II. Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды емдеу
Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету және оларды емдеуді ұйымдастыру үшін медициналық көмек пен емдеу мекемелерін бірнеше бөліктерге бөлген дұрыс. Мұның мәні – бейбіт кезеңде бір жерде көрсетілетін көмек пен емдеудің бірыңғай үрдісі, соғыс жағдайында түрлі уақытта бірнеше жерде көрсетілетін жеке емдеу шараларына бөлінеді.
Аталған шаралар толығымен тікелей соғыс даласында ( жаппай санитарлық шығын ошақтарында), майданнан тылға тасымалдау жолдарында белгілі бір ретпен орналыстырылған медициналық пункттер мен емдеу мекемелерінде іске асырылады.
А. Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) жөнінде түсінік. Оны ұйымдастырудың сызбасы, орналастыру аймағына қойылатын талаптар.
Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) деп тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастарды қабылдау, іріктеу, оларға медициналық көмек көрсету, емдеу және ары қарай тасымалдауға дайындау үшін ұйымдастырылған медициналық қызметтің күштері мен құралдарын айтамыз.
Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері:
Полктың (бригаданың) медициналық пункті (ротасы (П(Бр)МП(Р));
Дивизияның жеке медициналық батальоны (ЖмедБ), АБМО;
әскердің жеке медициналық отряды (ЖмедО);
майданның госпиталдық базасының емдеу мекемелері (госпитальдар);
тылдық госпитальдар.
МТК құрамында:
іріктеу – тасымалдау (БрМП(Р), ЖмедБ, ЖмедО) немесе қабылдау-іріктеу бөлімдері (госпиталдық базаның емдеу мекемелері)- жаралылар мен науқастарды қабылдау мен іріктеуді қамтамасыз етеді, оларды орналастырып, тасымалдауға дайындайды;
арнайы тазалау бөлімі (алаңы) –жаралылар мен науқастарды санитарлық тазалауды, олардың киім-кешегі мен қару-жарағын дезактивациялауды, дегазациялауды және дезинфекциялауды іске асырады;
медициналық көмек көрсету бөлімі –БрМП(Р)-нің байлап-таңу бөлімі, дивизияның ЖмедБ-ның немесе госпитальдың операциялық байлап-таңу бөлімі;
госпитальдық бөлім-госпитальдық базаның госпитальдарында ғана болады.
МТК орналастыру ауданы қалыптасқан жағдайды ескеріп таңдалынады. Дегенмен, барлық жағдайда МТК жеткізу және тасымалдау жолдарына, су көздеріне жақын, жаудың назарын аударатын объектілерден алыс, бөлімшелерді орналастыруға, оларды қорғауға, күзетуге, жасыруға ыңғайлы ауданда ұйымдастырылуы тиіс.
МТК орналастыру ауданы шығын ошақтарына жақын жерде ұйымдастырылып және қойылған міндеттерді шешуді, жаралылар мен науқастарға медициналық көмекті қысқа мерзімде көрсетуді (алғашкы дәрігерлік – алғашқы 4-5 сағат ішінде, білікті –жарақат алған сәттен бастап
8-12 сағат ішінде), ал ФУЗ-пен зақымданған кезде-алғашқы дәрігерлік көмек
2-4 сағат барысында, білікті терапевтік-интоксикацияның пайда болуынан бастап есептегенде 6-8 сағат ішінде көрсетуді; берілген жерде ұзағырақ жұмыс істеу; медициналық бөлімдер мен бөлімшелердің өміршеңдігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |