Медициналық іріктеу –жаралылар мен науқастарды біртекті емдеу, тасымалдау және алдын-алу шараларын көрсету белгілеріне қарай медициналық көрсеткіштеріне, көрсетілетін медициналық көмек көлеміне, тасымалдау тәртібіне сәйкес топтарға жіктейді.
Медициналық іріктеу кезінде жаралылар мен науқастар келесі топтарға бөлінеді:
санитарлық тазалау мен оқшаулауды қажет етуіне байланысты;
медициналық көмек көрсету орны мен оны көрсетудің тәртібіне байланысты;
ары қарай тасымалдау мүмкіндігі мен дұрыстығына, тасымалдауда пайдаланылатын көлік түріне, көлікпен тасу тәртібі мен түріне, тасымалдаудың тағайындалуына байланысты;
Медициналық іріктеу нәтижелері арнайы іріктеу маркілерінде белгіленеді, сондай-ақ, медициналық карточкада, науқас тарихында да көрсетіледі.
«Медициналық тасымалдау» түсінігінің анықтамасы, оның мағынасы мен маңызы.
Медициналық тасымалдауды ұйымдастыру
Медициналық тасымалдау деп жаралылар мен науқастарға дер кезінде және толық көлемде медициналық көмек көрсету және емдеу мақсатында медициналық пункттер (роталар) мен емдеу мекемелеріне жеткізу шараларының жиынтығын айтамыз.
Жаралылар мен науқастарды тылға жеткізу жолдары – медициналық эвакуациялау жолдары деп аталады.
Әскердің белгілі бір топталуын қамтамасыз ететін эвакуациялау жолдарының жиынтығын ұйымдастырылған медициналық пункттер (роталар), емдеу мекемелері және санитарлық-транспорттық құралдар –эвакуация бағыты деп аталады.
Жаралылар мен науқастарды тасымалдау мақсатында түрлі көлік құралдары пайдаланылады:
А) автокөліктер
– санитарлық автокөліктер (УАЗ-3962, АС-66);
санитарлық автобустар –(ПАЗ -672, ЛАЗ- 695, ЛИАЗ және т. б.):
теміржол - әскери санитарлық ұщпа.
әуе- жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталғанг жолаушылар ұшағы;
жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталған көліктік тікұшақтар.
Су (теңіз және өзен)- жаралылар мен науқастарды тасу мақсатында қайта жабдықталған жолаушылар су-көлігі.
Санитарлық-транспорттық құралдарды пайдалану жаралылар мен науқастарды тасымалдауды толық қатамасыз ете алмауы себепті бұл мақсатта көліктердің қайтар жолын да қосымша пайдалану қажеттігін туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |