталығы ретінде кепілді тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті және осы мақсатта бассыздықтар мен озбырлыққа жол бермеу үшін басқа мемлекеттік емес құрылымдарға байланысты мемлекеттік билік үстемдік етуі тиіс. Бұл үстемдік егемендік ұғымы арқылы іске асырылады. Егемендік мемлекеттік биліктің үстемдігін және жария мәжбүрлеу мүмкіндігін қажет етеді. Мемлекеттегі барлық әлеуметтік күштер «билікті тек мемлекеттің тапсыруымен және мемлекеттің бақылауымен іске асырады» [4].
Қандай да болмасын әлеуметтік күштің (саяси партия немесе т.б.) ықпалының күштілігіне, қоғамдық көңіл-күйдің жағдайына қарамастан, мемлекеттік билік мемлекеттің бүкіл аумағына тарайды және мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдар арқылы ғана іске асырылады.
Жоғарыда баяндалғандарға сүйене отырып, мемлекеттік билік қоғамның тұтастығын, оның тұрақты қызметін қамтамасыз етудің ең тиімді құралдарының бірі болып табылады деп тұжырымдауға болады.
Тұлғаның әлеуметтік мүмкіншіліктерінің жүйесінде оның қоғаммен өзара қарым-қатынастарын білдіретіндері алғы шепке шығады [5]. Өйткені мемлекеттік биліксіз өмірді бейберекетсіздік жайлайды. Қоғамның мемлекеттік биліксіз өмір сүре алмайтындығы күмәнсіз. Ал оның жоқтығы немесе әлсіздігі қоғамның құлдырауына алып келеді. Өйткені мемлекеттік билік экономикамен бірге оның әлеуметтік өмірінің арқауы болып табылады. Оның үстіне билік қатынастарынсыз адамзат өркениетінің өмір сүруі мүмкін емес. Мемлекеттің қоғам өміріндегі осынша маңызды роль атқаруына қарамастан, осы кезге дейін мемлекеттің қоғам өміріндегі ролін шектеудің қажеттігі туралы, ал шектен шыққан нұсқаларда тіпті мемлекеттің жойылуы туралы (анархистердің пікірі, коммунистік қоғам туралы) пікірлер орын алып келді. Мұндай пікірлер толығымен негізсіз емес. Өйткені буржуазиялық революцияларға дейін мемлекеттік биліктің адамзат тарихында зорлық-зомбылық құралы ретінде пайдаланылып келгені белгілі. Мемлекеттік билік жария мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігіне иелік ете отырып, бір жағынан жалпы игілікті қамтамасыз етудің тиімді құралы, ал екінші жағынан, адамның құқықтары мен бостандықтары үшін ең үлкен қауіп ретінде көрініс табады. Буржуазиялық революцияларға дейінгі барлық мемлекет тәжірибесі мемлекеттік биліктің қоғамдық мүдделер туын жамылып, кей жағдайларда билік басындағылар мен байлардың мүдделеріне пайдаланғандығын, мемлекеттік биліктің зорлық-зомбылық құралы болғандығын дәлелдейді. Қандай жағдайда болмасын, жеке тұлғаның мүдделері есепке алынбай келді.
Мемлекетке байланысты жеке тұлға әруақытта да теңдік жағдайда болған емес. Мемлекет адамдарға өзінің еркін таңып, ол үшін мәжбүрлеу күшін пайдалана алады. Бейнелеп айтар болсақ, мемлекет адамдардың басынан «семсерін» сермеп келеді. Іс жүзінде бұл «семсер» адамға тән кемшіліктерден, нәпсі мен мүдделерден арылмаған жеке мемлекеттік лауазым иелерінің қолында. Олар өз биліктерін асыра пайдаланулары мүмкін. Сол себепті адамдарға орынсыз пайдаланылған «семсерден» қорғану үшін «қалқан» қажет. Мұндай «қалқанды» адам құқықтары құрайды. Оның мақсаты – адамдар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарын қауіпсіз ету, ал ол «қалқанның болуын, әрекет етуі мен нығайтылуын қамтамасыз ететін «күзетші иттер» құқық қорғау ұйымдары болып табылады [6]. Адам құқықтарының қалыптасуы ұзақ уақытқа созылды. Жеке құқықтар негізінен мемлекеттік биліктің заңсыз килігуінен азат болуды қамтамасыз етуге бағытталған. Әлеуметтік құқықтар тұлғаның мүдделерін мемлекеттің көмегімен қамтамасыз ету және іске асыру талаптарын қамтиды. Бұл құқықтар XX ғасырда пайда болды. Олар XVIII-XIX ғасырлардың конституциялық құқығына бейтаныс, принциптік жаңа құқықтар еді. Олар еңбек қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау мен білім алу, кәсіподақ қызметіне, сонымен бірге жастарды, әйелдерді, қарттарды қорғауға, отбасы мен аналарды қорғауға, ғылыми және шығармашылық бостандығына т.б. байланысты мәселелерді қамтиды. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың қазіргі адам бір өзі рыноктік стихия мен әлеуметтік қорғансыздыққа бетпе-бет келген, әлеуметтік және техникалық прогресс дәуірінде де маңызы артып отыр. Мемлекетке қолда бар ресурстардың негізінде мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі қосымша талаптар қойылуда.
Құқық пен заңдылыққа жаңаша көзқарас жалпы азаматтық құндылықтардың және тиісінше халықаралық құқықтың басымдылығына байланысты проблемаларды зерттеуде орын алып отырған парадигмаларды ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Құқықты жаңаша түсіну, сонымен бірге құқықтың мемлекеттен үстемдігі, адамның табиғи құқықтары мен бостандықтары, үлкенді-кішілі халықтардың егемендігі идеяларын біріктіреді.
Саяси құқықтардың құқықтық табиғаты қызық. Заң әдебиетінде саяси құқықтарды: 1) әртүрлі өкілеттілік және тікелей демократия формалары арқылы мемлекет пен оның органдарын ұйымдастыру мен қызметіне қатысу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктер; 2) қоғам өміріне белсенді араласу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктерге бөлу кездеседі. Аталған құқықтық өкілеттіліктердің бірінші тобы азаматтың мемлекеттің ісін басқаруға тікелей де, өзінің өкілдері арқылы да қатысуға кешенді құқығы деп тұжырым жасауға болады.
Азаматтың мемлекет істерін басқаруға қатысуға кешенді конституциялық құқығының құрамына енетін құқықтық өкілеттіліктер қоғам өміріне белсенді араласу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктермен (сөз және баспасөз бостандығы, жиналыстар мен манифестациялар бостандығы, бірігу құқығы) тығыз байланысты. Мысалы, сөз және баспасөз бостандығынсыз азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы бос сөз болып шығар еді. Өйткені депутаттыққа және басқа да сайланатын лауазымдарға кандидаттар мен сайлаушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқықтарында шектелген болар еді; бірлестіктер құру құқығының жоқтығы азаматтардың саяси партиялар арқылы өз кандидаттарын Парламент депутаттығына ұсыну құқығын теріске шығарған болар еді. Қоғамның саяси өміріне қатысу жөніндегі аталған құқықтық өкілеттіліктер бір мезгілде азаматтың мемлекет істерін басқаруға қатысуға конституциялық құқығын іске асыру механизмі, кепілі және шарттары болып табылды. «Мемлекет» және «қоғам» деген ұғымдардың этимологиялық тұрғыдан тұтастық және оның бөлігі ретінде сәйкес келетіндігінен, қоғамдық өмірге араласу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктердің бір мезгілде мемлекет істерін басқаруға қатысу жөніндегі құқықтық өкілеттіліктер қызметін атқара алатындығын есте ұстау қажет. Саяси құқықтардың маңыздылығы сол, олар бастапқы өмірлік, ең алдымен өмірдің өзін ұстап тұруға тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыруға тиісті әлеуметтік-экономикалық құқықтары үшін күрестің құралына айналады. Соңғы жылдары етек алған митингілер, ереуілдер, аштық жариялау, азаматтық бағынбау актілері әлеуметтік-экономикалық құқықтары үшін күрес құралдары болды. Сот процестерінің көпшілігі де нақ осы бастапқы, шын мәнісінде, экономикалық құқықтарды қамтамасыз етуге байланысты болды. Оларға кепілдік берілмейінше, саяси құқықтар тұлға үшін екінші дәрежедегі мәселелер болып қалады. Осыдан келіп демократиялық мемлекеттің міндеті кез-келген құқықты іске асыру үшін жағдай жасау деген қорытынды туындайды.
Адам құқықтары мен бостандықтары жүйесінде бірлесу құқығына ерекше орын берілген. Бұл ҮЕҰ ұлттың гуманитарлық капиталын дамытудағы, елдің ұйымдық және интеллктуалдық әлуетін біріктірудегі, жалпы жауапты азаматтықтың сапасын арттырудағы атқарып келе жатқан роліне байланысты. ҮЕҰ-дың өздерінің әлеуметтік маңызды қызметтерін табысты орындауы үшін қоғамның тұрақтылығына, тұлға мен қоғамның әлеуметтік белсенділігі мен жауапкершілігінің артуына мүдделі мемлекет шешуші роль атқаруға тиіс.
Сонымен, мемлекет зорлық-зомбылық құралына айналмауы үшін оның билігіне құқықпен шектеу қою керек. Құқықтық мемлекет идеясы дамудың ұзақ жолынан өтті және ол құқық пен заңды қарама-қарсы қою, мемлекетті күш пен құқықтың бірлігі немесе құқықтық заңмен шектелген билік ретінде түсіндіру дәстүрінің пайда болуы мен дамуына байланыстырылады. Бұл дәстүр ежелгі грек саяси ойынан бастау алған болатын. Нақ осы дәуірде мемлекет туралы өз қызметін заңға негіздейтін және бостандықты қамтамасыз ететін ұйым ретінде алғашқы түсініктер қалыптасты. Мемлекет туралы мұндай түсініктер көп жайғдайда билік пен бостандықтың әділетті арақатынаста болуын іздеумен байланысты болды.
Құқықтық мемлекет бастауларын Сократтың, Платонның, Аристотельдің, Цицеронның көзқарастарынан табуға болады. Құқықтық мемлекет туралы идея құқықтық мемлекет туралы буржуазиялық ілімнің негізін салушы және классигі Иммануэль Канттың еңбектерінде толық және жан-жақты дамытылды.
Мемлекет – адамдардың өз игілігін қамтамасыз ету мен қорғауы үшін біріккен одағы деп түсініледі. Бұл одақтың, бірліктің негізі әртүрлі құқықтық, адамгершіліктіқ, ұйымдық-еңбектік т.б. болуы мүмкін. Мысал үшін, И. Кант осындай пікірді ұстанған, оның ойынша, мемлекет игілігі мемлекеттік құрылыстың адамдарды категориялық императивтің көмегімен олардың бостандығының жалпы мөлшерімен біріктіретін құқықтық принциптермен үйлесімділігінде болып табылады [7].
Мемлекет – бұл жария-биліктік қатынастар және институттар құратын белгілі ұжымдық, қауымдастық. Бұл арада мемлекет пен құқық адамгершілік идеясының обьективтену формасы ретінде қарастырылады. Мемлекет – жанды қоғамдық организм болып табылады. Сол себепті Гегель, бір жағынан, тұлғаның азаматтық бостандығы мен, екінші жағынан, мемлекеттің бірлігін ұсынады. Мұндайда олардың бостандықтары бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше, тұтас бостандықты – өзіне жеке тұлғалар мен халық өмірінің аяларының бостандықтарын біріктіретін мемлекеттік-ұйымдасқан халықтың (ұлттың) бостандығын құрайды. Өйткені «құқық жүйесі бостандықты іске асыру патшалығы болып табылады» [8].
Бүгінгі таңда көптеген елдер бұл идеяны қоғамның тиімді өмір сүруін қамтамасыз ету құралы ретінде қолдануда. Дегенмен адамзат ойының тарихында әртүрлі елдерде адамның құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның, мемлекеттің және тұлға мүдделерінің ара қатынасына әр түрлі көзқарастар орын алғандығы белгілі.
Табиғи-құқықтық доктринаның негізінде құқықтану мен мемлекетті түсінудің либералдық-демократиялық дәстүрінде мемлекет идеясы бостандық идеясымен тығыз байланысты. XX ғасырдың басында Кант пен Гегельдің Құқық Идеясы мен Бостандық Идеясының байланысы туралы пікірлерін көрнекті орыс құқықтанушылары да бөлісті: «Құқықтың басты және маңызды мазмұнын бостандық құрайды» [8].
Бірақ буржуазиялық қоғамның саяси-құқықтық ойы бірден негізгі екі ағымға бөлінді. Оған себеп болған нәрсе құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаушы екі қағида көзқарас еді. Біріншілері (Смит А., Локк Ә., Милль С., Кистяковский Б., кейінірек Хайек Ф., Фридмен М. және басқалары) маңызды фактор деп жеке бостандықтарды (жеке бастың, экономикалық, саяси) санады да, құқықтық теңдік пен нарықтық қатынастар жүйесіндегі табысқа жетуге мүмкіндіктер теңдігін әділеттілікті орнатуға жеткілікті шарттар деп санады. Құқықтық мемлекеттің екінші маңызды белгісі іс жүзіндегі теңдік деп есептеген. Бұл әділеттілік туралы түсініктің біртіндеп өзгеруіне байланысты болды. Буржуазиялық қоғамда адамның әлеуметтік мәртебесі көпшілігінде оның материалдық жағдайына байланысты болды. Зерттеушілер тұлғаның құқықтық мәртебесінің тек саяси теңдікті ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық теңдікті қамтамасыз етуден тікелей тәуелді екендігі туралы айта бастады.
Құқықтық мемлекет сипаттамасын толықтырған бұл жаңа сипаттамаларға қазіргі мемлекет танушылардың, әлеуметтанушылардың, құқықтанушылар мен Батыстың ғылыми әлемінің басқа да өкілдерінің көптеген еңбектері арналған. «Молшылық мемлекетін» талдау мен жіктеу және олардың болашағын болжаумен айналысатын әртүрлі елдердегі ағылшынша жазатын оқымыстылардың көптігі сонша, ғылыми дүниеде нағыз «молшылық» мемлекетінің индустриясының» пайда болуы туралы айтуға болады [9].
Бірақ шындық жағдай толығымен осылай емес. XX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік мемлекеттің индустриядан кейінгі қоғамдардың жүйесіне толық және тығыз енгендігі соншалық, оның қазіргі жағдайы мен одан әрі даму үрдісін және реформалануын зерттеуден бас тарту тіпті мүмкін емес. Осыған байланысты авторлардың көпшілігі тікелей осы мәселе туралы емес, басқа проблемалар туралы жазып, оның қоғамдық қызметі туралы өз пікірлерін білдіруде. Әртүрлі елдерде ұлттық ділдің, тарихи процестердің қайталанбас өзгешеліктеріне сәйкес әлеуметтік мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктеріне, зерттеушілердің азаттыққа, теңдікке және әділеттілікке деген көзқарастарының түрлішелігі бұл фономенді ғалымдардың түрліше түсінулеріне алып келді. Қандай мемлекетті толық әлеуметтік деп санауға болатындығының бірыңғай өлшемдері тұжырымдалмай келеді. Мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік-бағдарлы саясатының сипаты мен бірізділігінің конституциялық кепілдіктердің бар не жоқ екендігінен тікелей тәуелділігі, әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтырдың мәртебесі, мемлекеттің ішкі қоғамдық процестерге араласуының дәрежесі, әлеуметтік мемлекеттің міндеттері мен оның қызметтерінің ауқымы туралы мәселелер ашық қалып келеді [10].
Сөйтіп, құқықтық мемлекетті белгілі бір құқықтық мәдениет шеңберінде түсіну ерекшеліктеріне қарамастан, бұл жерде біріктіруші белгі құқықтық мемлекеттің ең алдымен мемлекет, қоғам және тұлға араларындағы құқықтық қарым-қатынастар сипатының түбегейлі өзгеруінің нәтижесі екендігі болып отыр. Құқықтық мемлекет – қызметі конституцияның және оның негізінде жарияланған заңдардың шеңберімен шектелген мемлекет. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі – ол кез-келген нағыз құқықта бар әділеттіліктің адамгершілік идеясына және басқа да адамгершілік құндылықтарына сәйкес келуге тиісті заңдардың сапасы мен сипаты болып табылады. Заңдардың мұндай сапаға сәйкес келуін қамтамасыз ету – бұл құқықтың тұрақты және үздіксіз болып табылатын мәнін іздеу процесі.
Құқықтық мемлекеттің мәндік белгісі кез келген, тіпті барлық заңды рәсімдерді сақтау жолымен қабылданған заңның емес, нағыз құқықтық заңның үстемдігі, жоғарылығы болып табылады. Құқықтық мемлекетте құқық пен заңның арасы ажыратылады. Құқық пен заңды ажыратудың басты мағынасы құқықтың адамгершілік, әділеттілік, теңдік мұраттарының бейнесі ретіндегі ерекшеліктерін мойындауда жатыр.
Мемлекеттің жария саяси билігі құқық бейнесінде көрініс табуы керек. Танымал зерттеуші Нерсесянц В.С.: «Құқық жөнінде бостандықтың өлшемі (нормасы, формасы) ретінде әңгіме еткенде, біз ішкі шешімдердің құқық аясынан тыс емес, адамдардың сыртқы әрекеттеріндегі мінез-құлқының аясындағы бостандықты меңзеген едік», – дейді [11].
Қазіргі уақытта мемлекет туралы жария саяси биліктің ұйымы деу жеткіліксіз, мемлекет туралы ол құқықтық сипаттағы жария саяси билік ұйымы деп тану қажет. Осы тұрғыдан Матюхин А.А. мемлекетті жай ғана «қоғамдық, таптық, әлеуметтік-топтық және басқа да қатынастарды реттестіру үшін тарихи пайда болған институт, қоғамның бөлінуінің нәтижесі ретінде ғана емес, сонымен бірге тарихи қалыптасқан және өзінің барлық әлеуметтік-мәдени формаларында тек қана құқық аясында әрекет етуші институт ретінде қарастырады [12]. Яғни автордың мемлекет деп түсінетін құбылысын құқықтан тыс елестету ақылға сыйымсыз.
Мұндай түсінікте мемлекет адамзат өркениетінің дамуында шешуші роль атқаратын үлкен әлеуметтік және мәдени құндылық болып табылады. Мемлекет қоғамға әлеуметтік тәртіп, тұрақтылық әкелді. Осыған байланысты неміс ойшылы, таптық теорияның негізін салушылардың бірі Ф. Энгельс мынандай орынды пікір айтқан болатын: «Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің жемісі» [13].
Қоғам қарама-қарсы таптарға бөлінгеннен кейін мемлекеттің принципінде жаңа қызметі – ауқатты таптың мүддесін және оны кедей таптың қаһарынан зорлық-зомбылық қолдану арқылы қорғау пайда болды [13].
Бұл тұрғыдан мемлекетті түсінудің легистік көзқарасының кемшіліктері ашықтан-ашық көрініп тұр. Баршаға мәлім, XIX ғасырда пайда болған бұл көзқарас Г. Кельзеннің еңбектерінде өзінің толық тұжырымын тапқан болатын. [14]. Легистік тұжырымдаманың тұрғысынан қарағанда мемлекет заңды түрде рәсімделінген саяси билік аппараты деп түсіндіріледі. Яғни мемлекет оның органдарының қызметін реттестіруші заңдармен теңдестіріледі. Мұндай пікір деспоттық, зорлық-зомбылық тәртіпті де мемлекеттік деп есептеуге болады. Өйткені ол заңдарда бекітілген, ал заңдар мазмұндарының қандай екендіктеріне қармастан құқық деп саналады деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Легизмнің бұл тұжырымдамасының осал жері сол, мұнда құқық пен заңның арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Осыдан келіп легизм тұжырымдамасы мемлекет пен деспотияны ажыратуға мүмкіндік бермейді, өйткені біріншісін заңмен рәсімделінген кез келген мағынадағы саяси билік аппараты деп қарастырады деген тұжырым жасауға болады.
Біз атаған мемлекетті либертарлық түсінудің тұрғысынан мемлекетті түсінудің әлеуметтік көзқарасын да сынауға болады [15]. Бұл көзқарас тұрғысынан мемлекет формасы мен мазмұнына қарамастан кез келген типтегі жариялық биліктің ұйымдасуы, саяси күші ретінде қарастырылды. Бұл тұжырымдаманың негізінде мемлекеттің заңды табиғатын теріске шығару және оның күш қолдану табиғатын абсолюттеу жатыр. Мемлекеттің басты міндеті – оның билікті іске асыруға ерекше құзіреті, ал мемлекеттің мәні оның ұйымдасқан зорлық-зомбылық немесе саяси күш ретінде құқықпен шектелінбейтіндігінде және осыған байланысты өзінің қоластындағылардың бостандығының өлшемін өз қалауынша белгілейтіндігінде. Бұл мемлекеттің деспоттық билікке айналуына алып келеді, өйткені мұнда күш алға шығып, заңдар артқа ысырылған. Жоғарғы билік заңды түрде де, заңсыз да іске асырылады. Мұндайда заң (құқық) дегеніміз жоғарғы билік нені қаласа, сол, яғни егеменді биліктің еркін білдіру болып шығады. Әлеуметтік тұжырымдама мемлекеттік биліктің өкілеттіліктері заңмен реттестірілуі мүмкін, бірақ мемлекет үшін заң міндетті емес деп санайды. Бұл тұжырымдаманың екінші бір нұсқасы – ол мемлекеттің маркстік-лениндік тұжырымдамасы. Мемлекеттің әлеуметтік тұжырымдамасы адамның табиғи құқықтары мен құқықтық мемлекет ұғымын теріске шығарады. Сонымен бірге барлық субьективтік құқықтар заң шығарушы еркінің туындысы деп саналады. Оның шеңберінде саяси билікті шектейтін конституциялық және халықаралық құқықтардың табиғатын түсіндіру мүмкін емес.
Біз атап көрсеткен мемлекет туралы екі көзқарас та мемлекеттің құқыққа, адам құқықтарына байланысты үстемдігін дәлелдейді. Ал мемлекет деп формасы мазмұнынан тәуелсіз жария саяси биліктің кез келген типтегі ұйымын түсінеді.
Әрбір мемлекетке өзіндік даму жолы тән. Мемлекеттердің қауымдастығы және одақтарын, институттарының жүйесін құрарда олардың мүшелері – көптеген қазіргі еуропалық мемлекеттер – көп жағдайларда төл мемлекеттік-құқықтық дамуларының тұжырымдық құрылысы мен тәжірибесін пайдаланған [16].
Жаңа заманның «құқықтық көзқарасының» алғашқы негізін салушыларының бірі Гуго Гроций әділеттілік идеясына құқықтың қажетті белгісі деген анықтама берген: «Өйткені, құқық дегеніміз тек әділетті дегенді ғана білдіреді және көбінесе жағымды емес, жағымсыз мағынада, өйткені әділеттілікке не қарама-қайшы болмаса, сол құқық болып есептелінеді» [17].
Біздің пікірімізше, мемлекетті түсінудің әлеуметтік және легистік көзқарастар болашағы онша емес, өйткені олар мемлекет құдіретіне бас июшілікке жәрдемдесіп, зорлық-зомбылыққа, авторитаризм мен тоталитаризмге қарсы тұру мүмкіндіктерін кемітеді.
Тарихтың, әсіресе, XX ғасыр тарихының қайғылы оқиғалары, атап айтқанда фашистік және тоталитарлық режимдердің орнатылуы – мұның анық куәсі. Сол себепті қазіргі шындық жағдайында ғылыми тұрғыдан болашағы және қоғамдық практика үшін маңызы бар деп либертарлық тұжырымдаманы есептеу дұрыс сияқты. Бұл тұжырымдаманың шеңберінде жалпы игілік, қоғамдық мүдде және жеке тұлғаның бостандықтарының арақатынасы проблемасының қалай шешілгендігіне қысқаша тоқталып өтейік. Либертарлық көзқарас шеңберінде жеке адамдардың бостандығына тура келетін, бірақ қоғамдық тәртіпке қауіп туғызбайтын әділеттілікті мөлшерлеу мен оған кепілдіктер беру проблемасы формальды теңдік қағидасын тұжырымдауға алып келді. Бұл принцип қазіргі кезде билік пен әділеттілік негізделінетін басты идея болып табылады, ал мемлекетке байланысты бұл барлық азаматтарға, олардың ортақтастықтары мен бірлестіктеріне алалаусыз, бірдей қарауды білдіреді. Мемлекет егемендігі мемлекеттік билік үстемдігін, бірақ шексіз күшті еместігін білдіреді. Егемендік тек заң шеңберінде әрекет етуші күшті билікте көрініс табады.
Мемлекеттің құқықтық табиғаты формалды теңдік іске асырылушы, ал құқық бостандық, әділеттілік, теңдік, гуманизм және ортақ игілік сияқты мәңгілік идеялар мен құндылықтарды білдіретін институт ретінде түсінілетін қазіргі демократиялық мемлекеттерде көрініс табуда. Мұндайда идеологиялық плюрализм, жариялылық, көппартиялық, еркін сайлау, биліктің бөлінуі, заңның үстемдігі, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жоғары құқықтық мәдениет, беделді және тәуелсіз сот, дамыған азаматтық қоғам басымдық жағдайда. Мұндай мемлекетте барлық қатынастардың негізіне барлығына-азаматтар үшін де, конституциялық монархиядағы монархтарға дейінгі мемлекеттік билік субьектілері үшін де бірдей және міндетті заң алынған. Құқықтық мемлекеттің бар екендігін анықтауға мүмкіндік беретін өлшем деп қарапайым сот тәртібімен кез келген, соттың өзінде қоса, мемлекеттік құрылымға байланысты заңдылықты қалпына келтіру мүмкіндігін есептеуге болады.
Құқықтық мемлекеттің негізінде дамыған нарықтық экономика мен саяси ұйымдардан тыс азаматтардың қалаулары бойынша заң шеңберінде іске асырылатын азаматтық қатынастар жатады. Құқықтық мемлекет пен демократия өзін-өзі басқаратын нарықтық шаруашылық негізінде пісіп жетіледі. Құқықтық мемлекеттің төл сипаты ретінде биліктің қоғамда шексіз билікке ұмтылысына тойтарыс беретін биліктің бөлінуі, мемлекеттің барлық қызметіне тиісті бақылау жасау мүмкіндігі, саяси қызметке байланысты жариялылық т.б. болып табылады. М.И. Байтиннің пікірінше, «билігінің шегі оның органдарының құрылуы, өкілеттілігі, қызметі қатаң түрде құқыққа негізделінетін және ең жоғарғы борышы адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау болып табылатын демократиялық, өркениетті мемлекет құқықтық болып саналады. Қазір ол мемлекет дамуының сан ғасырлық тарихындағы ең жоғарғы саты [18].
Мемлекетке байланысты жеке адамның (тұлғаның) бостандықтарына кепілдік беру. Бұл принцип іс жүзінде адамның негізгі құқықтарын нақтылаудан көрініс табады.
Заңдардың әрекет ету күші жұрттың барлығы үшін бірдей болуы керек және барлық азаматтар заң алдында бір-бірлерімен тең болулары керек деген көзқарастан көрініс табатын құқықтық теңдік.
Құқықтық қауіпсіздік, мемлекеттік әрекеттің салыстыруға болатындығы [19, 16 б.]. Өзара жауапкершілік қағидасы мемлекетті келісімдік деп түсінуге негізделген. Мемлекет адамдардың өздерінің игілігін қамтамасыз ету мен қорғау үшін құрылған одағы, бірлестігі ретінде мемлекеттік құрылыстың адамдарды категориялық императивтің көмегімен олардың бостандығының жалпы мөлшерімен біріктіретін құқықтық қағидалармен үйлесімін білдіреді. Мемлекетті осылайша түсінуден келіп, мемлекет пен тұлға бір бірлерінің алдында жауапкершілікте болып саналады. Азамат конституцияны сақтауға, заңды құрметтеуге, қоғам мен мемлекет алдындағы өз міндеттерін абыроймен іске асыруға міндетті. Мемлекет болса, билік негізінде азаматтардың бостандығына, қауіпсіздігіне кепілдік беруі, қоғамның тұтастығы мен оның лайықты тіршілік етуі, жалпы адамзаттық құндылықтарды іске асыру арқылы экономикалық және рухани факторлардың көмегімен қол жеткізуге жағдай тудыруға міндетті. Өзіне деген сенімді ұстап тұру үшін мемлекет өзінің тигізген зияндарының орнын толтыруға міндетті.
Құқықтық қауіпсіздік, мемлекеттік әрекеттің салыстырмалылығы қағидасы:

  • азаматтардың мемлекетке деген сенімін қорғаудан, яғни мемлекеттің өзіне деген сенімді сақтау үшін өзінің тигізген зиянының орнын толтыруға міндеттелген;

  • заңға кері күш беруге тыйым салуды;

  • заңдардың дәлме-дәл және анық болуларын талап етуді;

  • шектен тыстыққа тыйым салуды, яғни мемлекеттік тұлғаның бостандығына қол сұғуы тек осы қолсұғушылық қойылып отырған мақсатқа мөлшерлестіктен аспайтын жағдайда ғана (мөлшерлестікті, шектен шықпауды талап ету) құқығы бар екендігін;

  • мемлекеттік қызметтің анықтылығы мен болжамдылығын мойындаумен құқықтық қамтамасыз етілуінен көрініс табады.

Бұл қағиданың неміс мемлекеттанушылары мен құқықтанушыларының еңбектерінде жан-жақты және байсалды түрде зерттелгендігін және Германияның заңдарында бірізділікпен іске асырылғандығын атап өткенді жөн көрдік. Бұл қағида Германия Конституциясында бекітілген. Мысал, негізгі заңның 34-бабында мемлекеттің өзінің органдарының әрекеті үшін жауапкершілігі тұжырымдалған. 14-бапта мемлекеттің тұлғаның ісіне араласуы оған ерекше зиян тигізген жағдайда өтемақы төлеу бекітілген [20].
Жоғарыда айтылғандай, құқықтық қауіпсіздік қағидасы белгілі дәрежеде мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидасының құрамына енеді. Сол себепті мемлекеттің тұлғаның бостандығына қол сұғуына құқығы бар жағдайларды жалпы қарастырып өтуді қажет деп санаймыз. Мысалы, батыс елдердің жаңа конституцияларының ешқайсысында жекеменшіктің қасиеттілігі мен оған қолсұғуға болмайтындығы туралы айтылмайды, керісінше, меншік міндет жүктейді, ол көпшілік игілігіне қызмет етуі керек деп жарияланған, тіпті жеке меншікті мемлекет қарамағына алуға рұқсат етіледі. Бірақ мұндайда үш шарт сақталуға тиіс: қоғамның (жеке әлеуметтік топтың емес) мүддесі үшін. Парламент қабылдаған заңның (декреттердің емес) негізінде, барабар құнын, кейде алдын ала төлеген, ал оның мөлшері даулы болған жағдайда сот белгілеген (лауазым иегерінің шешімімен емес) мөлшерде төлеген жағдайда. Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен сот тәжірибесіне енгізілген тиісті өзгертулер тек айыптаушылардың ғана емес, сонымен бірге нақтылы іс бойынша сотқа қатысушы басқа да тұлғалардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кең көлемді шеңберлер қояды.
Қазақстан тәжірибесіне келер болсақ, біз бұл жерде мемлекет құқықтарын шектен тыс әсірелеуді және саяси биліктің өзінің қызметі үшін жауапсыздығын байқаймыз. Оның үстіне Қазақстан заңдарында, атап айтқанда ҚР Конституциясында құқықтық қауіпсіздігі қағидасының анық тұжырымдал-мағандығын атап көрсетуіміз керек. Өкініштісі, Конституцияның бірде бір бабында мемлекеттің өз органдарының әрекеті үшін жауапкершілігі анық көрініс таппаған.
Құқықтық қауіпсіздік, мемлекеттік әрекеттену салыстырмалылығы принципі ең алдымен заң шығару мен заңды қолданудың, заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәлдігі мен анықтығы сияқты тұстарын қатаң реттестіріп отырады.
Сонымен, мемлекет өркениет пен мәдениеттің жемісі, оның әлуеті тек құқықпен тығыз байланыста болғанда ғана ашылады.
Құқықтық мемлекет идеясы – ортақ мүдде мен адам бостандығының арақатынасының проблемаларын ой елегінен өткізудің нәтижесі. Ортақ мүдде мен жеке адамның мүдделерінің әділетті түрде бірігуіне мемлекетте формалдық теңдік принципін іске асыру көмектеседі. Бұл заңның, құқықтың, соттың жұрттың барлығына, әркімге, оның ішінде мемлекетке де, оның органдары мен лауазымды тұлғаларға да алаламай, бірдей қарауы тиіс дегенді білдіреді.
Заң мен сот алдында құқық субьектілерінің барлығы, оның ішінде мемлекет пен оның органдары да тең. Мұндай жағдайда мемлекет жария саяси биліктің ұйымдасуы мен қызметінің құқықтық формасы ретінде көрініс табады да, мемлекеттік билік құқық шеңберіне енгізіледі.
Нәтижесінде тұлғаның бостандығы билік үшін шек болып табылады да, құқық тұлғаның бостандығы мен қоғамның мүдделерінің әділетті арақатынасын орнату құралына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет